«Бауырсақ» ертегісі кейіпкерін мүсіндеу

158

 «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерін мүсіндеу.Сабақ тақырыптары: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерін мүсіндеу

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру.  2. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы   оқушылардың қиялын дамыту.  3. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: — Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Зымыранды құрастыруды аяқтау. 1. Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айту.2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не біліп келдіңдер?

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру

— Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы:  «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін

сомдау,бейнелеу деп аталады.

  1. Жаңа сабақ:Мұғалім бауырсақ ертегісін оқушыларға оқып береді.

-не туралы?

-атамен  әженің  көңіл  күйі  туралы не айта аламыз?

— Оқушылар түсінгендерін, мазмұнын айтады.

  1. Практикалық бөлім:

1.Сурет  бойынша  әңгімелей  отырып  бейнелеу Бауырсақты мүсіндеу 1. мүсіндеу  жолдарын көрсету.2. 50 беттегі сызба бойынша жұмыс.3. Бауырсақты өз бетіңмен безендір.

  1. Қорытынды бөлім:— Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:

«Бауырсақ » ертегісінің басқа да кейіпкерлерін мүсіндеп келу.