Пішін және басқару элементтері

80

Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы:   Пішін және басқару элементтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Білімділікке, сауаттылыыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі :Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы:Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру .

Сабaқтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.    «Жуан және жіңішке» сұрақтар

  1. Бас мәзір дегеніміз не?
  2. Бас мәзірдің қатарын айт
  3. Проектілер терезесі дегеніміз не?
  4. Visual Basic ортасының бөліктерін түсіндір?
  5. New парағын түсіндір?
  6. Existing парағын түсіндір?
  7. Recent парағын түсіндір?
  8. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
  9. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
  10. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
  11. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?

 

Маңынаны тану.

Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет атқаратын басты терезені Форма деп атайды. Ол орындалған кезеңде көзге көрінбейтін нүктелі тордан тұрады. Тор пайдаланушының формадағы объектілердің дұрыс орналасуы үшін қызмет атқарады. Форма форма конструкторы терезесінде орналасады.  Форма макеті терезесі қосымша орындалғанда программалаушыға форманың  экранның қай жеріне шығатынын көрсетіп тұрады. Форманың экранға шығатын орнын өзгерту үшін программалаушы макеттегі  форманың бейнесін курсормен шертіп қалаған жеріне сүйреп апарып қоюына болады.

Пайдаланушы Форма мен оның конструкторы терезелерінің өлшемдерін кәдімгі Windows терезелеріндегі әдістерді қолдану  арқылы, өзінің қалауы бойынша өзгертіп алуына болады.

Егер экранда  Форма  көрінбесе, онда оны келесі командаларды орындап шығаруға болады:

  1. Бас менюден View-Object командасын  орындау арқылы;
  2. Shift+F7 функциональды клавишаларын басу арқылы;
  3. Project терезесіндегі сәйкес батырманы басу арқылы

Visual Basic ортасының Комоненттер  панелінде  келесі элементтер орналасқан:

  1. Pointer – панельдегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.
  2. Label – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.
  3. Frame – формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.
  4. CheckBox – формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.
  5. ComboBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.
  6. HscrollBar – формаға жатық айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
  7. Timer – формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент
  8. DirListBox – формаға таңдалған дискінің құрамына кіретін каталогтар тізімін шығаратын компонент.
  9. Shape – формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент
  10. Image–формаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.
  11. OLE – Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программаларымен байланыстыратын компонент.
  12. PictureBox –формаға графиктік өріс шығаратын компонент.
  13. TextBox – формаға текстік және сандық шамаларды енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.
  14. CommandButton – формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонент.
  15. OptionButton – формаға жанында ауыстырып қосқышы бар жазу шығаратын компонент
  16. ListBox – формаға бірнеше қатарлардан тұратн жазулар тізімін шығаратын компонент
  17. VscrollBar – формаға тік айналдыру белдеушесін шығаратын компонент
  18. DriveListBox – формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент
  19. FileListBox – формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент
  20. Line – формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент
  21. Data – формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент.

Бұлардан басқа элементтер панеліне Project-Components  командасын орындағанда немесе курсорды компоненттер панеліне апарып оң жақ батырманы басып, контексті мәзірден Components  қатарын таңдағанда шығатын үш парақтан тұратын  Components терезесінен компонентті белгілеу арқылы қосымша объектілер ендіруге болады.

Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе Қасиеттер терезесі деп аталады. Проектідегі кез-келген объект белгіленген кезде оның қасиеттері қасиеттер терезесінде көрінеді. Бұл терезеден белгіленген объектінің әртүрлі қасиеттерін таңдап орнатуға болады. Мысалы: объектіге ат беру, түсін өзгерту, шрифтер орнату, экранда көрінбейтін ету т.б.

Егер экранда Қасиеттер терезесі көрінбесе, онда оны төмендегі командаларды орындап шығаруға болады:

  1. Бас мәзірден View-Properties Windows командасын орындау арқылы;
  2. Құрал-саймандар панелінен сәйкес батырманы шерту арқылы;
  3. F4 функциональды клавишын басу арқылы;

Форма және онда орнатылған компоненттер объектілер деп аталады. Олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары болады.

Visual Basic-те пайдаланушының басты міндеті болып объектілерге қасиеттер мен әдістерді дұрыс таңдай білу мен код терезесінде оқиғаларды өңдеу процедураларын жазу болып табылады. Visual Basic  объектілерінің  өзіне тәнқасиеттерімен қатар көптеген ортақ қасиеттері  де болады. Қасиеттер терезесінде олардың  ортақ қасиеттерін бірнеше объектілерді бірден  белгілеу арқылы орнатуға болады. Төменде келтірілген Form объектісінің кейбір қасиеттері басқа объектілерге де тән.

