«Оғыз-нама» жыры.

«Оғыз-нама» жыры. Ескендірова Гүлжамила Шайзиндақызы. Шымкент қаласы №31 В.Терешкова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Сабақтың  тақырыбы: «Оғыз-нама» жыры.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: «Оғыз-нама» жырының табылу тарихымен, оның қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру. Шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын табу.

Дамытушылық: Жырдың мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Мағына мен идеяны ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу. Мейрімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүйуге, қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, ерлік батырлық туралы мақал-мәтелдер(семантикалық карта), т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.

Пәнаралық байланыс: тарих,географиямен байланыс.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау:

А) сұрақ-жауап (5 минут).

  1. Ежелгі дәуір қай кезеңдерді қамтиды?
  2. Орхон-Енесей ескерткіштерін ата..
  3. Күлтегін жырлары қайдан табылған?
  4. «Қорқыт ата кітабы» туралы не білесіңдер?
  5. Қорқыт ата туралы не білесіңдер?
  6. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеген қандай ғалымдар?
  7. Ежелгі дәуір әдебиетін құратын жеке шығармаларды ата.т.б.

Осы сияқты тағы басқа сұрақтар қою арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, ежелгі дәуір әдебиетінен өткенді еске түсіріп аламын да, жаңа сабақты түсіндіруге көшемін.

ІІ.Жаңа сабақ:  

Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, сабақтың мақсатын айтып өтемін. Сабақ мақсатына жету үшін орындалатын жұмыс  түрлерімен (сабақ жоспарымен) таныстырамын.

Сабақ жоспары:

1). Үй тапсырмасын сұрау (5минут)

2). Жаңа сабақ. Тірек кесте (10минут)

3). Оқулықпен, көркем әдебиетпен жұмыс. (Мәнерлеп оқу) (5 минут)

4) Семантикалық картамен жұмыс (5 минут)

5) Пысықтау сұрақтары (5 минут)

6). Тест жұмысы (5 минут).

7). Шығармашылық жұмыс. Қорыту (5минут)

8) Үйге тапсырма (3минут)

9) Бағалау (2минут).

Сабақ жоспарымен таныстырып болған соң,  кіріспе әңгіме арқылы көрнекі құралдардың көмегімен (тірек кесте) жаңа сабақты түсіндіремін. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері ішінде «Оғыз-нама» сияқты қара сөзбен жазылған көркем шығармалардың да бар екені қазақ жазба прозасының желісі сонау бұрынғы замандардан тартылатынын көрсетеді.

«Оғыз-нама» атты мұра да жеке бір шығарманың ғана атауы емес, қырықтан астам хикаялардан тұратын топтама жинақ екені ежелгі дәуір әдебиетінде жеке шығармалар өз алдына  дербес туынды түрінде емес, өзектес басқа  шығарма-лармен бірге топтастырылып қарастырылады. Ол шығармалар өз аттарымен емес, топтаманың аты арқылы  аталынып барып, содан кейін ғана топтаманың құрам-ындағы бір туынды ретінде қарастырылатындығын айту.

«Оғыз наманың» ежелгі дәуір әдебиетінің сиптын құратын тағы бір өзіндік ерекшелігі-ондағы мифтік көріністер.

А) Тірек кесте (10 минут).

«Оғыз-нама»-ІХ ғасыр шығармасы.

Оғыз қағанның әскери жорықтары            ерлік істері

Ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасы          40-тан астам хикаядан тұрады.

Парижде сақталған.

Айқаған –анасы                                          Оғыз ерекше туылған бала

 

6 баласы

Күн                Ай              Жұлдыз               Көк            Тау             Теңіз

«Оғыз-наманың» басты идеясы- бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.

«Оғыз-нама» эпостық көркем туынды болумен қатар, қазіргі  тарихи тақырыпта жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілерінің бірі.Онда Оғыз батырмен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар, оғыз тайпаларының көршілес тайпалармен қарым-қатынасы, жер-су аттары, т.б. көрсетілген.

Оқулықпен, көркем әдебиетпен жұмыс:108-110 беттерді мәнерлеп оқып, оқығандары бойынша  түсінік айтқызу.Шығарма тілінің көркемдігіне, ой мен қиалдың кеңдігіне назар аударту.

Оқушылардың ойлау есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында және тіл байлықтарын дамыту үшін семантикалық картамен жұмыс: Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта №1

 

МақалдарБи басына дау келсе, Билігі кетер басынанҚұс  жаңылып торға түсер.Ер жарамсыз болмас.Шешен тар жерде сөз бастайды.

 

Ел шарасыз болмас,
Батыр мың қол бастайды,
Ер басына дау келсе, Ерлігі кетер басынан.
Ер жаңылып қолға түсер,

 

 

 

Семантикалық карта №2

 

МақалдарБақ-бақ еткен текені       Қар жауғанда көрерміз.Арыстан болсаң   жау үшін,Тәуекел ет те тас жұт,Арғымақ аттың құйрығы, Әрі жібек, әрі қыл,
Түлкідей болсын әдісің
Ер жігіттің белгісі, Әрі мырза, әрі құл.
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
Ажал жетпей өлмек жоқ.

 

Жаңа сабақты пысықтау үшін 110 беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Пысықтау сұрақтары:

  1. «Қорқыт ата кітабының» авторы Қорқыт туралы не білесіңдер?
  2. Қазақ аңыздарында Қорқыт атаның мәңгілік өмірді қайдан тапқандығын айтыңдар?
  3. «Оғыз-наманың» 40-тан астам жырларының ортақ идеясы неде?
  4. «Оғыз-намадағы» Мифтің суреттердегі көкбөрінің түркі халықтары ұғы-мындағы көк бөрімен жақындығы бар ма?
  5. «Оғыз-нама»-алғашқы жазылған эпостық туынды деген ұғымды дәйек-теңдер.т.б.

Тест жұмысы: 10 сұрақ. (5минут). Дұрыс жауаптары тақтаға ілініп, тексеріле-ді. Бағалау көрсеткіші арқылы тексеріп, бағалау.

ІІІ. Қорытынды (10 минут).

А) Шығармашылық жұмыс (5 минут) Арнайы жасалған кеспе қағаздарды алып, ондағы сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытып, бекіту, (Сұрақ-жауап әдісі).

Ә) Үйге тапсырма (2минут). «Оғыз-нама» жыры бойынша сурет салып келу, жырды оқып, мазмұнын айтып беру.

Б) Оқушылардың білімдерін бағалау (2 минут). Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын естірту, журналға, күнделіктеріне қою.