Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері.

51

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Көктіңкөлі ауылы

Көктіңкөлі орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Досанова Меруерт

Рахметоллақызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың тәлімді – тәрбиелі өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:

 1.Оқушыларға Қасымның өлеңдерінен мағлұмат беру.

2.Оқушыларды көркем өлеңдердің шежіресімен таныстыру. Адамгершілікке тәрбиелеу

3.дамытушылық: оқушылардың танымдық дүниесін, көркем оқу шеберлігін, қабілеттерін шыңдау.

Пәнаралық байланыс: тарих пен әдебиетпен.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  эвристикалық, баяндау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қарқаралының әр түрлі фотосуреттерді топтастыру жүйесі. Венн диаграммасы, эбристикалық саты.

Сабақтық барысы: I. Ұйымдасытру кезеңі.

а) амандасу                  ә) түгендеу               б) дайындықтарын тексеру.

I I. Үй тапсырмасын сұрау.

Қасым Аманжоловтың өмірін мазмұндау.

Жаңа сабақ

Жасынан өлең-жырға үйір Қасым Семейде жүрген кезде шәкірттік өлеңдер жазған. Ал оның шындық ақындық жолына түсуі- Оралда қызмет істеген жылдар.  1938 жылы ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен басылады. Қасым- ғажайып, талантты ақын. Соғыстың алғашқы дәуірінде Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған бірсыпыра лирикалық өлеңдер жазды. Оның әскери өмірі қиыр Шығыста басталады. Осы кезде жазылған  «Байкал » өлеңі содан майданға аттанып бара жатқан жолдағы белестерді суреттейді. Ақын әр өлеңінде өзінің туған жерге деген махаббатың шын сезіммен, пәк көңілімен суреттейді.

Сонымен қоса Қасым Аманжолов талантты ақын, шебер, аудармашы, жарық көрді. М.Лермонтовтың  «Ласкарда » А.С.Пушкиннің  «Полтава » Низамидің   «Ләйлі-Мәжнүн » атты поэмаларын қазақ тіліне аударған.

  • Әр өлеңін мәнерлі түрде жатқа айтып, сол тақырыпқа байланысты ойтолғауларын айту.

Ойталқы сауалдар.

  • Қасым Аманжоловтың өлеңдерінің идеясы не жайында?
  • Ақынға қажет белгілерді ата?
  • Қарқаралы құтты қоныс мекені дегенді қалай түсінесіндер?

Сергіту ойны.

«Кім жылдам »  ойының ойнау.

  • Мақал- мәтелдің жалғасын табу.

«Кім тапқыр » ойының ойнау.

  • Жұмбақтар шешу.
  • Криптограммамен жұмыс.
  • Сөзжұмбақ шешу.

Хронологялық кестемен жұмыс.

  • Қасым Аманжоловтың өмірбаянына мәлімет беру. Поэзия дегеніміз не?
  • Ақынға қандай тұлғалар қажет?
  • Ақын өлеңін эвристикалық сатысына мағлұмат беру.

Сонымен қоса дарынды ақын орыс халқының әңдерін аударған. «Ах, Самара, городок!» Әңін қазақ тілінде аударған ақын.

Қасым кім?

деген сауалға ауызша мәтін құрау.

Дәптермен жұмыс.

Сабақтың эпиграфын жазу.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай болмаса несі Қасым.

Ақынмын деп қопандап жүргендердің

Несіменең Қасымының десі басым?

Қазақ халқының дарынды ақыны, Қарқаралының атақты асыл тумасы Қасым.

Қасым Аманжоловтың артында өшпес мұра қалды. Өлең сөздің шебері- Қасым.

Топтастыру жүйесімен жұмыс

 

                                              Қасым Аманжолов                        

дарынды

композитор

Талантты ақын                       шебер аудармашы

 

  • Салыстыру диаграммасымен жұмыс. Проза мен поэзияны салыстыра мәлімет беру.
  • Венн диаграммасымен жұмыс.

 

Табиғат көріністерін суреттеудегі өлеңнің мазмұны мен ақын ерекшелігі қандай? Ақын поэзиясын ерекшелігіне тоқталу. Қасым Аманжоловқа ақындық бойынша мінездеме бер.

  • Ақын өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталу.
  • Сематикалық картамен жұмыс.

Бұл жұмыста әр оқушы ақынның өлеңін мәнерлеп оқып, атын табу керек.

                         Қиықшамен жұмыс

 

Қиықша №1

Қасым Аманжоловтың бір шумақ өлеңін талда?

 

Қиықша № 2

Қарқаралы ауданына мешіт салғызған кім?

Қиықша №3

Қарқаралыдан шыққан ғарышкерлерді ата?

Қиықша №4

Қарқарралыға тән әнші, композиторларды ата?

Ойталқы сауалдар.

  1. «Шайтанкөл» жайында мағлұмат бер.
  2. Қарқара мен Қарқаралының айырмашылығы қандай?
  3. Мәди Бәпиұлы жайында не білесің?

Қорытындылау: Топтастыру жүйесі бойынша сабақты қорытындылау

Бағалау:

Үй тапсырмасын беру: «Дарынды ақын» тақырыбында шығарма жазу.