М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың тақырыбы:М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы

Сабақтың мақсаты:ақынның өміріне қысқаша шолу
жасау,поэманы
талдау арқылы идеясын ашу.

Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды сұлулықпен махаббатты тануға,
адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылардың мақсаты:шығармашылық ізденіс дағдысын
қалыптастыру арқылы сөйлеу
мәдениетін дамыту.

Сабақ типі:аралас сабақ
             түрі:дәстүрлі емес(поэзия сабағы)

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,ой жинақтау,шығармашылық
жұмыс.

Көрнекілігі: «Аңыз адам» журналы,ғаламтор материалдары,слайд

Пәнаралық байланыс:музыка,сурет,экология

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру жұмысы.Оқушылар назарын сабаққа
аудару,дәрісхана тазалығына көңіл бөлу.

ІІ.Үй тапсырын тексеру.

1.«Өнегелі өмір иесі»-Өмірі мен шығармашылығына шолу.

  1. «Жүрегімде жаңғырған жауһар жырлар».(Өлеңдерін жатқа айту)

Сабақты актуальдау.Поэзия жанрындағы  елеулі шығармасының бірі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысатын боламыз.

І.Сұрақ-бізден,жауап сізден.(«Ой шақыру» стротегиясы)

1.Менің ұғымым бойынша аққу…

2.Аққу туралы қандай әндер,өлеңдер бар?

3.Қандай мақал-мәтелдер бар?

Пайыммен поэманы парақтадым…
1.Жетімкөл табиғаты.
2.Сұлу аққу.
3.Қиналған бала.
4.Ана әрекеті.
5.Көргені көп жылқышы.
6.Қасиет пен қасірет.
Шығармашылық жұмыс
1.Ана.
2.Аққу.
3.Мұқағалиға хат.
      Сабақты бекіту
а.Ана аққуды неге атпақ болды?
ә.Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
б.Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.
в.Ана қасіреті.
     Қорыту. «Мұқағали-өміршең ақын.Ғажап!Ол күн өткен сайын биіктеп барады.»                        Б.Нұржекеев
Үйге тапсырма:
1.Менің Мұқағалиым. Эссе жазу
2.Поэмадан көркемдегіш құралдарды табу.
3.Ізденіс… тағы да ізденіс.