Компьютерлік вирустардан қорғау

123

Сабақ жоспары:  Информатика 8 сынып

15 — апта  07.12.12ж. 15-сабақ .
Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік вирустардан қорғау

Жалпы мақсаттар: Оқушыларға ақпаратты қорғау туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды үйрету
Міндеттері: 1.Оқушыларда компьютерлік вирус ұғымы, ақпаратты қорғау, антивирустық программалар туралы толық ой қалыптастыра отырып, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге  қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;

3.Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.

Дереккөздер: Кітап : Информатика 8 сынып. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, слайд.

Оқыту нәтижелері: 1.Оқушылар топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді.

2.Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.

3.  Оқушылар компьютерлік вирус терминімен танысады, антивирустер туралы толық мағлұмат алады.

4.Компьютерді, флешканы  антивируспен емдеуді үйренеді.

Сергіту сәті  «Аспаптар».
Жаттығулар: 1.Үй тапсырмасын тексеру.

2. Сергіту сәті «Аспаптар».

3.Тақырыпқа Power Point редакторында презентациялармен кіріспе беру.

4. Жаңа тақырып бойынша топтарға берілетін сұрақтар:

1 топ «Компьютерге вирус қайдан түседі?»

2 топ «Компьютерге вирус түссе не істейміз?»

 

1. Бақылау сұрақтары арқылы:

1-қосымша

2. Сергіту сәті «Аспаптар».  2- қосымша

3.Мұғалімнің тақырып бойынша кіріспе сөзі. 3- қосымша

4.Әр топқа жаңа тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Орындауға 7 минут уақыт беріледі. Әр топ тапсырмаларды орындап болған соң, флипчарт бойынша қорғап шығады.3 мин. Оқушыларды ойландыратын сұрақтар қойылады.

 

Тапсырмалар 1.Тапсырма арқылы компьютерде практикалық жұмыстар орындау. Электронды поштада «Бүлінген хат» .4- қосымша.

2. Тест жұмыстары. 5- қосымша

3.Кестеде адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыру.

6- қосымша

Бағалау: Өзін-өзі бағалау. Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну, сол бойынша әр оқушы  өз-өзін бағалайды. 7-қосымша.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.
Оқуға арналған тапсырмалар: 5.5. Компьютерлік вирустардан қорғау.-Тақырыбын оқу. Эссе жазу. «Компьютерлік вирус – жасанды құбылыс», «Компьютерлік вирустармен күресу әдістері». Сөзжұмбақ жасау.

 

 

  • — қосымша

 

Үй тапсырмасын сұрау:

 

Бақылау сұрақтары арқылы:

 

1.Компьютерде қандай да бір файлымызды жоғалтып алсақ, оны қалай табуға болады?

Жауабы:

Жоғалаған файлды «Іздеу» немесе «Табу» командасы арқылы тауып алуға болады.

 

  1. «Іздеу» командасы компьютерде жоғалған кез – келген файлды тауып бере ала ма?

Жауабы:

Ия, тауып бере алады.

 

  1. Қандай белгілер бойынша «Іздеу» командасы арқылы обьектіні табуға болады?

Жауабы:

Ол үшін обьектіні, оның атын, құрылу датасын, өлшемін білу керек.

 

  1. «Іздеу» командасын шақыру әрекеттерін ата.

Жауабы:

1.)Жіберу батырмасына шерту;

2.)Іздеу пунктін таңдау;

3.) Файлдар мен бумалар пунктін таңдау;

4.) Файлдар мен бумалар атын іздеу өрісінде файл атын немесе файл атының фрагментін енгізіңіз;

5.)Мәтінді іздеу өрісіне мәтін фрагментін енгізуге болады;

6.)Қайдан іздеу өрісінен іздеу жүргізілетін диск немесе басқа объектіні таңдауға болады;

7.) Табу батырмасына шерту.

 

  1. «Іздеу» командасы арқылы бүгінгі сабақтың құжатын табыңыз. Құжаттың атты «Вирустар»

 

 

 

 

 

 

2 – қосымша

 

Сергіту сәті «Аспаптар».

