Қаныш Сәтбаев.

                                         Шинжина Ляйля Тұрсынғалиқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

№27 жалпы  орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

10 сынып      Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  Қаныш Сәтбаев.

Сабақтың мақсаты:   Көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.Тәуелдік жалғауларын қайталау.

Сабақтың міндеттері:

    Білімділік:  Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін , әдеби тілін қалыптастырады,сөздік қорын молайтады.

     Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып,  ой — өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.

    Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру, пікір алмасу,компьютерлік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта,слайдтар,электрондық оқулық, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет,тарих,жаратылыстану,математика.

                                                Сабақтың барысы
  I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп ,сабақтың мақсатын айту.

«Блиц-турнир»  арқылы үй тапсырмасын    сұрау.

—  Шоқан Уәлиханов кім?

— Ол қай жылы және қайда дүниеге келді?

—  Оның шын аты кім?

— Анасының еркелетіп қойған аты кім?

— «Шоқы, Шоқан»  деген қандай мағынаны білдіреді?

—  Неше жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті?

—  Неше жасында оны  мұғалімдер «болашақ ғалым» деп атаған?

—  Шоқан Уәлиханов қай жерлерді аралады?

—  Қашқарда ол қандай еңбектер жазды?

— Алғаш рет қай елдің жырын хатқа түсірді?

— Шоқанды замандастары қандай тұлға деген?

— Шоқанды не себепті «сегіз қырлы» дейміз?

— Қазақ халқының тағы қандай ғалымдарын білеміз?

  1. Жаңа сабақ:

 Эпиграфы:  «Жері байдың – елі бай»

Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың — елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол , ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі , оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қаныш Сәтбаев»

Сендерге алдын ала топтық  жұмыс берілген болатын, қазір сол тапсырма бойынша әр топтан бір баланы тыңдайық. (Дайындалып келген балалардан сұрау)

Ал енді ,балалар, тақтаға назар аударайық. (слайдтар көрсету )

Электронды оқулықты қолданып,жаңа сөздермен таныстыру,  сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

Жаңа сөздер:

Тағайындалу – назначаться

Жаратылыстану – естествознание,природоведение

Геологиялық-барлау – геологическая разведка

Марапатталу – быть награжденным

Ғұлама – мудрец, признанный ученый

Көз жұму (қайтыс болу) – закрыть глаза, т.е. умереть

III. Жаңа білімді қолдану.

Мәтінмен жұмыс жасау. ( жоспар құру, жоспар бойынша әңгімелету)

  1. Бала Қаныш.
  2. Білім алу жолында.
  3. Еңбек жолы.
  4. Ғылыми еңбектері, марапаттары.
  5. IV. Білімдерін бекіту:

2- тапсырма , жұптық жұмыс.Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін жазу. (жаттығу жазылған парақшалар таратылады, жазып болған соң ,бірін-бірі үлгі бойынша тексереді,қателерін түзетіп,мұғалімге береді,бір оқушы дұрыс жауабын оқиды)

 1.Ауыл мектебінде арабша … танып, араб … үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің … танысады.2. Институтты бітіргеннен … Қ.И. Сәтбаев өзінің … Қазақстанына оралып, бүкіл …геологияны … және туған өлкесінің минералдық … базасын жасауға арнады. 3.1912 жылы Қаныш Павлодар … екі кластық орыс-қазақ … түсіп, бұл мектептің … жұлдызы болып көрінеді. 4.Біраз … кейін Қаныш комиссия алдында … тапсырып, Томскідегі технология … түседі.

4-тапсырма. Тақтамен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазу.

 1.Қаныштың әке … Имантай бір ауылға би, ата … Сәтбай қажы болған. 2. Имантай би бала … н кітап оқуға және ән-жырға баулыды. 3. Қаныш бала кез … нен Румидің, Науаидың өлеңдер … н жатқа білді. 4. Бала кез … нен алғыр, зерек болған Қаныш ауыл молда … ның да, ауылдық орыс-қазақ мектеб … нің де , Павлодар қала … ндағы екі кластық училищенің де, Семейдегі оқытушылар семинария … ның да оқу …н   жақсы оқыды.

3- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау.(Интерактивті тақтаны қолдану)

  1. Қаныш Сәтбаев бала … .

    2.Алты жасынан …  .

    3.Ауыл мектебінде арабша …  .

    4.Парсы, түркі …  .

   5.Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебінің …  .

  1. Абай мен орыс ақындарының … .
    • дары Қаныш Семей қаласындағы екі жылдық … .

    8.Біраз дайындықтан кейін Қаныш комиссия алдында …  .

    9.Екінші курстан кейін …  .

   10.Институтты бітіргеннен кейін Қ.И. Сәтбаев өзінің … .

   11.Еңбек жолын Атбасар түсті … .

   12.Ол 640-тан …  .

  1. V. Сабақты қорытындылау:
  • Бүгін сабақта не білдік?
  • Қаныш Сәтбаев кім? (Сызба сызады)

 

Қ.Сәтбаев                                    

 

Сонымен,бүгінгі сабақты қорыта келе, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана  геология саласында ғана емес , оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер.Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.

  1. Бағалау

VII. Үй тапсырмасын беру:  108 бет 5-тапсырма (жазбаша)