Интернетте ақпарат іздеу

121

Сабақтың тақырыбы:   Интернетте ақпарат іздеу

Сабақтың мақсаты:     а) Оқушыларға интернет желісінде ақпарат іздеуді,

ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету;

ә) Әралуан міндеттерді шешуде қажетті ақпаратты өз

бетінше іздеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру;

б) Оқушыларды жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,

эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:           аукцион сабақ

Сабақтың әдісі:          практикалық элементі бар, көрсете – түсіндіру;

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, қазақстан тарихы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, бағалау парағы

 

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Әр кезең бойынша алған ұпай санын сол параққа жазып отырады.

Аукцион – (латын сөзі) көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.

Оқушылар, аукционға білімдеріңді сала отырып,  жоғары баға алуға болады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Сұрақ – жауап кезеңі

1.Желі түрлерін атаңыз?

2.Жергілікті желі не үшін қажет?

  1. Корпоративті немесе аймақтық желі не үшін қажет?

4.Ауқымды желі дегеніміз не?

5.Интернет қай жылы, қай елде пайда болды?

6.Интернет желісі алғаш қандай мақсатта пайда болды?

7.Интернет желісі алғашында  қалай аталды?

8.Қай жылы бүкіләлемдік интернет күні белгіленді? Қай күн деп белгіленді?

9.Интернет хаттамаларын ата?

2.Шығармашылық жұмыс «Интернеттің пайдасы мен зияны»тақырыбында слайдтар дайындау.

3.Топтастыру стратегиясы «Интернет сервистері»

Интернет сервистері

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1.WWW туралы мәліметтер

  1. Іздестіру жүйелері

3.Internet Explorer броузері

W W W  термині- World Wide Web/дүниежүзілік тор/  бұл  дүние жүзілік  ақпараттық  жүйе, ақпаратты  серверлерде  түйінделген      құжаттардың       жинағы. Web  қызметі-Интернеттегі  барлық ақпараттармен  мен мультимедиалық  ресурстарды сипаттайтын термин.
WWW авторлары   — Женевадағы  элементар бөлшектер  физикасының лаборатория  қызметкерлері, физиктер Том Бернс-ЛИ және Роберт Кайо.

Internet Explorer броузерінің мүмкіндіктері:

Түрлі терезелерде бір мезгілде ашылған құжаттарды қарау;

Бұрын қаралған құжаттарды жылдам экранға шығаруды қамтамасыз ету;

Құжаттарды экранда бейнелеу режимін басқару;

Электронды пошта қызметін қолдау;

Құжаттарды магнитті тасушыда сақтау;

Ағымдағы Web- бетте ақпарат іздеу;

ІV. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар:

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. www. Mail.ru сайтынан Атыраудағы бүгінгі ауа –райының болжауын

біліп ал.

  1. www.google. kz cайтынан Қазақстан тарихы пәнінен тест ізде.

3.http://www.tarbie.kz/ cайтына кіріп, математика пәнінен олимпиада материалдарын ізде.

  1. www.yandex. kz сайтына кіріп өз еліміздің табиғаты

жөнінде ақпараттар тап.

 

Ақпараттық диктант

WWW  —     …     –тің қарқынды дамып келе жатқан қызметтерінің бірі.  Интернеттегі ақпаратты шолу үшін    …    программалар керек.

Windows – та  Internet     …      броузер программасы қолданылады.

 

Тегі, аты: _____________________

Дұрыс жауап:_____

Қате жауап:  ______

 

 

 

 

Сауалнама. Activote арқылы

  1. Қорытынды:

Сын тұрғысынан ойлау .  БҮҮ кестесін толтыру

 

Білемін Үйрендім Үйренгім келеді

 

  1. Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы

Әр жауап – 10 ұпай

Тегі, аты_________________________

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

 

Топтастыру

 

Деңгейлік

тапсырмалар

 

 

Ақпараттық диктанат

 

Сауалнама

 

БҮҮ кесте

 

Ұпай

 

Баға

1

 

  • 100-150 ұпай — ”5”
  • 80-100 ұпай —  ”4”
  • 50-70 ұпай – ”3”

 

VII. Үйге тапсырма:   3.2 тақырып – оқуға

«Әлем мойындаған компьютерлік желі» мәнжазба дайындау.