Көксерек – табиғаттың тағы перзенті.

 Жакупова Назия Казымовна

№41 жалпы білім беретін орта  мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Көксерек – табиғаттың тағы перзенті.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Көксерек» әңгімесін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап, адамдар мен қасқырлардың іс-әрекетін талдау.

Дамытушылық: Оқушылар өз пікірін еркін, ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге машықтандыру

Тәрбиелік: Әңгімедегі табиғат заңдылығын түсіне білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

     Сабақтың әдісі: СТО, зерттеушілік конференциясы.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезовтің портреті, Көксеректің суреті, «Көксерек», «Шал» фильмдерінен үзінді.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушыларды түгендеу

  • Кезекшілермен жұмыс
  • Көңіл – күй тренингін ұйымдастыру
  • Оқушыларды түрлі түсті фигуралар бойынша топқа бөлу

Қызығушылықты ояту

Ассоциация жасау

тірі                ит-құс                түз тазысы

 

 

өте ызалы

                     Көксерек

долы

 

жыртқыш                                                                              жасыл көз

 

 

ызақор                                                                                  жорытушы

 

қомағай                                         көкжал

 

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты мекені, алтын ұя тал бесігі. Табиғат – айналадағы қоршаған орта. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз танысқан М.Әуезовтің шығармасында адамдар мен табиғат байланысы қалай суреттелген? (Сабақтың мақсатын оқушылар ашады)

Бүгінгі сабағымызда М.Әуезовтің қасқырдың тағылық жолға түсудегі жолын шығармада қалай шебер суреттелгеніне зерттеушілік конференциясы арқылы тоқталайық.

Мағынаны тану

І топ (ақ түс) 1 қадам. Зертеушілер тобы

Шығарма бойынша жинаған мәліметтеріне сүйене отырып талдау жасайды.

  • Шығарманың тақырыбы
  • Идеясы
  • Сюжеті
  • Әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасау

Оқиғаның басталуы – Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.

Байланысы – Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.

Дамуы – Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.

Шарықтау шегі – Көксерк және Құрмаш. Баланың таза көңілі, мейірімі.

Шиеленісуі – Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы. Тағылардың тағылық істері.

Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары деп айтуға болады.

  • Қосымша мәліметтер келтіру. Құрмаштың рөліндегі актер.

ІІ топ (қызыл түс) 2 қадам

Жуан, жіңішке сұрақтар қою арқылы жауап алу.

  1. Ауыл тұтқыны болған Көксеректің ауыл иттерінен айырмашылығы қандай?
  2. Қасқыр туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Адам ойға тоймайды, қасқыр қойға тоймайды.

Бөрі арығын білдірмес…

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына

Бөрі баласын асырағанмен ит болмас.

  1. Ауылдан кетіп, өз үйіріне қосылғаннан кейін оның адамнан қорықпайтын

батылдығының себебі неде?

  1. Қасқыр арыстан, жолбарыс, аю сияқты циркте неге ойнатылмайды?
  2. Түйелі адаммен қақтығыста Көксерек неге қорықты?
  3. Мына бейне нені суреттейді?
  4. Қазақ халқы қасқырдың атын тікелей атамай қалай атаған?
  5. Мына фильм қалай аталады? Кинодағы қасқырдың аты қалай? Не себепті ол адамға

шабуыл жасаған жоқ.

  1. Қасқырлар туралы жазылған тағы қандай шығармаларды білесіңдер?

ІІІ топ (көк түс) 3 қадам

  • Сұхбат алу (сабаққа қатысушылардан)

«Көксерек» фильмін көрдіңіз бе?

«Көксерек» хикаясы сізге таныс па?

Қай жері сіздің есіңізде қалды?

«Көксерек» туралы сіздің ойыңыз?

Сіз үшін шығарманың аянышты жері?

Қасқырлар апанын талқандау сіз үшін дұрыс  па?

  • Жоба плакат арқылы өз көзқарасын білдіру.

ІҮ топ (жасыл) 4 қадам. Шығармашылық топ.

  • Сезімнен шыққан өлеңдер

РАФТ

5 жолды тұжырымдама

Рефлексия

          Эссе «Табиғатқа зиян келтірмейік»

  • Үйге тапсырма

Шығарма  «Адам- табиғат жанашыры»

Бағалау

Топ басшыларының көмегімен оқушыларды бағалау

  • Қорытынды сөз

Бүгін сабақта көп ізденудің нәтижесінде көптеген мәліметтер ала отырып, шығарманы жан-жақты талдадық. Сабақты Ж.Баласұғынның сөздерімен аяқтағым келіп тұр.

Қанша білсең, ізден тағы, тағы да

Білікті адам жетер тілек бағына.

Біле бер, қанша білсең де тағы біл,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле!