Қазақ әліпбиі

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

Қазақ әліпбиі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Қуанова С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

 

 

Ашық сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы толық мәлімет беру.

2. Тәрбиелік: сынып оқушыларын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Патриоттық сезімін ояту.

3. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,
қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері, орыс тілі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын тексеру:  19 бет. 3-жаттығу.

Алфавит
Аа Әә Бб Вв Гг Ғғ
Дд Ее Ёё Жж Зз Ии
Йй Кк Ққ Лл Мм Нн
Ң Оо Өө Пп Рр Сс
Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх
Һ Цц Чч Шш Щщ ъ
Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай:
жуан және жіңішке;
жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып бөлінеді.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, и

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мен әріптер саны әр түрлі. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны – 12. И,у дыбыстары әрі жіңішке, әрі жуан болады. Ал э дыбысы басқа тілден енген сөздерде кездеседі. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс болатын әріптер саны – 15. Себебі, үш әріп айтылуына қарай дауысты дыбыстардың ішінде кездеседі.

 

 

Олар:

Я                                    а

Ю                   Й           у

Е                                    о
Дауыссыз дыбыстар

1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц, һ
2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, (у), м, н, ң.

Буынның түрлері
Бір дауыстыдан тұратын не дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буынды
ашық буын дейміз.
Мысалы: а-та, ә-ке, і-ні, ба-ла.

Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған буын
тұйық буын деп аталады.
Мысалы: ат,ет,ұн,ант,ұлт,өрт

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды
бітеу буын дейміз.
Бітеу буында кемінде 3 дыбыстар болады: дауыссыз-дауысты-дауыссыз.
Мысалы: мал, құс, қыс, тарс, жалт.

Қызығушылықты ояту кезеңі
Сөздік:

Білім бұлағы – источник знаний

Әріп – буква

Дыбыс – звук

Дауысты – гласный

Дауыссыз – согласный

 

Жаттығу жұмыстары

“Кім жылдам? ”

Бүгін, бес, біз, есеп, тақта, домбыра, сызғыш,жақсы, пән, ұнайды, ән, сабақ, парта, әтеш, дәптер, терезе, оқы, қалам, есік, өшіргіш, күнделік.

Жуан буынды сөздер:
Жіңішке буынды сөздер:

4-жаттығу

Алфавит

Алфавитті біліңдер,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық  екі әріп бар.

Қ.Мырза Әли

Жүйе – система

Қалып – форма

 

Сергіту сәті:

 Біз бақытты баламыз,

Гүл – гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз
Фонетикалық талдау
Тауық
Жүзім

Мақал-мәтелдердің ұйқасын тап:

Жалғыз шала жанбайды,

Шала оқыған …

 

Сөзге  мақал жарасар,

Иекке … жарасар

 

Еңбек … жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.

Әрі ойын, әрі оқу:

Голова –

Камень –

Лето –

Мало –

Мед –

Возми –

Месяц –

Масло –
Қорытынды:   3- жаттығу
Үй тапсырмасы:
4-жаттығу (21-бет)
Бағалау.