Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
1.Халық ауыз әдебиеті,оның түрлері бойынша алған білімдерін қайталау
2.Салт-дәстүрді қастерлеу,дәріптеу.
3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,оқушылардың тіл байлығын арттыру,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі:модульді сабақ
Сабақтың көрнекілігі:слайд материалдары,интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Мұғалімнің сөзі:
Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық ойлы үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Сынып екі топқа бөлініп, «Бақытты сәт» ойынына қатысады.
І топ – «Мұрагер» тобы
ІІ топ – «Талапкер» тобы
ІІ. «Бақытты сәт» ойыны
І гейм.Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.Көп сұраққа жауап берген топ ұтады.
«Мұрагер» тобына арналған сұрақтар:
1.Фольклор дегеніміз не?
2.Ауыз әдебиетінің үлгілерін ата.
3.Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығын ата.
4.Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата.
5.Жар-жар жыры ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?6.Төрт түлік туралы қандай жырларды білесіңдер?
- «Көкжендет» қай жырдың түрі?
8.Бесік жыры қандай жырға жатады?
9.Тойбастар қандай жыр?
10.Үйлену салтына байланысты қандай жырдың түрлерін білесіңдер?
«Талапкер» тобына арналған сұрақтар:
1.Сыңсу қандай жыр?
2.Бастаіғы қандай салт-дәстүр?
3.Көңіл күйін білдіретін өлең түрлерін ата.
4.Беташар қандай жырға жатады?
5.Жоқтау өлеңінің тақырыптық ерекшелігін айт.
6.Бата дегенді қалай түсінесіңдер?
7.Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
8.Ертегінің түрлерін ата.
9.Аңыз әңгімелердің қандай ерекшелігі бар?
10.Батырлар жырының тақырыбы.
ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Кішкене бөшкеге нөмірленген жетон салынған.Тапсыр маны топ мүшелері бірігіп орындайды.
- Сөзжұмбақ «Ертегі»
- Ребус шешу.
- «Бақытты сәт»/Бұл жетонды алған оқушыға сыйлық беріледі/
- Батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп оқу.
- Тұрмыс салт жырларын мәнерлеп айту
ІІІ гейм. «Жұмбақтас» Берілген сұраққа жылдам жауап берген топ ұтады.Жауап беретін топ жалауша көтереді.
- «Ер Тарғын» жырындағы жыраудың аты.
- Ақжүніске таласқан қарт батырдың есімі.
- Ер Тарғынның тұлпары
- Лиро-эпостық жырдың тақрыбын ата.
- Төлеген елінен кім үшін аттанды?
- Төлегеннің ажалы кімнен болды?
- Шешендік сөздің ерекшелігін айт.
- Қандай шешен- билерді білесіңдер?
- Төле би қай жерде дүниеге келген?
- «Өркенім өссін десең,
- Кекшіл болма-
- Кесапаты тиер еліңе…» Бұл кімнің сөзі?
- Айтыстың түрлерін ата.
- Салт айтысы нешеге бөлінеді?
- Айтыскер ақындарды ата.
ІV гейм. «Сен- маған,мен- саған».Топтағы оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қояды.
V гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
Асқар таудың өлгені-
Басынан бұлттың асқаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Топ басшылары өлеңді жарыса оқиды.
Қорытындылау.Ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топты анықтау.
Оқушыларды бағалау.