А.Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті  пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

 

Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаев  «Қараңғы түнде тау  қалғып» өлеңі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты 1.«Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңі  туралы білу;

2.Өлеңнің мазмұның  мәтіндік  талдау  арқылы   түсіну;

3.Өлеңнің мәтінін Лермонтовтын орыс тіліндегі нұсқасымен  салыстырып,  талдауға үйрену;

 

Күтілетін нәтиже 1.«Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңі  туралы біетін болады;

2.Өлеңнің мазмұнын  мәтіндік  талдау    арқылы   түсінеді;

3.Өлеңнің мәтінін Лермонтовтын орыс тіліндегі нұсқасымен  салыстырып,  талдауға үйренеді;

 

Негізгі идеялар        А.Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі  аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі . Бұл өлең  дүние жүзіне танымал болған , сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді.
Тапсырмалар 1.Концептуалды  кесте(үй тапсырмасын сұрау)

2.Сұрақ қою технологиясы                                                                                                                                      3 .АКТ-ні пайдалану(жаңа  тақырыпқа байланысты үнтаспадан ән тыңдату)

4. Топтық жұмыс

5. Жұптық жұмыс

6. Жеке жұмыс

КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Білу

Мақсаты  : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін  нақтылау

3 минут

2 минут

 

 

 

3минут

 

1.Қолайлы психологиялық  жағдай қалыптастыру;

2. Қазақтың бас ақыны — ұлы Абай Құнанбайұлы жөнінде осыған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау  мақсатында концептуалды кесте арқылы үй тапсырмасын сұрау

3. Тақырыпты анықтау мақсатында үнтаспадан Абай Құнанбайұлының
«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін тыңдату

5. Ой қозғау кезеңі

1.Абай аудармаша дегенді қалай түсінесіздер?

2. Неліктен олай ойлайсыздар ?

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру)

Оқушыларды топқа бөлу

 

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен алған  білімдерін ортаға салады.

 

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

 

 

Сынып оқушылары  біріншісі  қазақша «бір» , екіншісі орысша «екі» , үшіншісі ағылшынша «үш»  деп алып, үш топқа бөлінеді

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеуін қадағалау

10 минут

Абай Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында  оқулықты пайдалану.
Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топ  өлеңнің 1- ші шумағын мәнерлеп оқиды, өлеңнің авторын, тақырыбын, жанр түрін, идеясын табады;

2-топ өлеңнің 2-ші шумағын оқиды, мазмұндайды, шумағын, тармағын, бунағын, ұйқасын табады

3-топ өлеңнің ішінен әдеби теориялық ұғымдарды табады.

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.
Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

1-топ  ­Өлеңді әуеніне салып айтады

2-топ    Интернет желісін  пайдалану арқылы ақынның басқа аударма өлеңін тауып, мәнерлеп оқып береді

3-топ    «Мен қылқалам шеберімін»  алған әсерлері бойынша сурет салу

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді әуеніне салып айтады, интернет желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын  сурет арқылы еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Кестемен жұымыс (жұптық жұмыс)

«Шын немесе жалған»

Абай қазақ халқының ұлы ақыны     шын          жалған

Абай сазгер болмаған                         шын          жалған

Қараңғы тнде тау қалғып өлеңі

аударма                                                шын          жалған

өлеңді абай Пушкиннан аударған     шын         жалған

өлеңнің құрылысы барлығы

12 жолдан тұрады                               шын           жалған

Оқушылар берілген кестені толтырады.

 

Берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, салыстырады.

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда  өзара бағалауы жүзеге асады.

 

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

 

7минут

.”Болмасаң да ұқсап бақ…”

(шығармашылық жұмыс).

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады.
Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

3 минут

Рефлексия

Критериалды бағалау жүзеге асады

Бүгінгі сабақ  несімен ерекшеленді ?

Рефлексия

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын  болды?

Тағы не  үйренгім келеді?

 

Оқушылар өздерін бағалау парақшалары  арқылы шынайы бағалайды

 

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.