Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кітаптар

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастырушылық кезеңі

І. Қызығушылықты ояту

— Оқушыларға түрлі түсті қағаздар үлестіріп, үш топқа бөлу.

— «Сандар сөйлейді…» стратегиясы  (Ы.Алтынсариннің өмірбаяны бойынша сұрау)

— 1841 жылы қандай оқиға болды?

— 1850 жылы қайда түседі?

— 1879 жылы не болды?

Ы.Алтынсарин кім? Осы сұрақ бойынша топтастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мағынаны ажырату

  • Сендер кіммен бірге тұрасыңдар?
  • Отбасыңда неше адам бар?
  • Әкең мен анаңды қалай сыйлайсың?
  • Отбасы – тіршіліктің тірегі,-демекші отбасының бала өмірінде алатын орны ерекше. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз отбасымен байланысы бар.
  • Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз.
  • «Адасқан мәтін» стратегиясы бойынша әңгіменің мәтінін үщ топқа беру. 10 минут ішінде балалар мәтінді ретке келтіріп, оқып, түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрау.
  • Әңгіме кімдер туралы?
  • Әкесі жолда не көрді?
  • Баласы не деп жауап берді?
  • Әкесі ақшаға не сатып алды?
  • Жерге түскен шиені баласы не істеді?
  • Әкесі балаға не дейді?
  • Балалар, сөздікпен жұмыс істейік.
  • Ескі таға – старая подкова
  • Шие – вишня
  • Ұста – кузнец
  • Осы сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
  • Мәтіннен қандай мақал кездесті? Оны дәптерлеріңе жазыңдар.

ІІІ. Ой толғау

  • Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер. Әңгіме неге үйретеді? Өз ойларыңды мына кестеге жазыңдар.
Менің әңгімеден алған әсерімПікірім
  

 

ІV. Бағалау

  1. Үйге тапсырма: 8-тапсырма, жоспарға сүйене отырып, әңгіменің мазмұнын айту. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу.

Венн диаграммасын толтыру

еңбекқор                                                                          жалқау