Махамбет Өтемісұлы

Казак әдебиеті  8 сынып

Пән мұғалімі:    Сәулешова Айман

Мектебі:  « Алмалы» жалпы орта мектебі.

Ауданы:  Бәйдібек ата

Облыс:  Оңтүстік Қазақстан

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы 

«Ереуіл атқа ер салмай », «Жалғыздық», « Мұнар», «Мен  құстан  туған  құмаймын»

Сабақтың   мақсаты: 1) Білімділік: Бүгінгі  өскелең   ұрпаққа  ақынның  кім   екендігін, оның  шығармаларының  тақырыбын , мақсатын , тарихын аша  отырып , ақынды  тағы  да   жаңа қырынан  таныту,  өлеңге  талдау  жасатуға  үйрету,  өмірге тарихқа  жаңаша  көзқарас  қалыптастыру,  ақын  өміріндегі  ұлтжандыққа   ұғындыру .

2) Дамытушылық :  Оқулық  пен  қосымша  деректерді  пайдалануға, өз  ойларын  еркін  айтуға, өз пікірлерін  қорғап , ақын  поэзиясын   насихаттап, әдеби  тілмен  сөйлеуге  дағдыландыру.

3)Тәрбиелік:  Ұлтжандыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін,елін,сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді игеруту сабағы

Әдісі:ой шақыру, ой қозғау,  шығармашылық жұмыстар,талдау, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері, топтастыру, бес жолды  өлең.

Пәнаралық  байланыс:тарих, қазақ  тілі

 

Сабақтың  барысы:

I Ұйымдастыру  кезеңі

  • Оқушылармен амандасу,түгендеу.
  • Сабақтың мақсатын  оқу.
  • Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіз  бе, көк   аспан ! Сәлеметсіз  бе  алтын  күн  !

Сәлеметсіз  бе, достарым !  Сәлеметсіз   бе  мұғалім  !

Сәлеметсіз  бе, қонақтар!

 

II  Өткенді  қайталау

  • Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  қашан  дүниеге  келген ?
  • Майлықожа Сұлтанқожаұлы   туралы  не  білесіңдер ?
  • « Ілімге толы көкірек» атты  толғауында  негізгі  тақырыбы  және  не туралы    айтылған?

III   Жаңа  сабақ

а) 8- сынып  оқушысы  « Қызғыш  құс»   өлеңін  мәнерлеп  жатқа  айтады.

Кіріспе  сөзі ( Мұғалім)

Қазақ  халқы  талай  қиын  кезеңді талай басынан   кешірді. Елін, жерін көзінің  қарашығындай  қорғаған ,  оның  мүддесін ұшін  қабырғасы  қайысып , қасық  қаны  қалғанша  қорғап  болуды  мақсат  еткен  дара –тұлға  батырлары   болған.Олар

сабырдың  тәуекел  мен  арманның  түлегі. Міне  осындай  көрнекі  өкілдердің  бірі-Махамбет  Өтемісұлы. Ол-тасқындаған қайраттың    ғана  емес, ең  алдымен, кең толғап, кем  пішер кемеңгер  ақылдың  көрнісі. Махамбет  Нарын  өлкесінде өмір  сүріп, « қара қаза, сары бала  қамы  үшін»  ашық  қимылға  шыққан, халықты  соңына  ерте  білген. Ол ерлікті, өрлікті  өзі ғана  жасамай, бүкіл  поэзиясына ерлікті  ту  етті, оны  кейінгі  ұрпаққа  өлмес  мұра  етіп  қалдырды.

3 слайд

Менің  атым – Махамбет,

Жасқұстағы  Жәңгір хан

Ісінен  болдым  құса-дерт.

Атасы   өткен  Айшуақ

Соны  көзі  көрді  ғой:

Мен  атам  Өтеміс

Елдің  қамын  жейді ғой  деген жалынды  отты  сөздері  тек  елім еңіреген  ердің  аузынан  ғана  шықпақ.

 

II Батырлар  рухына  бас  иеміз  кезең.

8  сынып  оқушыларының  М. Өтемісұлы , Исатай, Бөкей  ордасы  туралы  жинақтаған  туралы  ақпарат  беру.

 

  • оқушы — Махамбеттің  хан  ордасына  болу  себептері, жастық  шағы.
  • оқушы — Исатай- Махамбет бастаған  көтерілістердің  болу  себептері.
  • оқушы — Махамбет –батыр,күйші, ақын.
  • оқушы –Бөкей ордасының құрылуы.

 

      III Көрініс:

Сарайда  отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері,т.б.

Жәңгір хан Махамбетті шақырып :   — Ау, Махамбет! Арамызда   шыққан от ауызды, орақ  тілді ақын  емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.
Махамбет:   — Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын  жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?

  • Хан емессің қасқырсың,
  • Қас албасты басқырсың.
  • Достарың келіп табалап,
  • Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
  • Хан емессің аянсың,
  • Айыр құйрық шаянсың.

 

-деп , айта бергенде   Жәңгір хан: — Тоқтат! Жетеді енді.( Көрініс осымен аяқталады.)

-Мұғалім : Балалар, осы  көрініс арқылы  Махамбеттің   бойынан  қандай  қасиеттерді  байқадыңыздар?

( Балалардың  жауаптары  ер жүректігін,батырлығын, қайсарлығын,тік   мінездігін)

     IV Тапсырмалар

  1. Өлеңді мәнерлеп  оқу, идеясын  айт.
  2. Өлеңді талдау.
  3. Өлеңнен сөз тіркестерін  табу.

V Бес жолды  өлең  құрастыру

  1. Батыр
  2. Күшті, мықты.
  3. Күресті, шайқасты, жеңді.
  4. Махамбет ел  үшін  күресті.
  5. Ер

 

  VI  Махамбет  өмірі  мен  қазіргі  кездегі  өмірмен  салыстырып  жазу.

Махамбет   өмір сүрген  кезең               Қазіргі  кезең                                                                                                                                      

 

Ресей   астындағы   бодан  ел.

Күрес  пен  тартыс, ата   қоныстан  айырылу , ата  қоныстан   көшу.

 

 

Егеменді  тәуелсіз  ел.Халыққа сенген , сайлап  алған  Президенті  бар, атамакенге оралу (оралмандардың  елге  оралуы)

VII  « Поэзия  минуты» ақын  өлеңдерінен  мәнерлеп  жатқа  оқиды.

VIII    Шығармашылық   жұмыс

Махамбетке  хат  жазу.

IX  Қорытындылау

                                   

 

Махамбет

 

 

 

 

XI  Үй жұмысы    Реферат  жазып  келу

XII    Бағалау