Name – формаға ат қою, программалық кодта Visual Basic объектіні осы ат арқылы таниды, сондықтан объектіге аттар ағылшынша қойған дұрыс.

Backcolor – форманың фонының түсін орнату түс мәндерін System немесе  Palett тізімдерінен таңдауға болады.

Bolderstyle – форма жиегінің стильдерін орнату

Caption – форманың тақырыбын жазу

ControlBox – форманың өлшемдерін басқару батырмаларын орнату немесе алып тастау

Font – шрифт түрлерін орнату

Forecolor-формаға Print  әдісімен шығатын текст түсін орнату, бұл қасиеттің мәні формада орналасқан басқа текстік объектілерге әсер етпейді.

Height, Top, Left, Width – форманың экранда орналасуын реттеу және оның өлшемдерін орнату үшін қолданылатын қасиеттер.

Пайдаланушының әрбір орындаған іс-әрекеті белгілі бір оқиғаны шақырады. VB-те әр оқиғаның өз аты болады, мысалы:

Initialize  қосымшаны іске қосқанда пайда болады;

Load – қосымша жүктеліп жатқанда пайда болады;

Resize – қосымша жүктеліп болғаннан кейін пайда болады;

Deactivate – форма екпінсіз күйге өткенде пайда болады;

Activate – формаға екпінді күйге өткенде пайда болады;

Unload-форманы жапқанда пайда болады;

Terminate – форма жабылғаннан кейін пайда болады;

Change – текстік алаңға клавиатурадан символ енгізген сайын пайда болады;

Click – объектінің үстіне курсорды  апарып тышқан құрылғысының сол жақ батырмасын шеріп, қайта жібергенде пайда болады;

Dbiclick – объектінің үсітне курсорды апарып тышқан құрылғысының батырмасын екі рет шерткенде ғана пайда болады

gotFocus – объект фокусқа кірген сәтте пайда болады;

LostFocus-объект фокустан шыққан сәтте пайда болады;

Paint – сурет салу

keyPress – объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басқан сәтте пайда болады;

keyUp – объект белгіленген кезде кез-келген клавишты басып қайта жібергенде пайда болады;

MouseMove – объектінің үстіне курсорды апарғанда  пайда болады;

MouseUp –  объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының кез-келген батырмасын шертіп, қайта  жіберген пайда болады;

MouseDown- объектінің үстіне курсорды апарып тышқан құрылғысының  кез келген батырмасын шерткен сәтте пайда болады.

Ой толғаныс:

«Семантикалық карта»

           Түрлері

 

Мүмкіндіктері

Қасиеттер Оқиғалар Әдістер
Name
Load
Font
Picture
Unload
Caption
Initialize
ScaleMode
Bolderstyle
Scale
Icon
Terminate
Show
Appearance

«Кубизм» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Пішін дегеніміз не?
  2. Пішіннің негізгі қасиеттері қандай?
  3. Визуалды программалаудың мәні неде?
  4. Пішін оқиғаларын өңдеу процедурасы дегеніміз не?
  5. Экранның жоғарғы сол жақ  бұрышының координаттарын өандай қасиеттер береді?
  6. Пішін әдістері дегеніміз не?

Компьютермен жұмыс

Практикалық жұмыс №1

Тақырыбы: «Пішінді шерту» программасын құру

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
  2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект Объект аты Қасиеті Орнату
Пішін Form1 Caption Менің бірінші қосымшам
  1. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:

Form1.Print «Пішінді шерту»

  1. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады. Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады.

 

 

 

  1. Жобаны сақтап қойыңдар.

Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: «Пішінде сурет салу» программасын құру

Жұмысты орындау реті:

  1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
  2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект Объект аты Қасиеті Орнату
Пішін Form1 Caption Пішінде сурет салу
Пішін Form1 AutoRedraw True
Пішін Form1 BackСolor Қызғылт түсті таңдау
  1. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда MouseMove процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:

If Button = 1 Then Form1.PSet (X, Y)

  1. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінде тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сурет саламыз.

 

  1. Жобаны сақтап қойыңдар.

 

Үйге  тапсырма: Пішін және басқару элементтері

Сабақты  қортындылау :  Жаңа  материалды  пысықтау,  Оқушылардың  менгерген  білімдерін  талдау, бағалау .