 

Оқушыларға аспаптардың аты жазылған суреттердің қиындысы таратылады. Осы әдіс арқылы топқа бөлінеді және сурет қиындыларын біріктіру арқылы жасырылған аспаптың аты шығады. Оқушылар табылған аспаптың дыбысын дыбыстайды және қолымен тартылуын келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

  • – қосымша

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқушылар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олда жұқпалы ауыру сияқты, вирус арқылы жұғады. Бұл ауыруларды компьютерлік вирустар деп атайды.

Қазіргі кезде ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т.с.с. сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істейміз? / проблемалық ситуация/

 

  • – қосымша.

Тапсырма. «Бүлінген хат». Компьютерде практикалық жұмыс.

  • хат.

Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок падаланамын.

  • – хат.

Компьютерде мәтін жазу үшін Paint  текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға , сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

 

Дұрысталған хат

 

  • 1-хат.
  • Компьютерді іске қосып, сканер мен пернетақтаны қосу керек. Пернетақтамен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін сканер пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін принтер пайдаланамын.
  • 2– хат.
  • Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе, Paint стандартты программасымен сала аламын. Мен сканермен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға , сканерлеуге болады. Принтердің үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

 

  • – қосымша.

ТЕСТ

1)Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?

а) үшке

б) төртке

в) екіге

2)Сирек қолданылатын антивирустық программалардың бірі не деп аталады?

а) ревизор

б) полифагтар

в) детекторлар

3)Қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар не деп аталады?

а) жүктейтін

б) файлдық

в) макрофирустар

4)Өте қуатты Dr.Web (Doctor Web) полифаг  — сканерін кім құрды?

а) И.Данилов

б)Е. Касперский

в) Д.Мостов

5)Бүкіл әлемге әйгілі, вирусқа қарсы бірден –бір сенімді программа не деп аталады?

а) Dr.Web

б) Kaspersky Anti — Virus

в) ADif

6)Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға жұқтыратын вирус не деп аталады?

а) файлдық

б) полифагтар

в) жүктейтін

7)Word құжаттары және  Excel электрондық кестені құжаттарына жұқтыратын вирустың түрі?

а) детекторлар

б) полифагтар

в) макровирустар

8) «Вирус» атауы қай пәннен белгілі?

а) география

б) биология

в) физика

9)Д.Мостов дайындаған пргорамма – ревизор не деп аталады?

а) ADif

б) Kaspersky Anti — Virus

в) Dr.Web

10)Вирустарға қарсы программалар нешеу?

а) 2

б) 3

в) 1

 

Жауаптары:

  1. А, 2. В, 3. Б, 4. А, 5. Б, 6. В, 7. В, 8. Б, 9. А, 10. Б.

6- қосымша

Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.

  Адам Компьютер
Жұқпалы аурулар түрлері    
Пайда болу жолдары    
Қандай өзгерістер болады    
Емдеу жолдары    
Сақтану жолдары    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6- қосымша

Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.

  Адам Компьютер
Жұқпалы аурулар түрлері Вич – ақ қан түйіршігі – лимфоциттерді зақымдайды

А, В,С – бауыр ұлпасын зақымдайды

Резиденттік – жедел жадқа  өзін көшіреді, біраз уақыт бойы білінбейді.

Резиденттік емес — өзін жедел жадқа жазбайды, алдымен вирус программа іске қосылады.

Пайда болу жолдары Бөгде ауырған адамнан жұғады Желілерден

Ақпарат тасушылардан

Қандай өзгерістер болады өзін  жайсыз сезінеді, қалтырау, температура көтерілуі т.б. Компьютер дұрыс жұмыс жасамайды.
Емдеу жолдары Дәрі –дәрмек арқылы Антивирустар арқылы
Сақтану жолдары Жаман әдеттен аулақ болу,

Жеке бас гигиенасы,

Салауатты өмір сүру.

Профилактикалық алдын — алу шаралары

Антивирустық программалар, оларды жаңалап отыру.

 

 

 

 

 

 

 

  • – қосымша.

