Өзіндік жұмыс: бұзау мен қошақан.

Сабақтың тақырыбы : Өзіндік жұмыс: бұзау мен қошақан.

Сабақтың мақсаты:1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.3)  Оған сүт араластырыңдар.4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.5) Ойыншыққа лак жағыңдар.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?-Қашақанның ше?-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?

Ү.Сабақты қорытындылау:Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?