М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ «№ 19 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»

Әдебиет пәнінен ашық сабақ. 5 сынып .

Мұғалім: Калиева Толқын Райхановна

Сабақтың тақырыбы:         М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».

Сабақтың мақсаты:  

  1. Білімділік: Махамбеттің ақындық шеберлігін таныту;

өлеңнің мазмұнын меңгертіп, тақырыбы мен идеясын

түсіндіру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды елін,жерін,Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті, ақындықты оқушы санасына ұялату.
  2. Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды  мәнерлеп оқуларын,талдай білулерін дамыту; теориялық ұғымдарды саралай білу,өз пайымдары мен көзқарастарын білдіру,ынтымақтастықпен жұмыс істеу қабілеттерін  арттыру.

Сабақтың түрі :           Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:            Ассоциация ,топтастыру, Венн диаграммасы,5 жолды

өлең,ой толғау, инсерт кестесі.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих, биолигия.

Сабақтың барысы:     

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысын

тексеру.

ә) Сабақ мақсатымен таныстыру.

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) «Ой шақыру» . Әр топқа парақ таратылады, оқушылар ақын туралы білетіндерін параққа ассоциация ретінде түсіріп,топта ой бөлісіп,оны қорғайды. (Махамбет Өтемісұлы туралы сөйлеу) .

Ә)  «Өлеңім-  қаруым»  ақынның «Соғыс» өлеңін мәнерлеп жатқа айту, өлеңнің идеясы мен тақырыбына тоқталу.

Б)   Топтастыру «Махамбет кім?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   ІІІ.  Жаңа тақырып: М. Өтемісұлы «Қызғыш құс».

  1. Өлеңнің шығу тарихы туралы әңгімелеу;

а) өлеңді мәнерлеп жатқа оқу;

ә) өлеңнің идеясын түсіндіру.

  1.   «Мағынаны тану» -слайд «Артық болмас білгенің»

а) «Қызғыш құс пен лашын құс» түсінік беру

ә)  Сөздік жұмысы

Көл қорыған – көлді мекендеген

Лашын құстың тепкіні— көлге жолатпау

Құсалықпен өту- уайым,қайғыға түсу,өкінішпен күн өткізу

 

  1. «Тарихты білесің бе?» Жәңгір хан  туралы дерек. (слайд көрсету)
  2. Мәнерлеп оқу. «Қызғыш құс»өлеңін әр топтан бір оқушыға оқыту.
  3. Тақтамен жұмыс . Өлеңді құрылысына тіліне талдау.
  4. «Қызығушылықты ояту » . Әр топқа тапсырма беріліп «Кім

жылдам? » ойыны ұйымдастырылады.

 

                                           Тапсырма:

    І топ:   «Махамбет — Қызғыш құс»  Венн диаграммасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    ІІІтоп:  «5 жолды өлең» тақырыпқа байланысты.

  1. Зат есім (1 сөз) –
  2. Сын есім+зат есім (2сөз) –
  3. Етістік (3 сөз) –
  4. Тұрақты сөз тіркесі –

5.Түйін (сөйлем) —

 

    ІІ топ: «Топтастыру» -Махамбет өлеңдерінен қандай тәрбие аламыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     ІV. Сабақты бекіту:   «Еркін жазу» -Махамбет батырға хат жазу.

 

  1. Сабақты қорытындылау (рефлексия) «Инсерт»кестесін толтыру.

 

VІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. «Егер мен батыр болсам…» деген

тақырыпта шағын ой толғау жазу.