                                           БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

 

__________________________________________________

Оқушының аты–жөні, тегі

 

Бағалау өлшемдері Баллдары (1,2,…10)
1 Мен үй тапсырмасын орындадым
2 Топтық жұмыста мен ой қостым
3 Топтық жұмыста мен жауап бердім
4 Топқа менің ойым көп көмектесті
5 Практикалық жұмысты өзім жасадым
6 Мен басқаларға көмектестім

 

 

51 – 60 балл   –  “5”  баға

41 50  балл  –  “4”  баға

31 40  балл  –  “3”  баға

21 30 балл   –  “2”  баға

20 баллдан төмен –  “1”  баға

 

 

 

Рахмет! Білім алуда сәттілік тілеймін!

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Компьютерлік вирустардан қорғау»

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

 

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: — кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді; — экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады; — компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды; — көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатгы дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтердің ішіен «мүжіп», құртып жататын вирустарға не істеуге болады?! Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешекгегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек. Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютерлерге де тез тарап кетеді жөне өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін. Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді: — резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар; — резидегатік емес вирустар. Вирус жұққан программа іске қосылғанда резвирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазыльп, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады. Дискілерге мөлімет жазу кезінде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазыльп алады да, оның қалай «жұққанын» адамдар білмей де қалады. Ал, резидентгік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтан немесе РАТН командасында көрсетілген каталоггардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

 

Бүлінген және вирус жұққан файлдар Вирус дискіндегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген програмалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін: 1. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет істейтін кеңейтулер (заты) .сот жөне .ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері өсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасанды. Ең қауіпті вирустарға резидентгік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар АЦТОЕХЕС.ВАТ жөне резиденттік СОЗЧҒЮ.8Ү8 арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосълған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады. 2. Операциялық жүйенің жүктеуіші мен қатты дискінін ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар «жүктегіш» (загрузочная) немесе Вооі — вирустар деп аталады. Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды жөне әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі — компъютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұңдай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен түрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметгер кластерлеріне жазылып қалады. 3. Құрылғылар драйверлері, яғни СОКҒІО.8Ү8 файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Оегізе деген сөз түрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол қүрылгыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге кешіру өте сирек болатындықтан, мүндай вирустар көп тарала қоймаған. ОО5 жүйелік файлдарьша (М5 ОО5.8Ү5 жөне ІО.8ҮЗ) да вирус жүқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі. Әдетге әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жүғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жүгатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймагын зақымдайтын вирустар екіниіі орында деп айтуга болады. Шеткері қүрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, өдетте олар бірден орындалатъш файлдарға да зиянын тигізеді. 4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері — дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мөтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің сощы кластеріне) жасырьш жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық .СОМ жөне .ЕХЕ типті файлдар үшін — каталоггағы файлдың ажашқы мәлімеіі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дүрыс көрсеткіш — таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады. Бірақ жалгіы көрініс каталог дұрыс жүмыс атқарған сияқты болып сырт кезге мұның әсері білінбей түрады. Тек вирусы бар дискетгерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай «ауырған» дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Аіс&еБІ программасының соңғы нұсқалары). 5. «Көрінбейтін» жәие өздігінен өрбитін вирустар Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тесілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін — «көрінбейтін» жөне өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық. «Көрінбейтін» вирустар Көптеген резңдештік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар ОО8 жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес. Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздал өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.

 

 

 

 

Оқушылардың өзіндік  жұмыстары:

1.Тілеубергенов Нүркен. 8 «А» сынып оқушысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Сағынбек Айзере. 8 «А» сынып оқушысы.

Сөзжұмбақ

,,,,,,,    ,,,,

ь

  • ,, ,,,,,,ға.

,,,, ,,,

ек. ,тик-ток,,,, ви ,,,

,,,,,.

Жауабы:Компьютерға көмек антивирус

 

3.Нұрыш Айда. 8 «А» сынып оқушысы. «Вирустар» тақырыбында слайд.

4.Төлеу Асылзат. 8 «А» сынып оқушысы. Тест. 5 – қосымша.