Frame (Жақтау) компоненті

Frame  (Жақтау) компоненті

Сабақтың  мақсаты:

       а)  Білімділігі:  Оқушыларға Frame  (Жақтау) компонентінің мүмкіндіктерімен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету;

ә)  Тәрбиелігі:  Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, икемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру;

       б)  Дамытушылығы:  оқушылардың  ойлау  қабілеті  мен қызығушылығын  дамыту.

Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер, слайд, видеопроектор, оқулық, топтамалар, тест  сұрақтары  т.б.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сөздік, көрнекі,  практикалық

Пәнаралық байланысы: физика, тарих.

Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық

Пайдаланылған  әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова  Информатика  10  сынып  оқулығы,  Балапанов  Информатикадан  30  сабақ, Информатика  негіздері  журналы. Информатика  негіздері  журналы. О.Камардинов Bisual  Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual  Basic ортасы.

Сабақтың  барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

Б) оқу-құралдарын түгендеу, реттеу;

В) олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

  1. Үйге берілген тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы теориялық білімдерін бекіту:
  2. Негізгі басқару элементтерін атаңдар және оларға сипаттама беріңдер.
  3. Бірнеше қосымша басқару элементтерін атаңдар да, оларға сипаттама беріңдер.
  4. Басқару элементтерінің қасиеттерін қалай өзгертуге болады?
  5. Басқару элементтерінің кейбір жиі пайдаланылатын қасиеттерін атап шығыңдар және оларды сипаттаңдар.
  6. Оқиғаларды қандай типтерге жіктеуге болады?
  7. Енгізу өрісінің негізгі қасиеттерін атаңдар.
  8. Надпись (Жазу) басқару элементі не үшін қолданылады?
  9. Переключатель (Ауыстырып қосқыш) басқару элементі қандай қызмет атқарады?
  10. Флажок (Жалауша) басқару элементі қандай батырманың көмегімен жасалады?
  11. Список (Тізім) басқару элементі қандай қызмет атқарады?

Жаңа  сабақ

 Frame  компоненті (ЖАҚТАУ)

батырмасымен  жасалады.  Frame (ЖАҚТАУ) компоненті ішіне басқа компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылады. Негізгі оқиғасы – DragDrop. Frame компонентінің ішіне орналасқан объектілер топтасып осы объектінің кейбір қасиеттерін қабылдап алады. Мысалға, бұл объектіні жылжытса ішінде топтастырылған объектілер де ірге жылжиды. Сондай-ақ  Frame компонентінің көрінбейтін немесе ажыратып қойса, онда ішіндегі объектілер де көрінбейді немесе ажыратылып, жұмыс істемейді.

Frame компонентінің ішіне объект орнату үшін, компоненттер панелінен қажетті объектіні таңдап белгілеп алғаннан кейін (екі рет шертіп таңдауға болмайды, ондай жағдайда объект формаға орналасады)  курсорды жақтау ішіне әкеліп тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын басулы күйде ұстай отырып созу арқылы орналастыру керек.

Егер жақтау ішіне формада орналасқан объектіні кіргізу немесе көшіру керек болса, онда объектіні кесіп немесе көшіріп алып (Edit-Cut  не  Edit-Copy командаларын орынлдау арқылы), жақтау объектісін белгілегеннен кейін қоюға болады (Edit-Paste командасын орындау арқылы).

Frame компонентінің ішіне көбінесе OptionButton, CheckBox  (ауыстырғыштар мен жалаушалар) объектілерін орналастырады. Әсіресе, жақтау ішінде ауыстырғыштарды жиі топтастырады. Егер бірнеше ауыстырғыштарды форманың өзіне орналастырып, қосымша орындалғанда оның біреуін орнатса, онда қалған ауыстырғыштар автоматты түрде ажыратылып қалады. Сондықтан әртүрлі мақсаттарда қолданылатын ауыстырғыштарды бөлек-бөлек топтастырып, әрқайсысын әр жақтау ішіне орналастырады.

Frame компонентінің негізгі қасиеттері ретінде Caption, Enabled, Name, Vizible қасиеттерін атап өтуге болады. Мысалы, Caption қасиетіне топтастырылған объектілердің  атқаратын қызметіне байланысты мән беріледі.

Шығармашылық жұмыс кезіндегі оқушылардың ойлауына, компьютерде жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.

Тапсырма :

  1. Форманың Caption қасиетіне Пәндер мәнін беріңіз, Font комплексті қасиетін ашып, шрифт өлшемін 14 етіп орнатыңыз.
  2. Формаға Command1 және Command2 объектілерін түсіріп, Caption қасиеттеріне Тарих және Физика мәндерін орнатыңыз.
  3. Формаға Frame1 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Тарих, Visible қасиетіне False мәндерін орнатыңыз. Frame1  объектісінің ішіне Text1 объектісін түсіріп, Multiline қасиетін True етіп, Text қасиетіне тарих сабағында өтетін тақырыптарды толтырыңыз.
  4. Формаға Frame2 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Физика, Visible қасиетіне False мәндерін орнатыңыз. Frame2 объектісінің ішіне Text2 объектісін түсіріп, Multiline қасиетін True етіп, Text қасиетіне физика сабағында өтетін тақырыптарды толтырыңыз.
  5. Frame1 және Frame2 объектілерінің өлшемдерін бірдей етіп бір-бірінің үстіне беттестіріп орналастырыңыз.
  6. Command1_Click процедурасынан өтіп, тарих пәнінің тақырыптарын шығару процедурасын толтырыңыз.

Private Sub Command1_Click()

Frame1. Visible = True

Frame2. Visible = False

End Sub

  1. Command2_Click процедурасынан өтіп, физика пәнінің тақырыптарын шығару процедурасын толтырыңыз.

Private Sub Command2_Click()

Frame2. Visible = True

Frame1. Visible = False

End Sub

  1. Қосымшаны іске қосып, орындап көріңіз.

Сергіту сәті (жаттығу жасау)

Үйге  тапсырма:  Frame (Жақтау) компоненті

Сабақты  қорытындылау

Жаңа  материалды  пысықтау,  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.

Бағалау.