Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Төлеңгіт негізгі мектебі

Дайындаған: Мурзатаева Мөлдір Абишкановна

 

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Тұтқын бала»

Сабақтың мақсаты:  Романның мазмұнын түсіндіре отырып, композициялық талдау жасау.

Міндеттері:

  • Романның негізгі оқиға желісін меңгеріп, ақынның айтайын деген ойын ашады.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға байланысты міндеттер: шығармаға, кейіпкерлеге сыни тұрғыдан талдау жасайды.

Тәрбиелігі: бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде топтық жұмыстарды орындап, бірлестікке тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі емес

Әдісі: түсіндіру,  мағынаны ажырату, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.

Типі : жаңа сабақты жан- жақты меңгерту.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақын портіреті, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлерін тексеру.

Мағынаны  толық  тану сатысы.

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
  • Кейіпкер бейнесі
  • Шығарманың құрылысы

Балалар,  мына портіретте біз кімді көріп тұрмыз?

  • Дұрыс айтасыңдар, біз өткен сабақта танысқан жазушы Шерхан Мұртаза.
  • Біз Шерхан Мұртазаның қандай шығармасымен таныстық?

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

Өткен сабақта берілген тапсырмаларды  кім орындап келді?

Тірек – сызбамен жұмыс (өмірбаяны).

Баяндаудың жоспары.

Мазмұндау.

Бекіту.

Кейіпкерлер бейнесі.

Балалар бізде кейіпкерлер бейнесі нешеге бөлінеді?  /2-ге/

Дұрыс айтасыңдар, ал енді біз осы кейіпкерлерді тауып, дәптерімізге жазып алайық.

Қазір мен тақтаға кейіпкерлер бейнесін жазатын парақты ілемін , сендер кезекпен  шығып кейіпкерлер есімін жазып шығасыңдар.

Негізгі кейіпкер                                                                                         Қосалқы кейіпкерлер

/Тұрар/                                               /  Қырғызбай, Салиха, Иван Владимирович, Атамырза /

 

Тұрар

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мазмұнын түсіндіріп шығамын.

Шығарманың  құрылысын талдау

/Мен алдарыңа дайын тірек сызбаны беремін, ал сендер шығарма құрылысын талдап жазып шығыңдар)

Экспозициясы

/басталуы/

Байланысы немес дамуыШиеленісуіШарықтау шегіОқиғаның шешімі

/кезекпен жауаптарын оқиды/

Балалар, оқиға желісін,  дамуын шығарманың арқауы дейді. Ал, шығарманың арқауы екігі бөлінеді.

 

 

 

 

 

Шығарма арқауы

/дәптерге жазу/

 

 

 

 

 

 

             Сюжетті шығарма                                        Сюжетсіз шығарма

     Оқиғалы шығармалар                                       Оқиғасыз шығармалар

Балалар, қандай шығармаларды оқиғалы шығармалар дейміз?

(роман, ертегі, батырлар жыры, әңгімелер, хикаялар)

Ал, қандай шығармаларды оқиғасыз, яғни сюжетсіз шығармалар дейміз?

(көңіл- күйге байланысты жазылған өлеңдер, Лирикалық өлеңдер)

Бірақ балалар бұл  өлеңдердің өзіндік құрылысы мен компазициясы болады.

Ал,   Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасы қай түріне жатады.

/Дұрыс, айтасыңдар. Ол сюжетті шығармаға жатады./

Балалар, осы шығармада басымырақ келетін монолог пе әлде диалог пе?

/Диалог басымырақ келеді/

  1. Диалогтан үзінді оқыту.
  2. Монолг бар жерін тауып ал.

 

/ дәптермен жұмыс/

 

  • Қырғызбай деп жаз, қарағым.

Бала сазарып қалды.

/тұрақты тіркес/

 

Естіген сөзді ұмытпа!

  1. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ.
  2. Сөзі ірі болса да, зілі жоқ.
  3. Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы.
  4. Тұрардың ойында: «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» деген сұңғыла сұрақ тұрды.

 

Мына бір жердегі үзіндіні оқимын сендер қандай әдіс бар екенін тауып алыңдар.

 

  • Атың кім? – деді Әліпбек қағаз- қаламын алып.
  • Тұрар.
  • Әкесінің аты кім?
  • Кемпір жақсы көретін қайнысының атын атай алмай, амалсыз тілі байланып тұріп, шалына:
  • Айтсаңшы –ей! – деді.

/ қазақ тіліндегі табу әдісі, келіннің қайынысының есімін атамау/

 

Бекіту.

Қазақ халқының  көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өзі туралы таным деректен не білеміз?

/мазмұндау/

Қорытындылау.

Бала Тұрардың арманы қандай еді?

/оқу/

 

Үйге тапсырма.

Мазмұндау 232-234 бет.  Сұрақ тапсырмаларға жауап жазу.

Бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау блыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығарма

арқауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сюжетті      Сюжетсіз

         шығарма

Оқиғалы    Оқиғасыз                 шығармалар

 

 

 

Шығарма құрылысына талдау.

 

Экспозициясы

/басталуы/

Байланысы

немес

дамуы

ШиеленісуіШарықтау шегіОқиғаның шешімі

 

Тегі: ———————————————

Есімі:——————

 

 

 

  1. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ.
  2. Сөзі ірі болса да, зілі жоқ.
  3. Меркедегі сыйлы кісілердің бірінің тұқымы.
  4. Тұрардың ойында: «Енді қайтып бұлармен бірге боламын ба, жоқ па?» деген сұңғыла сұрақ тұрды.

 

 

  • Қырғызбай деп жаз, қарағым.

Бала сазарып қалды.