Ертегілер елінде

63

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Ертегілер елінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Қуанова С.К.

Класс: 4 «А»

 

 

Шалқар қаласы

2013 оқу жылы

Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

 

Типі:аралас

Түрі: дәстүрлі

Әдістері: сұрақ-жауап, сахналық көрініс, машықтық іс-әрекет

Көрнекілігі: тақырып, ертегі суреттері,интерактивті тақта

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық тренинг

Күннің көзі ашылып,

Көктен шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлемдесіп үлкенге

  1. Кіріспе.  Әңгіме

Мұғалім: Балалар, ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыздар ма?! (Оқушылар: иә!)

Олай болса, барлығымыз жұмыла тыңдайық. Мен сендерге өте қызықты ертегі айтып берейін.

… Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, көркі мінезіне сай, өзі батыр, әрі ержүрек бір жігіт болыпты. Ол бір күні ұйықтап жатып түсінде айдай сұлу бір қызды көреді. Оған құлай сүйе ғашық болыпты. Ұйқысынан тұра сала жігіт қызды іздеуге жолға шығады.

Жолда жігіт бір құсты көріп, оған барлық түсін баяндап, қызға жететін жолды көрсетуді сұрайды. Құс оған жолды көрсету үшін тапсырма орындау керектігін айтады.

Ертегі халық шығармасы, халық мұрасы.Ертегіні сүйіп тыңдайтын,сүйіп айтатын балалар. Ертегі арқылы жақсы мен жаманды, ақымақ пен дананы айырып, армандауға, қиялдауға үйренсек, ой-өрісіміз де кеңеймек. Бүгін біздер халықтың асыл қазынасы ертегілер еліне саяхат жасамақпыз.

І кезең. «Кім тапқыр?»

Әр ертегіден үзіндіні жұмбақтап, сахналық көрініс көрсетеді. Келесі топ ертегінің атын табу арқылы сол топтың атын анықтайды.

«Қызыл телпек»

«Қошқар мен теке»

«Бауырсақ»

ІІ кезең

Ертегіні жалғастырып айту керек.

оқушылармен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу.

«Бір сөзбен»

Ерден                              (Ертекші атай)

батыр                                      (Жүрек жұтқан)

айтпа                                   (тісіңнен шығарма)

көмкетес                                 (жәрдемдесу)

гүл                                     (қызғалдақ, раушан)

мұғалім                                       (сабақ беруші адам)

ІІІ кезең «Кім білгір?»

Ертегінің тақырыбы бойынша кейіпкерлерін жазу

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

(бала, дәуіт, қарлығаш, маса, айдаһар)

«Ұр, тоқпақ»

(шал, кемпір, қойшы, қазбай, түйеші, балалар)

«Күшік пен мысық»

(күшік, қасқыр, мысық)

«Қаңбақ шал»

(Дәу, шал, кемпір)

ІV кезең «Кім ойшыл»

Сурет бойынша ертегінің кейіпкерлерін, тақырыбын айту.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

«Ақымақ қасқыр»

«Алдар көсе»

Қорытынды

«Ертегілер еліне саяхат» сайысына белсене қатынасқан оқушыларға көп рахмет айтамын. Өздерінің кішкентайлығына қарамастан тапқырлығын, алғыр және білгір де ойшыл екендіктерін көрсете білді. Ертегі- халқымыздың асыл қазынасы, оны оқып, ертегідегі шыншылдықты, адалдықты, еңбекті сүйіңдер.