Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»

48

Сабақтың тақырыбы: Қожа бейнесі «Түбінде адам болатын бала»

Мақсаты:

а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың түрі: жинақтау

Әдіс-тәсілдері: пікірталас, СТО технологиялары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Амандасу, түұгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық.

Жаңа сабақ

Сабақтың өтілу жоспары:  1. “Өзін жазатын жазушымын”

                                                 2.Талдау (эмпериялық, эвристикалық талдау)

  1. “Менің атым-….”ой толғау (есімдер тарихы)                                           
  2. Бұл сөздер кімге арналған?

                                                  5.Балалардың  сүйікті  фильмі

  1. Пікірталас “Ұнамды, ұнамсыз Қожа”
  2. Дәптермен жұмыс “Теріп алу ” стратегиясы
  3. Тақтамен жұмыс : басты кейіпкерлерге мінездеме  
  4. “Бұл кім?” кейіпкерді тану

10.Шатасқан оқиғалар тізбегі 

  1. Ой тастау :“Әдепті жолға түсуге болады ма екен?”

Тест

Үй тапсырмасы

Бағалау

Үй тапсырмасын пысықтау «Өзін жазатын жазушымын»

‘Бердібек Соқпақбаев’ — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

Чемпион» повесі (1951)

«Алыстағы ауылда» повесі (1953)

«Менің атым Қожа» повесі (1957)

«Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)

«Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 — 1 т., 1974 — 2 т.)

«Қайдасың, Гауһар?» (1966)

Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

«Менің атым…» тақырыбында ой толғау.

Сендерге қандай есімдер ұнайды?

Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

Оқушы:Балаға ат қою дәстүрі

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына , әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған.  Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас болып келеді.

Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б

Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б

Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б

Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).

Қандай дәстүр туралы айтылған?

Шілдехана –жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

Қазір бұл дәстүр сақталған ба?

Мұғалім«Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

I Қызығушылықты ояту сатысы.

 

«Ой қозғау» стратегиясы  .

Жауап: Қожаға Бұл теңеулер шыгармадағы  басты кейіпкер Қожаға арналса сабағымызды  одан әрі  жалғаймыз Сабағымыздың тақырыбы: «Түбі  адам болатын бала»

 

II Мағынаны тану сатысы

«Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.

І топ – Жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді

ІІ топ – Даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.

 

Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді.

Топтастыру

Қожа -жақсы бала
Қожа- тентек бала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

 

                                               Ой толғаныс сатысы

Тест тапсырмасы

«Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть» С) «Менің де атым Қожа»  Д) «Балалық шаққа саяхат»

Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай   В)Қожаберген     С)Қожатай     Д) Қожаберді

Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова     В) Майқанова    С) Қадырова     Д) Трсынбаева

«Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан     В) Анасы     С) Ахметов     Д) Майқанова

«Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

Венн диаграммасы

 

                                           Жақсы                            Жаман

 

Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

 

кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге баға
1 Қожа
2 Жантас
3 Жанар
4 Майқанова

 

«Түртіп алу» стратегиясы

 

V – “білемін” ― — “мен үшін түсініксіз” + — “мен үшін жаңа ақпарат” ? – “мені таң қалдырады”
       

Бағалау

Үй тапсырмасы

  1. Элетрондық оқулықтан «Балалықтан даналыққа» тақырыбнда видеоролик тыңдату
  2. «Балалықтан даналыққа» тақырыбында эссе жазу

Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына  еркіндік беріледі

Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Жан дүниесін тәрбиелейді.

                                           

 

 

 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,    

                                     №15 орта мектептің

                                              І санатты қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі

                     Кожанова Зинаида Курбанбаевна