Керқұла атты Кендебай ертегісі

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы жалпыорта білім беретін №4 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исагалиева Ләззат Зинуллиевна

 

Сабақтың тақырыбы:            Керқұла атты Кендебай ертегісі

Сабақтың мақсаты:            А) Ертегі мазмұнының түсіндіру басқа ертегілерден

айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету.

Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру,

ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту

Б)  Кендебай арқылы адамгршілікке, мейірімділікке

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                          сыни тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдісі:                         сұрақ –жауап, топтастыру

Көрнекілігі :                              интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қималар, тест

Тапсырмалары.

Сабақтың барысы:                  І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Пысықтау сұрақтары:

  • Ертегі дегеніміз не ?
  • Ертегінің түрлерін ата ?
  • «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады ?

Жаңа сабақты түсіндіру

І Ой қозғау Кендебай қандай адам ?

Балалар үйге Керқұла атты Кендебай ертегісінің мазмұнын мұқият оқып, түсінгенімізді айту тапсырылған. Ендігі біздің мақсатымыз-ертегінің мазмұнын толық меңгеріп, талдау. Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері Кендебай мінез-құлқына сәйкес сабағымыздың

Эпиграфы « Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алдым

 

ІІ Мағынаны тану

  • Ертегі мазмұны бойынша қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр.
  • Кендебай мен жетім бала
  • Керқұланың тағдыры
  • Кендебайдың дүниеге келуі
  • Хан бұйрығы
  • Баланың ата-анасымен қауышуы
  • Кендебайдың бұйрықты орындауы
  • Кендебайдың аралға баруы
  • Кендебайдың биені күзетуі
  • Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарты
  • Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

ІІІ Өнерлі өрге жүзер

Кендебай мен  жетім бала кездескен сәтінен көрініс

Мақал-мәтелмен түйіндеу

  • Кеңпейілділік-кемшілік емес, кісілік.

Мейрімділік-жүректен, мейірімсіздік-білектен

Теориялық жұмыс. Көркем шығармадағы айтылатын ойды идея дейміз. Көркем шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз.

  • Топтастыру стратегиясы

Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар ?

жанашыр

адал

                                                                      Кендебай

 

қайырымды                      айлалы                             мейрімді

Үлестірмелітопшамалар. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Күндердің бір күні____________Қазанғаптың_____________________________ әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпАта-аналары қуанып , төбелері көккке жетіпті. Баласына     Кендебай    деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіп алты  күнде күліпті,  алпыс   күнде жүрыпты. Алты  жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған  атандарды  жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап әкесіне жәрдем етіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген мерген  болыпты.

  • Тест сұрақтары
  • Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан

  • «Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

  1. Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ

  • –Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы

Сабақты бекіту:

Ер Төстік             Ортақ қасиеттері            Кендебай

 

Үйге тапсырма :        Ертегіні әрмен қарай жалғастыру. «Кендебай» сөзіне сөзжұмбақ