Практикалық жұмыс «Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок — схемалар»

363

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок — схемалар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок – схемалар тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Алгоритмдермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру:
  2. Алгоритм дегеніміз не?
  3. Алгоримнің орындаушысы деген кім?
  4. Алгоритмнің қандай типтерін білесіңдер?
  5. Алгоритмнің берілу формаларын атаңдар.

 

  1. Практикалық тапсырмалар

 

Тапсырма -1:

Тармақталу алгоритміне мысал келтеріп, оған блок-сызба құрыңдар.

 

Тапсырма – 2

Математика оқулығынан алгоритмге мысал табыңдар. Сол бойынша блок-сызба құрыңдар.

 

Тапсырма – 3

Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңдар.

 

Тапсырма – 4

72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар.

 

  1. Сабақты қорытындылау. Оқшыларға баға қою

 

  1. Үй тапсырмасы: Алгоритмнің типтерін қайталау.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Оқулық 6 сынып«Информатика» — Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун.

«Арман — ПВ», 204

  1. Әдістемелік құрал 6 сынып «Информатика» — Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун.

«Арман — ПВ», 2014