Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу

74

Сабақтың тақырыбы:  Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  Оқушыларға Турбо Паскаль программалау тілінде мәтіндерге қолданылатын  амалдар мен функцияларды көрсету; оларды  пайдалануды үйрету.

 

Дамытушылық:  Турбо Паскаль программалау тілінде мәтіндерді өңдеу мәселелерін шешуде оқушылардың программа қуру және орындау  икемдіктері мен дағдыларын жетілдіру, олардың мәліметтер типтері туралы түсініктерін кеңейту және жүйелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу; олардың талдау, алгоритмдік ойлау, оперативті шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі және оқыту қуралдары: интерактивті тақта, әдістемелік слайдтар, кестелер, тірек сызбалар, TURBO PASCAL жүйесінің біріктірілген программалау ортасымен жабдықталған компьютерлер.

 

Болжамдап отырған нәтиже: Аталған тақырып бойынша  оқушылардың толыққанды бағдарламалық іс-әрекетке сәйкес келетін тұлғалық сапасы қалыптасады, нақты айтқанда, оқушы TURBO PASCAL жүйесінің біріктірілген программалау ортасында мәтіндік ақпаратты өңдеу жолдарын игереді.

 

Оқытудың  әдіс-тәсілдері: ойын элементтерін пайдалану, топтастыру, талдау, түсіндіру, компьютерде тапсырмалар орындау, семантикалық картаны  толтыру.

 

 

 

 

Сабақ жоспары:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі — 1 минут;
  2. Үй тапсырмасын тексеру- 6 минут;
  • Өткен сабақты бекіту және оның жаңа сабақпен байланысы- 2 минут;
  1. Жаңа сабақты баяндау — 19 минут;
  2. Жаңа білімді практикада пайдалану-12 минут;
  3. Жаңа сабақты бекіту — 3 минут;
  • Үй тапсырмасы бойынша түсініктеме беру — 1 минут;
  • Оқушылардың жұмыстарын бағалау — 1 минут

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. сәлемдесу;
  2. оқушылардың назарын сабаққа аудару;
  3. сабаққа қажетті техникалық қурал жабдықтардың жұмыс жағдайын  қадағалау ;
  4. оқушыларды сабақтың  тақырыбымен және жоспарымен таныстыру.

 

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру барысында  «Киоск» ойынын жүргіземіз. «Киоскының» міндеті: ұмытылып қалған, жоғалған білімді қайтару. Киоск  иесі: жақсы оқитын оқушылардың бірі. Оның қолында барлық сұрақтардың жауаптары болады(жазбаша түрінде).Қалған оқушыларға + «жауаптың  құны» атты кеспе қағаздар таратылып береді.

 

 

Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасына берілген §4.1-§4.2 бойынша сұрақтар қояды(жауаптары жақша ішінде көрсетілген). Жауап бере алмаған оқушылар жауапты киоскыдан «сатып алады».

 

Сұрақтар:

  • ТурбоПаскаль жүйесінде мәтіндік мәліметтердің символдық типі қалай беріледі? ( CHAR)
  • Символдық типтегі мән ретінде нені алуға болады? ( Символдық типтегі мән ретінде компьютерде бар символдар жиынтығының кез келген бір символын алуға болады)
  • Символдық тұрақты дегеніміз не? ( Символдық тұрақты – апострофқа алынған символ, мысалы, ‘y’, ‘!’, ‘_’, ‘T’)
  • Символдық айнымалы қалай көрсетіледі? ( Символдық айнымалы программаның сипаттау бөлігінде көрсетіледі, мысалы, Var Ch: char)
  • Компьютердің жадында әр символ қанша орын алады? (Компьютердің жадында әр символ 1 байт орын алады)
  • Символдық мәндерді енгізу/шығару үшін қандай операторлар  қажет?( Символдық мәндерді енгізу үшін READLN операторын, шығару үшін  WRITE немесе WRITELN операторын қолданамыз).
  • Пернетақтадан символдарды қалай еңгіземіз?( Пернетақтадан символдарды енгізгенде апострофсыз тереміз. Мәндерді енгізгенде кез келген перненің барлығы символ ретінде қабылданады.
  • Келесі қатынастар ақиқат немесе жалған екенін анықтаңыздар:
‘A’< ‘B’  
‘B’< ‘a’  
‘b’< ‘a’  

Жауабы:

‘A’< ‘B’ TRUE
‘B’> ‘a’ FALSE
‘b’< ‘a’ FALSE
  • Келесі шартты оператор қандай логикалық өрнекті бейнелейді?

