«Күй аңызы» әңгімесіндегі жазушының сөз қолдану шеберлігі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:19.02.2015ж.Әдебиет8-сынып
Сабақтың тақырыбы:«Күй аңызы» әңгімесіндегі жазушының сөз қолдану шеберлігі
Жалпы мақсат:Әңгімедегі жазушының сөз қолдану шеберлігін жан-жақты талдау. Шығармашылық қабілетін, таным-түсінігін, сыни ойлау, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын арттыру. Ынтымақтастыққа, тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға баулу.
Сілтеме:1.МАН

2.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

3.8-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы, К.Құрманбай. Алматы «Мектеп», 2012ж.

Күтілетін нәтиже:Әңгімедегі жазушының сөз қолдану шеберлігін жан-жақты талдайды. Шығармашылық қабілетін, таным-түсінігін, сыни ойлау, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын арттырады. Ынтымақтастыққа, тапқырлыққа, ұтымды ой айтуға үйренеді.
Негізгі идеялар:Жазушы тілі – оның сөз қолданысынан көрінеді. Олар түрлі көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, шығарманы жандандыра түседі. Біз оқыған «Күй аңызы» шығармасында да ондай тәсілдер өте көп. Олар: диалог, монолог, портрет, теңеу, т.б. Одан басқа ұлттық салт-дәстүр көріністері де шебер қолданылған.
Сабақта қолданылатын материалдар:1.Постер, маркер, стикер, тақта.

 

Оқыту әдістері:Оқытудағы жаңа әдістер

АКТ

СТО

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Көшбасшылық

ОүБ, ОБ

Жас ерекшелігіне сай оқыту

1.Диалогтік оқыту

2.Жеке жұмыс

3.Топтық жұмыс

 

Дереккөздер: «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, «Білімділер» және «kazmuzik», «adebikz»сайттары.
Тапсырмалар:Топқа бөлу.

Ой шақыру үшін берілген тапсырма:

а/ Суреттер бойынша әңгіме мазмұнын әңгімелеу.

ә/ «Нар идірген» күйін және оның ел ішіндегі тағы бір нұсқасын тыңдау.

Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ Топтық жұмыс.

ә/ Егер, онда, өйткені.

б/ Эссе: «Күй сиқыры».

Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма:

Салыстыру. «Бозінген» және «Наридірген» күйлері.

Поэзия минуты.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (2мин)«Гүл сыйлаймын» тренингі.

Оқушыларды өнер түрлеріне байланысты топқа бөлу.

Бір-біріне тілек айтады.

Топқа бөлінеді, орындарына жайғасады.

ІІ.Қызығушылықты ояту (7мин)Ой шақыру үшін берілген тапсырма.

а/ Суреттер бойынша әңгіме мазмұнын әңгімелеу.

ә/ «Нар идірген» күйін және оның ел ішіндегі тағы бір нұсқасын тыңдау.

Суреттер бойынша оқиғаларды баяндайды.

Тыңдау, пікірлесу.

ІІІ.Мағынаны тану (28мин)Тақырыпты ашу мақсатына берілетін тапсырма:

а/ Топтық жұмыс.

1-Теңеу және жай сөйлем түрлері.

2- Кейіптеу мен сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне мысал.

3- Ұлттық салт-дәстүр көріністері, салалас құрмалас сөйлемдер.

4-Портрет, сабақтас құрмалас сөйлемдер.

5-диалог, монолог және байланысу түрлеріне мысал.

ә/ Егер, онда, өйткені.

б/ Эссе: «Күй сиқыры».

 

 

Топтық жұмысты қорғайды.

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс.

Жеке жұмыс.

ІV.Қорытындылау (5мин)Салыстыру. «Бозінген» және «Наридірген» күйлері.

Поэзия минуты.

Ауызша пікірін айтады.

Жеке жауап береді.

V.Үйге тапсырма (1мин)Күй туралы нақыл сөздер жазу, жаттау.Үй тапсырмасын білу.
VІ.Бағалау (1мин)Формативті, топтық бағалауТопқа бағалау жасайды, «Екі жұлдыз, бір тілек».
VІІ.Рефлексия (1мин)Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер таратуСабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Құдіретін көрдің бе, күйдің осал,

Салтанатқа сән қосып, сыйды жасар.

«Сейтектің сексен ері» серт байласып»

«Бес қыздың бел шешпесі» биге ұласар.

 

Қазақтың күйлері көп «Көңіл ашар»,

«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.

Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,

Қазақтың болмаған ғой тегі нашар.

Қалқаман Сарин

 

 

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Абай

 

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегіңнің, жүрегіңнің, жүрегіңнің дүрсілі –

Күмбірлеген домбырасы барында.

Шөмішбай Сариев

 

Нағыз қазақ күйсіз өмір сүре алмайды. Күй – қазақтың мұңдасы, жан серігі, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол – ол өзің бастан кешіріп отырған өмірдің мән-маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Адам боп өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Бойға күш-қуат қосады, қайрат-жігер береді, аруақтандырады. Күйдің құдіреті де – осында. Сондықтан болса керек, қазақ «Күй – өмір, күй — тағдыр» деген аталы сөз қалдырған.