Word мәтіндік редакторында кесте құру

44

Сабақтың тақырыбы:  Word мәтіндік  редакторында кесте құру

Сабақтың мақсаты:    

Білімділік:   Оқушыларға Word мәтіндік  редакторында кесте құруды және

кестеге мәтін енгізуді үйрету.

            Дамытушылық:   Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,

шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу

 

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, слайдтар.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 (Оқушыларды түгендеу)

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру

«Word мәтіндік  редакторы»

  1. Word мәтіндік редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
    2. Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін…
    3. Word мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін қандай командалар орындаймыз?
    4. Word мәтіндік редакторын жабу үшін…

 

ІІІ Жаңа сабақ

 

Мәзір жолы: Кесте(Таблица)           Қою(Вставить)          Кесте(Таблица)

Осы командалар орындалғаннан кейін мына терезе пайда болады:

 

Бұл терезеге баған саны мен жол санын жазып ок батырмасын басамыз. Сонда  Word мәтіндік  редакторында мынадай кесте пайда болады.

 

 

 

Тапсырма №1

Кесте құр:
1) баған саны-3, жол саны-7.
2) баған саны-5, жол саны-2
3) баған саны-2, жол саны-10

 

Тапсырма №1

Баған саны-4, жол саны-11 болатын кесте құр және толтыр

 

Р/с Тегі Аты Сыныбы
1      
2      
3      

 

1)Тұрады ол жолдармен  бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)

 

2)Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.   (Жол)

 

3)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.  (Ұяшық)

 

 

ІV. Бекіту сұрақтары

Кесте дегеніміз не?
Кестені құру үшін…
Кесте нелерден тұрады?

 

 

«Не үйрендім, не білемін, не білгім келеді?» оқушылар жеке-жеке жауап береді

 

 

  1. Үйге тапсырма

Дәптерге кесте құру және кестені толтыру

 

 

VІ. Бағалау