«Көлдегі аққу» композициясы. Мысық.

88
  1. Сабақтың тақырыбы : «Көлдегі аққу» композициясы. Мысық.

Сабақтың мақсаты: 1 Мүсін  туралы түсінік беру.   2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.                                 

Сабақтың мазмұны:

 І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.Суретті тақтаға ілуә) Оқушылардың «Көлдегі аққуды»  ермексазбен мүсіндеуі.

Көлдегі аралды ермексазбен  жасап, шөп орнына қарағай немесе шырша қылқанын пайдалануға болады.б) Мысықты мүсіндеу.Оның жатқан қалпын бейнелейік:1Алдымен денесін,басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап аламыз.2Бөліктерді жапсырып біріктіреміз.3Мысық денесіне басын, құйрығын,аяғын, құлағын жапсырамыз.4Біріккен жерлерін тегістейміз.

 ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-«Қөлдегі  аққу» компазициясын құрастыруға қандай материалдар қажет?-Аққудың мойнын қалай орнықты етіп бекітуге болады?-Мысықтың көзін неден жасауға болады?

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?