Алманың пішінін сомдау

 13-2.  Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы :   Алманың   пішінін сомдау.

Сабақтың мақсаты: 1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Сомдау бастамас бұрын жұмыртқаның пішіні мен көлемін анықтап алу. Алдымен ермексазды жұмсартамыз.Жұмыртқаның пішінін саусақтың ұшымен сомдаймыз.Оны бояуға да болады.

ә) Алманың пішінін сомдау:Қызыл түсті ермек сазды домалақтаймыз. Саусақтың ұшымен оны алма пішініне келтіреміз. Артық ермексазды кескішпен кесіп немесе қырып аламыз.Кескішпен сабағын орнататын шұңқыр шұңғылдаймыз. Жасыл түсті ермексаздан жапырағы мен сабағын жасап, шұңқырға енгізіп жасырамыз

ІҮ. жаңа білімді бекіту:-Жұмыртқаның пішіні қандай?-Кескіш құралға жата ма?Үлгісі.

Ү. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?