Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау жүргізу.

98

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы»  әңгімесіне талдау жүргізу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасау.Өз пікірлерін ашық айтып, ойларын дәлелдеп айтуға үйрету.
ә) тәрбиелік: Ананың баласына деген киелі махаббатын ұғындыра отырып ананы құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
б) дамытушылық: топтық жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету.

 

Сабақтың түрі: Блум таксономиясына негізделген сабақ

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, талдау,
Көрнекілігі:  «Аңыз адам» журналы айдарлары
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру

Қағаз қиындыларына сай топтарға бөлу.

Топ ережесін белгілеу, бағалау бетшесі,кері байланыс парақшаларын үлестіру

 

 

І    “Зерделі сұрақ, дәлелді жауап”  (Білу)     Үй тапсырмасын тексеру

 

  1. Шығарма мазмұнына қысқаша шолу жаса.
  2. Шығарманың  кейіпкерлерін ата.
  3. Шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы айт.

 

ІІ“Білім көкжиегі” айдары   (Түсіну)

Талдау жұмыстары.
1. –Сонымен, әңгіменің мазмұнын түсіну арқылы, оның бір-бірімен байланысты құрылған оқиғалардан тұратындығын білдік. Ендеше әңгімені құрылысына қарай талдайық.
— Шығарма құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?
— Композиция – Экспозиция
Байланыс
Шиеленіс
Шарықтау шегі
Шешімі — деген бөлшектерден тұрады.

Экспозиция —— Әйтілестің әңгімесі
Байланыс ——— Жалпақтың Ергенекті еліне аттануы, Қалың жылқы.
Шиеленіс ——— Жылқышының мерт болуы. Қуғыншы ана
Шарықтау шегі ——— Ананың сөзі. Кейкінің үкімі.
Шешімі ———- Ана мен қызына бостандық берілуі

 

ІІІ  “Адами қасиеттер” айдары   (Қолдану)

2. Шығармадағы басты кейіпкерлер бейнесін ашу.
а) Ана бейнесі суреттелетін тұсты таптырып, оқыту.
Ана – Сонар дегеннің қызы, он бес жасында бас бостандығынан айырылған, күңдікке берілген. Көргені қорлық, әділетсіздік. Он бес жасардың қызының артынан қорықпай, именбей қуып, өзінің құдіретті сөздерімен, батырларды тізеге бүктіріп, қызын аман есен алып, ауылына қайтады.
ә) Жалпақ — керей руының батыры, Ергеніктіден кегін алуға намыстана аттанады, алдын болжай біледі, даланың ессіз ері ананың сөзін адамгершілікпен түсініп, мейірімдік жасайды.
б)     Кейкі.   Адамшылығы жоқ,  аяушылық пен мейірімнен жұрдай байдың қолшоқпары

 

ІҮ         “Жазушы шеберлігі” айдары     (Талдау)    
Шығарманың тілдік ерекшеліктеріне талдау.
Журналымыздың бұл айдарында шығарманың кейіпкері ананың анасына және барлық аналарға деген ыстық ықыластарыңды білдіріңдер
Мысалдар
Портрет
Әйтілес — аппақ, ақ қарбас, соқыр балуан бармақты
Метафора – Қара таңба бір қара көрінді.
Эпитет – Кең өмір, сарғылт көңіл, жалпақ жаз, ескі күндер, қалың жылқы.
Теңеу
Іркіт сабасындай, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай, оқтаудай ойнау.т.с.с
Тұрақты тіркес
Ат құлағында ойнау, болат жүрек, көз салу, тірегі сыймау, қабаттан қан жауу.
Географиялық атаулар
Үркер, Шолпан
Антонимдер

Сұрақ-жауап, оң — сол өлі — тірі,ашу – жұму

 

Ү      “Ақиқатын айталық!” айдары  (Жинақтау)

 

Журналымыздың бұл айдарында әңгіме желісі бойынша сұхбат жүргізіледі

  1. Шығарма “Ананың анасы” деп аталуы дұрыс па? Неліктен осылай аталған деп ойлайсың?
  2. Ана неге Жалпақ балуанға ілесіп кетпеді деп ойлайыңдар? Себептерін өздеріңше   пайымда.
  3. Шығарма қандай оқиғамен аяқталды? Сен автордың шешімімен келісесің бе? Әлде басқаша аяқтар ма едің…

ҮІ      “Хат жазыңыз” айдары  (Бағалау)

Журналымыздың бұл айдарында шығарманың кейіпкері ананың анасына және барлық аналарға деген ыстық ықыластарыңды білдіріңдер

Қорытынды
— Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын жүргіздік.Әр топ өз пікірлерін ортаға салды. Ананың өмірдегі орнының  мәніне, балаға  деген махаббатының шексіздігіне куә болдық.Ана –өмірдегі ең құдіретті жан. Оны сыйлау, ардақтау- ұрпақ парызы екенін естен шығармайық.

 

 

Үйге тапсырма

. «Сен менің жалғызымсың Айға ұқсаған» деген тақырыпта  ойтолғау жазып келу
Бағалау бетшесін толтырып , тақтаға ілу.

Рефлексия   кері байланыс парағын толтыру