Қасым Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.

105

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:               Қасым-батыр, азамат, Қасым-өлең,

Бірге өлмеген өлеңі өзіменен.

Тани білу, бағалау өр мінезін,

Өлеңіне ерлік жайлы бойлап терең.

 

Ә) дамытушылық:    Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау,

Ойымызды ортаға сап, байқап қарау.

Поэмадан эпитет, теңеу іздеп,

Тақырып  пен идеяны ашып қарау.

 

Б) тәрбиелік:                Батырдың мінезінен  абаттану,

Үлгі алып, ойыменен өзін тану.

Өрліктен, қайсарлықтан үлгі алып,

Қасымныцң қасиетінен қанаттану.

 

Сабақтың типі:              жаңа сабақты меңгерту сабағы.

 

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіп оқу, аялдап оқу,

білемін, білгім келеді, семантикалық карта, РАФТ стратегиясы)

мультимедиа қолдану, шығармашылық жұмыс, әдеби теориялық

ұғымдарға  талдау.

 

Сабақтың жүрісі:       1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындық.

  1. 2. Үй тапсырмасын сұрау.

 

  1. Қызығушылықты ояту.

(Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қою.)

 

  1. Қасым Аманжолов қашан, қай жерде туды?
  2. Осыған дейін ақынның қай өлеңімен таныс болдыңыздар?
  3. «Өзі туралы» өлеңіндегі басты тұлға кім?
  4. Қасым тек ақын болып қалды ма? (топтастыру)

   ІІ.   Шығармашылық жұмыс: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» шағын  эсселерін

толтыру.

Кестені толтыру.

 

Негізгі мәселелер

 

Шумақтар

 

Тармақтар

 

Өзі жайлы

 

Өмірі мен өлім туралы

 

Болашаққа өсиет

Туған ел, туған жер туралы

 

 

    ІІІ. Жаңа сабақ:           «Ақын өлімі туралы аңыз»

           Сабақтың айдары:   Ей, тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың баласы,-

деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов… Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның  жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай  болмаса, несі Қасым?—деп ақындықтың асқар тауындай  ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.

Қасымның ордабұзар шағы соғыспен  тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да,  батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол  жан серігі  қаламын қолынан тастамай,  жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды  халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.

«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.

Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас  түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма  Ұлы Отан соғысының майданында  жаудың қоршауында, қалып  қойып, ерлікпен қаза  тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы.

(Слайдта Абдолланың суретін көрсету)

Абдолла Жұмағалиев 1915жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шпшқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді.  Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон»  деп еркелетеді екен.  Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен  қаза тапқанын  Қиыр шығыста  сырқаттанып, әскери емханада жатқанда  естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық  хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша  бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен  жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның  жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді  ұқпаған  дәрігерлер дәптерімді  екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет    аяқтауға   жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді,»—деп жазыты естелінде.

Шығарма жанр бойынша  поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен  баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік.

Оқулықпен жұмыс. Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық

жоспарын құру.

Шығарманың басталуы:             сұрапыл соғыстың суреттелуі.

Шығармашың дамуы:                 қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы

кекке, жан ашуына айналуы.

Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы.

Шығарма шешімі:                        Абдолла өлімі.

 

Топтастыру.

 

 

Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы.

Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі.

Дәптермен жұмыс.

Жылдар Негізгі оқиғалар
1936 Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
1938 Қаз ҰПУ-ды бітірді
1938-1939 Қызылорда сауда техникумында оқытушы
1939-1941 Қазақ мемлекеттік көркем
1942 2-дүниежүзілік соғыста қаза тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту. Венн диаграмасы

 

Қасым          Абдолла

 

Соғыстан жаралы оралды                                                         Өмір мен өлімді жеңеді

 

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен  қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып,  сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды  майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру)

 

Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.

 

Психологиялық тренг. «Ақ тілек»