Практикум. Аралас құжаттар құру

88

Акмола облысы

Зеренді ауданы

Ақкөл орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Информатика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикум. Аралас құжаттар құру.

Мақсаттары:

— оқушылардың мәтіндік және графикалық ақпаратты өңдеу тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, «Алтын сақа» ойынын ұйымдастыру және пәнге деген қызығушылықтарынарттыру;

— білімдерін, ой-өрістерін дамыту және халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге баулу;

— білімді, қоғамшыл, арманшыл ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын материалдар: асықтар, түрлі-түсті конвертер, қоржын, презентация.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Құрметті оқушылар. Бүгінгі сабақта «Алтын сақа» ойынын ойнап, практикумның тапсырмаларын орындаймыз. Қазақстанның болашағы сіздерсіз – жауапты да жігерлі, білімді, ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтайтын ұрпақ.Еліміздің патриоты болу үшін білімдеріңді кеңейту мақсатында «Алтын сақа» ойынын ойнайық.

Ойыншыларды анықтау үшін 10 сұрақ беріледі. Кім толық және көп ұпай жинайды сол оқушылар ойынға қатысады. (Немесе сыныпты төрт топқа бөлуге болады).

І кезең. «Табалдырық» .

  1. Суретті мәтінге қосу тәсілдерін атаңдар.
  2. Абзацты пішімдеу негізгі параметрлері қандай?
  3. Сызғыш не үшін керек?
  4. Палитра дегеніміз не?
  5. Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?
  6. Пиксель дегеніміз не?
  7. Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?
  8. Мәтіндермен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер?

9.Мәтін элементтерін атаңдар.

  1. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атап беріңдер.

ІІ кезең. «Әудемжер» . 4 конвертте бір-бір сұрақ жасырылған. Ойыншылар асық иіріп, өз кезектерін анықтайды: алшы -1,тәйке-2, шік -3,бүқ -4.

— Ойынға қатысушылары анықталды. Олар асық түрлерін таңдайды. (қызыл,көк,жасыл,ақ)

— Осы түстер туралы не білесіңдер?

— Асық ойындарын атаңдар. (Қосымша мәлімет мұғалім береді, презентация слайдтарын көрсету).

Сұрақтар:

1.Мәтіндік редакторында  түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

  1. Табуляция не үшін керек?
  2. Тізімнің қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Мәтіндік және графикалық редакторлар өзара ақпаратпен қалай алмаса алады?

ІІІ кезең. «Беласар».

-Бұл кезеңде сіздер 22-наурыз мерекесіне ашықхат әзірлейсіздер. Мәтіндік редакторда құттықтау немесе өлең жолдарын теру және оған Paintа салынған графикалық бейне қою керек.

  1. Анаға арналған ашықхат.
  2. Мұғалімге ашықхат.
  3. Әжеге ашықхат.
  4. Құрбы қызға арналған ашықхат.

Қосымша сұрақтар: Наурыз мейрамында  қандай асық ойындары ойнатылады?

Асық ойынын бір түрін оқушыларға көрсетіңдер.

IV кезең. «Жерұйық».

— Оқушылар үйде дайындап әкелген жұмыстарын қорғайды. Ребус, кроссворд.

V кезең. «Алтын көмбе».

— Бұл кезеңде оқушылардың білімдерін тексеру үшін тест өткіземіз.

ІІ. Сабақты қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтау. Бағалау. Марапаттау.

ІІІ. Үй тапсырмасы §25, 26.

  1. Рефлексия.