Компьютер сыртқы құрылымы . Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақтамен танысу.

44

Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте

 

Сыныбы  7а Күні  24.10.
Сабақтың тақырыбы Компьютер  сыртқы   құрылымы .  Енгізу-шығару  құрылғылары. Монитор. Пернетақтамен танысу.
Мақсаты Енгізу-шығару  құрылғыларына шолу  жасау,монитор. Пернетақта артқаратын жұмысты білу.
Күтілетін нәтижелер Компьютер  сыртқы құрылымын білуі. Пернетақта мен монитор туралы білімдерін  көтеру.
Керекті жабдықтар Интерактивті  тақтамен,  оқулықпен  жұмыс,  компьютермен  жұмыс,    мәтін жазылған  карточкалар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

Амандасу.

«Enter»,  «Delete»,  «Esc»,  «Бос орын»   пернетақтаның арнайы пернелеріне топтарға бөлемін.

Амандасады.

Топқа бөлінеді.

«Enter»,  «Delete»,  «Esc», «Бос орын»болып  4 топқа  бөлінеді.

Тұсаукесер

 

 

 

Сұрақ жауап арқылы  оқушыларың  қызығушылығын ояту.

1.Процессор дегеніміз не?

2. Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады?

3.Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар?

Бағалау  критерий парағын таратамын

 

Ойланады, айтады, пікірлерін бөліседі,  сұрақтарға жауап  береді.

1.Компьютердің ең басты бөлігі. Компьютердің -«миы»

2. Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақташа), порцессор,  қоректендіру  блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы көптеген басқа құрылғылар бар.

3. Жүйелік блок, монитор,  пернетақта.

Негізгі бөлім

 

 

 

Топтарға тақырыптар бөлініп беріледі. Топ арасында оқиды.  Топ  арасында  талдайды. Содан  соң  «өкіл» әдісі арқылы бір оқушы әр топтарға барады.

 

Тапсырмаларын анықтап алады.

Белсенді оқиды, түсінеді, талдайды, ақпарат  алады.

Әр  топтан бір өкіл  тағайындайды.

Өкіл әр  топқа  барып тапсырмасы  бойынша  баяндайды. Уақыт аяқталған  соң  орындарына  келіп қайта  талдайды.

Қорытынды

 

 

 

 

«Пилот пен штурман» ойыны.

Оқушыларды ойынның шартымен таныстыру. Оқушылар жұптасып компьютерде мәтін  тереді.

Тышқан – қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – Маус  манипуляторымен жабдықталған.

Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол – сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

а) монитордың   ажырату қабілеті дегеніміз не? 

 б) монитордың түрлерін атаңдар?

 в) пернетақтаның қандай блоктары бар?

 

Сабақ  басында дайындалған критерий бойынша бағалау.

Рефлексия парағы беріледі

 

Компьютерде жұмыстанды. Мәтінді пилот оқиды да штурман  тереді.  5 минут  өткен  соң  штурман  мен  пилоттың  орындар  ауысады. Оқушылардың  әріптерді теру шапшаңдығы артады.  Кейбір  білмейтіндерін  бір-бірінен  сұрайды. Тәтінді бітіруге  тырысады. Тышқан  туралы  мәтінді жазып  бітіреді.

 

 

 

Сабақ бойынша сұрақтарға  жауап  береді.

 

 

Бағалау  парағын толтырады. Өз-өздерін бағалайды,  көршілері бағалайды, мұғалім  бағалайды.

 

Рефлексия парағын толтырады.

Сабақтың өзіндік талдауы

 

Сабақ бойынша өзгертулер

 

Танатова Гульжанар Курмангалиевна

Орал қаласы Круглоозерный ОЖББМ информатика пәні мұғалімі