«Ескендір» поэмасы

 

1МұғалімБатымбетов Р.

Кербұлақ ауданы,  Қарашоқы орта мектебі

2Пәні, сыныбы, күніҚазақ әдебиеті  9 «б»       11.02.2015ж.
3Сабақтың тақырыбы«Ескендір» поэмасы
4Жалпы мақсаты«Ескендір» поэмасының мазмұнына терең талдау жасау, оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау, сөйлеу икем дағдыларын дамыту, адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
5СілтемеОқулық, арнайы әзірленген көмекші құралдар.
6Әдіс-тәсіліТоптық оқыту, көшбасшылық, өзін-өзі бағалау.
7Сабақтың нәтижесіШығарма мазмұнын игеру барысында алған ғибраттарын күнделікті өмірде орнымен қолданады. 
8Іс-әрекет түрлеріМұғалімнің іс-әрекеті

1. Топқа бөлу.

2.Тапсырма түрлерін дұрыс   ұйымдастыру.

3.Бастаушы, баяндаушы 

    қызметін атқару.

Оқушының  іс-әрекеті

1.Топта бірлесіп жұмыс 

   жасау.

2.Берілген тапсырмаларды 

   түгелдей бірге орындау.

3.Топтың басқа мүшелерін мұқият тыңдау, қажет кезінде өз ойын дәлелдей білу.

9БілуСұрақ – жауап,               (миға шабуыл)1.Абай Құнанбаев қанша 

   поэма жазған?

2.Ескендір Зұлқарнайын 

   туралы тарихи

   мәліметтер бер.

3.Низамидің 

  «Ескендірнаме» 

   дастанының қысқаша 

   мазмұнын айт.

10Түсіну1. Билік басына келген 

  Ескендірдің алға қойған  

  мақсаты не еді және ол 

  мақсатын қалай жүзеге 

  асырады?

2.Тәтті судың қандай 

   қасиеті бар және ол 

  қайдан ағып шығады екен?

3. Алтын қақпа иелері 

   Ескендірге берген 

  сыйлықтың қандай 

  қасиеті бар екен?

Топтасып отырып жауабын табу.
11ҚолдануАуызша талдау жасату, дәптерге сабақ мазмұны бойынша ойтүйін жазғызу. «Ескендір» поэмасын (үзіндісін) жатқа оқыту.

 

1.Абай осы поэмада 

  көтерілген мәселе 

  арқылы оқырмандарына 

  не айтқысы келді?

2.Осы мәселеге қатысты 

  сенің жеке көзқарасың 

  қандай? (дәптерге жазу)

3. Поэмадан үйге берілген

   үзіндіні жатқа оқу.

12Жинақтау (синтез)* «Ескендір» поэмасының 

  мазмұнына қысқаша шолу 

  жасаңдар.

* Тарихта болған 

  Ескендірдің өмір сүрген 

  жылдарын есте ұстаңдар.

 *Абайдың үш поэма 

  жазғанын есте ұстаңдар.

Ескендірдің, Аристотельдің бойындағы жақсы-жаман қасиеттерге тоқталу (ауызша).
13Үйге тапсырмаАбайдың қара сөздеріне жалпы шолу.Абайдың  бірінші қара сөзін мазмұндау.
14БағалауФормативті«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» қолдау көрсету, мадақтау.
15РефлексияСтикер беру.

Бүгін не білдім?

Не білгім келеді!

Кері байланыс жасау