Обьектілерді іздеу. Обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері § 12 Нысандармен жұмыс істеу

96

Сабақтың тақырыбы : Обьектілерді іздеу. Обьектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері § 12 Нысандармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты : Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс : іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін; «алмастыру буфері» түсінігін, себет қызметін. Құжатты іздеу, көшіру, жылжыту, файлдардың аттарын өзгерту, өшіру, қапшықтар мен таңбашаларды, себетті тазалау.

Оқушылар үйренуі тиіс : қойылған талапқа байланысты ыңғайлы, оңай көшіруді, жылжытуды файл, бума, жарлықтар атауын өзгерту, өшіруді қалпына келтіруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Файлға, бума және жарлыққа анықтама беріңдер.
  2. Белгілер мен жарлықтар арасында қандай айырмашылық бар ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

          Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынадай амалдар қолданылады:

  • көшіру (нысанның көшірмесі дискінің басқа жеріне орналастырылады ) ;
  • орын алмастыру ( нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады );
  • жою;
  • атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді).

Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшееу арқылы белгілеп алуға болады.

  1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз;
  2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.

Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір- бірінен алшақ орналасса, онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.

Нысандарды жылжыту / көшіру

Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар, мысалы, дискіде.

Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.

Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан- бумаға тышқанмен сүйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады. Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы пайда болады. Сондай –ақ , тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.

Алмасу буфері

Windows –тің алмасу буфері дегеніміз – компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймағы. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық : Көшіру және Кірістіру керек болады.

         Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады.

Алмасу буфері көмегімен нысандарды жылжыту / көшіру тәсілдері

  1. Мәзірдің Реттеу пункті Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу Көшіру немесеРеттеу Қиып алу бұйрығын таңдаңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу          Кірістіру бұйрығын таңдаңдар.
  2. Контекстік мәзір

Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.

3.Пернетақта

Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек:

      Ctrl + С – көшіру;

      Ctrl + Х – қиып алу;

      Ctrl + V- кірістіру.

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

Жою амалы өте қауіпті. Нысанды дұрыс таңдамасаңдар маңызды ақпаратты жойып алуларың мүмкін. Міне, осындай себептермен байланысты нысандарды жою үшін Windows –те арнайы құрал – Қоржын қарастырылған. Қоржын – барлық жойылған нысандар орналасатын арнайы бума.

Нысандарды Қоржынға жою тәсілдері :

  1. Нысанды Қоржынның белгішесіне сүйреу.
  2. Мәзірдің Реттеу            Жою бұйрығымен.
  3. Пернетақта көмегімен : нысанды тышқанмен шертіп ерекшелеп, Del пернесін басса жеткілікті.

Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге болады. Ол үшін Қоржын терезесін ашып, қажетті нысандарды ерекшелеп алып, Қайта қалпына келтіру бұйрығын орындау керек.

Егер дискідегі орын аз болса, әдетте Қоржынды тазалайды. Бірақ бұдан кейін файлдарды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Қоржында орналасқан барлық файлдарды емес, таңдаулыларын ғана жоюға болады.

Қайсыбір тұтынушылар нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жоюды дұрыс көреді. Бұл тәсіл қауіпті, орындалған әрекеттердің дұрыстығына сенімділікті талап етеді.

Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін  Shift +Del  пернелер тіркесімдерін қолданады.

VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VІІ Қорытынды

Оқушылардың тәжірибелік жұмысын бағалаймын.

VІІІ Үйге тапсырма

  • 12 мазмұндау, тесте сұрақтарына жауап беру