Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

БЕКІТЕМІН

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:                                         Б. А.  Кыстаубаева

 

 

ТЕКСЕРІЛДІ

ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:                               Д. Л. Еділбаева

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:   Ақын жайлы мәліметтерді тыңдата отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу.Өлең мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту;

Тәрбиелігі: Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденімпаздыққа,еңбексүйгіштікке баулу.Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып,халықтық  дәстүрді қастерлеуге үйрету;

Дамытушылығы: Түрлі шығармашылық арқылы ойлау қабілетінің  дамуына, тіл байлығының  артуына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары- ой қозғау,

кубизм, талдау, т.б.

Көрнекілігі: флипчарт, үнтаспа, түрлі-түсті қағаздар, электронды оқулық.

Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, еңбек, саз, математика.

БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығын, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» шығармасына байланысты «Бәріміз де туыспыз» деген тақырыпта жазып келген шығармаларын, мақал- мәтелдерін оқыту, бағалау

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту.

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің « Фаризажан » әнінен үзінді беріледі.

2.Ой қозғау.

—  Қай ақынның сөзіне жазылған ән деп ойлайсындар?

—  Ән кімге арналған екен?

Иә, балалар, бүгін біз Фаризаның «Оюлар» атты өлеңінен танысамыз (Дәптерге күнді, тақырыпты жазғызу).

Ұлы тұлғалардың бірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын», — деуіне қарап тұлпарды тұлпардың танитынына, сұңқардың сұңқармен қанаттас болатынына көз жеткіземіз. Ендеше, Фариза кім? Құлақ түрейік.

(Электронды оқулықты тыңдату).

Биыл Фариза апай неше жаста екен? Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары- «Дауа», «Алғашқы сабақ». “Дауа” кітабының негізгі мазмұндық идеясы — жастарға шығармашылық жол, яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез-келген жаман ниетті арам істерден арылуға болатындығының дәйектемесі. Ал «Алғашқы сабағы» 2 томдық кітап.

1 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.

2 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілген.

Олай болса, осындай ұлттық құндылығымыз жайлы өлеңдерінің бірі- «Оюлар» өлеңі. Құлақ түрейік. (Электронды оқулықты тыңдату).

(Содан кейін оқушылар өлеңді тізбектей мәнерлеп оқиды. Қысқаша өлеңнің мазмұны сұралады).

ТҮРТІП АЛУ (Сөздікпен жұмыс):

БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.

ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.

ҚОШҚАРМҮЙІЗ — қазақтың ұлттық оюының бір түрі

ТАРАМЫСТЫ— арықтау.

(Интерактивті тақтадан киіз үйдің суреттері мен жабдықтары арқылы түсіндіру.)

Бекіту:

ТЕКШЕМЕН ЖҰМЫС

  1. Әдебиет теориясы

Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау

Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!

Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.

«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,

Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.

4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.

  1. Өлеңдегі троп түрлерін табу

Күрделі теңеулер: “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп,
Әжем кеп сипағандай шашыма жай; Тұрғандай ана — көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің  оюындай, жыр-өрнегім…

Кейіптеу: Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан ,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Эпитет: тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім; балғын шақтың; Мөлдір шық.

  1. Ою қию
  2. Оюлар туралы не білесіз?(Қандай бұйымдарда салынады?

Жалпы алғанда, қазақ халқы ою-өрнек үлгілеріне өте бай. Қазіргі кезде өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің 400 (төрт жүздей) түрін жинақтаған. Оларды мән-мағынасына қарай үлкен 4 топқа бөледі.

Өсімдік тектес оюлар;

Жан-жануарлар дүниесіне қатысты оюлар;

Аспан әлеміне қатысты оюлар;

Геометриялық оюлар.

  • Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
  • Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
  • Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп біткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. киіз бұйымдарында кездеседі.
  1. Ақын әжесін неге еске түсіреді? Осындай текемет, сырмақ өз үйлеріңде бар ма?
  2. Ою- өрнектер туралы мақал- мәтелдер айт.

Сабақты қорытындылау:

Міне, балалар, Фариза апаларың:

Шебер көп бұл заманда кілең керім,

Болмайтын ажыратып түр-өңдерін.

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан,

Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырса, Фариза апамыз өзінің өлеңдерімен жұртты сүйсіндіріп, халқының аяулы қызына айналып отыр.

Сонымен «Оюлар» өлеңімен таныса отырып оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұматтар алдық. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңші. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз. Бүгінгі өлеңнің негізгі идеясы да-  осы.

Фариза Оңғарсынова – Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парламент мәжілісінің депутаты, сөз өнерінің сазгері, өзгеше бітімді талант иесі, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, дарынды ақын.

Фариза – Алланың Алашқа деген махаббаты!

Фариза – елінің еңлік гүлі!

Фариза – ұлттың ақыны!

Фариза- жыр сандуғашы!

Фаризаның өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ.

Үйге тапсырма:

  1. Өлеңді жаттау;
  2. Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайында қосымша деректер жинап келу.

Бағалау.

 

ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАР:

Ой толғаныс.

Ақын өлеңінен алған әсерім немесе ақынға хат.

 

Қазақтың оюлары-ай, оюлары!

Даладай бояулары қою бәрі!

Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш

Жарайды көрмелерге қоюға әлі!

ҮЙ ЖҰМЫСЫН БЕКІТУ:

Бауырластық сөзіне түйін жасау.

Бауырластық- ыстық сезім;

Бауырластық-мейірім;

Бауырластық-бауырына тарту;

Бауырластық- жақсылық.

Бауыр- 1. адамның, жан- жануарлардың дене мүшесі; 2. Беткей, етек; 3. Іні, туысқан; 4. Ұнату, жақсы көру.