Ертегілер туралы түсінік

196

Сабақтың тақырыбы:  Ертегілер туралы түсінік

Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу,тіл байлығымды дамыту, ертегі оқуға деген қызығушылығымды арттыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, жартылай-ізденушілк.

Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, эйлер дөңгелегі, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.

Ресурстары: интерактивті тақта,5 сыныптық оқулығы авторы:Ә Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай.  Алматы «Атамұра» 2010

 

Мазмұны: 1. Ертегі туралы түсінік, оның түрлері

Морфологиялық карта

№ р/с Тақырыбы Өмірге қажетті ақпарат Басқа пәндерде кездесетін ақпарат Берілген пәнді одан әрі оқып тану үшін қажетті ақпарат Жалпы ой-өрісін дамыту үшін ақпарат
1. Ертегі туралы түсінік Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді.

 

Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі, ҰБТ, ОЖСБ,

5-11 сынып әдебиеті

Танымдық қабілетін, ой-қиялын,тіл байлығын дамыту

 

 

 

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру

Кезеңнің міндеті – оқушылардың психологиялық дайындығы, сабақтың тақырыбы мен міндеттерін хабарлау.

  1. Тақырыпқа енгізу

1 – деңгей білім

«Қане жауап ізделік»

— Фольклор мен ауыз әдебиеті бір ұғым ба?

—  Ауыз әдебиетінің қандай белгілері бар?

— Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

— Мақал – мәтелдерді неге ауыз әдебиетіне жатқызамыз?

— Мақал мен мәтелдің айырмасын айт?

— Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?

— Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

 

ІІ деңгей. Түсіну

 

  1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.

— Жолдасы жақсы жолды болар,

Жолдасы жаман қолды болар

— Өнер алды – қызыл тіл

— Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

(әр қатарға 1 сұрақтан)

 

ІІІ деңгей  Қолдану 

 

1) Өрмекшіні  құру               халық ауыз әдебиеті

(Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)

 

 

мақал – мәтелдер                   жұмбақтар            Батырлар жыры

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұрмыс салт — жырлары            аңыз әңгімелер       төрт түлік туралы жырлар

 

 

2) Мына сөздерді пайдаланып, мақал-мәтел жазыңдар.

Отан, жер, еңбек, оқу, тіл, білім

3)Эйлер дөңгелегі арқылы  қарама – қарсы мағыналы мақал-мәтелдерді көрсетіңдер

Оқулықпен жұмыс.  26-27 бет

 

ІV деңгей  Талдау

Мұғалімнің сөзі. Мына суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы.

  • ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
  • Қандай ертегілерді білесіңдер?
  • Ертегілер қалай басталады? Немен аяқталады?

Толықтыру (Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі,тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы,мұң-шері, арман-мұраты жатыр.)

 

Оқулықпен жұмыс 34-35 бет

  • Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
  • Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр

 

Ертегілер

 

 

Хайуанаттар   туралы

ертегілер

Қиял –  ғажайып

ертегілері

Шыншыл ертегілер

 

     

 

 

 

V деңгей. Синтез

 

(Шежіре ағашы) Геанологическое древо

Тамырлары — Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).

Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандайды ( мәселе – адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)

Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т.б.)

 

VІ деңгей бағалау.

 

«Менің сүйікті ертегімнің кейіпкері маған неге ұнайды?» тақырыбында шағын ертегі жазу.