If  c:=’!’ then c:= ‘.’(егер с=’!’ онда ол  ‘.’-ге ауыстырылады)

  • For r:=’a’ to ‘d’ write(r) орындалғанда экрандағы нәтиже қандай болады?(Нәтижесінде экранда abcd  символдар тізбегі шығады).
  • ORD(CH) функциясы қандай міндет атқарады? ( CH айнымалысына меншіктелген символдың кодын береді)
  • ORD(!)=? (ORD(!)=33)
  • CHR(N) функциясы қандай міндет атқарады? ( N кодына сәйкес символды береді).
  • CHR(33) =? (CHR(33) =’!’)
  • UPCASE(CH) функциясы қандай міндет атқарады? (кішкене латын әріптерін соларға сәйкес бас әріптерге алмастырады)

 

ІІІ. Өткен сабақты бекіту және  оның жаңа сабақпен байланысы:

 

 

  1. Оқушыларға берілген деректерден «символдық» типке жататынын топтастыруға ұсыну: ‘)’ , ‘y!_T’, ‘D’, ‘Turbo’, ‘Фамилия’, «5».
  2. Барлық деректерді мұғалім «Тіркестік» жағына топтастырып, тіркестік типтегі мәндер кез келген символдардан қуралатынын айта отырып, жаңа материалды түсіндіруге өтеді. Мәтін әртүрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады.Мәтіндермен жұмыс істегенде тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады.

 

ІV. Жаңа сабақты баяндау:

 

Мұғалімнің түсіндірмесі:

  1. Анықтама 1: Тіркестік тұрақты(жолдық тұрақты) деп апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады. мысалы, “Enter”  , ’22 nauryz’, ‘y!_T’,  ‘Turbo’.
  2. Тіркестік айнымалылар жайлы анықтамалық мәлімет символдық айнымалылармен салыстыра отырып, Вен диаграммасын қуру арқылы көрсетіледі:
Символдық айнымалылар Ортақ  белгілері Тіркестік айнымалылар
Кез келген бір символ   Кез келген символдар тізбегі. Мұнда енгізілетін символдар саны 255-тен аспауы керек.
Var айнымалының аты: char программаның сипаттау бөлігінде көрсетіледі Var айнымалының аты: string[n] , n-жолдың ұзындығы .
Мысал:

Var  ch: char

  Мысал:

Var  ch: string[10]

Компьютердің жадында  1 байт орын алады   Компьютердің жадында тіркестік айнымалыға n+1 байт орын бөлінеді.Бір байт (0-нөмірлі) символдардың ағымдағы ұзындығын көрсету үшін бөлінеді.
“Enter”  пернесі символ  ретінде қабылданады.

 

Тіркестік мәндерді енгізу- шығару символдық мәндерді енгізу- шығарумен (readln/writeln) бірдей, тек “Enter”  пернесі символ емес, тіркестік мәннің соңы ретінде қабылданады.

 

  Қатынас                          ( >,>=,<,<=,=,<>) операцияларын қолдануға болады.Салыстыру олардың символдарының кодтарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарын солдан оңға қарай біртіндеп бір бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,  онда символдары көп жол үлкен деп есептеледі.

Мысал: А=’ 18-ші қаңтар’

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
12 1 8 ш і   қ а ң т а р
  1. Қатынас амалдары:
‘B’< ‘a’ TRUE
‘Abba’< ‘ABBA’ FALSE
‘ABBAT’< ‘ABBA’ FALSE
‘Boy’< ‘Girl’ TRUE
‘100’< ‘110’ TRUE
‘ABBA’< ‘ABBA’ FALSE
‘TAM1’> ‘TAM2’ FALSE
‘abba’< ‘ABBA’ TRUE
  1. Тірек-сызбамен жұмыс:
Аты Турбо Паскаль функциялары, процедуралары Мысал
Жолдың үзіндісін көшіру Copy(st, poz, n)
и н ф о р м а т и к а
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

T: =copy(A,2,5)

Жолдан символдарды өшіру delete(st, poz, n)
и н ф о р м а т и к а
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

delete(A, 7,5)

Жолды кірістіру Insert(st1, st2,poz) st1=’жаңбыр жауды’, st2=’қатты  ‘                 Insert(st1, st2,8)             ’жаңбыр қатты жауды’
Жолдың қосылуы Concat(st1, st2); немесе

st1+st2

st1=’қатты  ‘            st2=’жаңбыр жауды’  new:=Concat(st1, st2); немесе new:=st1+st2           new:=’қатты  жаңбыр жауды’
Жолдың ұзындығын анықтау Length(st)
и н ф о р м а т и к а
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

St:=’информатика’  L:=Length(st)                       L:=11

Жолдан ішкі жолды іздеу Pos(pst, st) St:=’информатика’                N:= Pos(‘матика’, st)           N=6
  • Мәтіндік өрнектерді қуру мысалдар және математикалық өрнектермен салыстыру арқылы түсіндіріледі:
  1. Жаңа материалды практикада көрсету:

«Информатик» сөзі берілген. Стандартты тіркестік процедуралар мен функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек

  • сөздің ұзындығын табу;
  • сөзге ‘пін’ жалғауын жалғау;
  • сөзден ‘форма’ үзіндісін кесіп алу;
  • сөзден ‘атик’ үзіндісін алып тастау;
  • Сөз алдына ‘Мен’ тұрақтысын кіргізу;
  • Сөз ішіндегі ‘о’ әрпінің орналасу нөмірін табу.

 

Программа Паскаль тілінде жазылады. Мұғалім программаның қуру барысын  оқушылармен бірге талдай отырып,  интерактивті тақта арқылы жүргізеді:

 

File  Edit  Search  Run  Compile  Debug  Tools  Options  Window  Help

╔═[■]══════════════════════════════ INF.PAS ═════════════════════════════1═[↕]═╗

║program informatik;                                                           ▲

║var                                                                           ■

║a1:string[11];a2:string[3];                                                   ▒

║a3:string[4]; a4:char;                                                        ▒

║b1,b6:integer;b2:string[13];                                                  ▒

║b3:string[5];b4:string[6];                                                    ▒

║b5:string[14];                                                                ▒

║begin                                                                         ▒

║a1:=’informatik’;                                                             ▒

║b1:=length(a1);                                                               ▒

║a2:=’pin’;                                                                    ▒

║b2:=concat(a1,a2);                                                            ▒

║b3:=copy(a1,3,5);                                                             ▒

║delete(a1,7,5);                                                               ▒

║a3:=’Men ‘;                                                                   ▒

║b5:=concat(a3,a1);                                                            ▒

║a4:=’o’;                                                                      ▒

║a1:=’infornatika’;                                                            ▒

║b6:=pos(a4,a1);                                                               ▒

║writeln(‘b1=’,b1,’ ‘,b2,’ ‘,b3);                                              ▒

║writeln(b4,’ ‘,b5,’ ‘,b6)                                                     ▼

╚═══════ 1:1

 

Нәтижесі:

F1 Help  F2 Save  F3 Open  Alt+F9 Compile  F9 Make  Alt+F10 Local menu

Turbo Pascal  Version 7.1  Copyright (c) 1983,97 Borland International

b1=10 informatikpin forma

Men inform 4

 

  1. V. Жаңа білімді практикада пайдалану:

Оқушылар программаны ТурбоПаскаль тілінде орындайды:

«Студент» сөзі берілген. Стандартты тіркестік процедуралар мен функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек:

  • сөздің ұзындығын табу;
  • сөзге ‘пін’ жалғауын жалғау;
  • сөзден ‘ден’ үзіндісін кесіп алу;
  • сөзден ‘ент’ үзіндісін алып тастау;
  • Сөз алдына ‘Ол’ тұрақтысын кіргізу;
  • Сөз ішіндегі ‘е’ әрпінің орналасу нөмірін табу.

 

Ескерту: оқушылар алдыңғы INF.PAS бағдарламасын ашып, тапсырмаларға сай қажетті түзетулер еңгізеді.

  1. Жаңа сабақты бекіту: Оқушылар сабақта қабылдаған негізгі ақпаратты жүйелей отырып келесі семантикалық картаны толтырады:

 

Функция/нәтиже ‘4’ ‘2  ‘ ‘1+20’ 0 1 ‘20’
Length(`Aта-‘)            
Copy(’22 nauryz’,2,2)            
‘2’+’0’            
Copy(’1001+205’,4,4)            
Length(`‘)            
Poz(‘ab’, ‘array’)            
Delete(‘22 nauryz’,2,8)            
Concat(‘2’,’0’)            

 

Жауабы:

Функция/нәтиже ‘4’ ‘2 ‘ ‘1+20’ 0 ‘2’ ‘20’
Length(`Aта-‘)          
Copy(’22 nauryz’,2,2)          
‘2’+’0’          
Copy(’1001+205’,4,4)          
Length(`‘)          
Poz(‘ab’, ‘array’)          
Delete(‘22 nauryz’,2,8)          
Concat(‘2’,’0’)          

 

 

VII. Үй тапсырмасы бойынша түсініктеме беру:§4,3(оқу); №12-19 сұрақтар бойынша дайындалу. Жаттығулар: 4,8

 

VIII. Оқушылардың жұмыстарын бағалау:

Сабақ  барысында сұрақтарға қаншалықты жауап бергені, орындаған программасы толық ескеріліп,  оқушыларға баға қойылады.