М. Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі

33

М. Әуезов «Ақын қонақтар» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:  Ұлы жазушы өмірі мен шығармашылығы бойынша

білімдерін бекіте отырып, әңгіме мазмұнын, тақырыбы

мен идеясын ашу.

Әдебиет теориясы бойынша білімдерін толықтыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың  мазмұндау, образ талдау дағдысын,

шығармашылық белсенділігін  арттыру. Өз ойын

еркін жеткізуге, тіл қорын байытуға негіз болу.

б) Тәрбиелік: Адамгершілікке, өнерді бағалауға, қонақты дұрыс күте

білуге, үлкенді, ата ананы сыйлауға баулу.

 

Сабақ түрі: Аралас сабақ ( дамыта оқыту, ойын)

 

Әдістері: «Алтын сақа» ойын элементі, салыстыру, сын тұрғысынан

ойлау,  сұрақ жауап.

 

Көрнекілігі:  М.Әуезов портреті, әңгіме жоспары, цитаталар

 

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру сәті

ІІ  Үй  тапсырмасын  пысықтау

« Алтын сақа» ойыны түрінде « Ақын қонақтар» әңгімесін мазмұндату.

Мазмұнын тездетіп шолып шығу үшін алдымен М.Әуезов өмірі мен шығармашылығынан  төрт сұрақ беремін.Жауап берген оқушылар тақтаға келіп ойынға қатысады.

  1. М.Әуезовтің туған жылы
  2. Туған жері
  3. Әуезовті әлемге танытқан шығармасы
  4. Қырғыздың ұлы жазушысы Ш.Айтматов Әуезов туралы не айтты?

 

Төрт түрлі карточкадағы сұрақтардың бірін таңдап алу

 

Ақ:            Әңгіме қалай басталады? Абайдың портреті

Жасыл:     Абайдың мінезі машығы қандай екен?

Қызғылт:   Әжесі әңгімесін қайтіп бастайды? Қандай ертегілер

айтқан екен?

Көк:           Әжесінің жаңадан тапқан әңгімелері

 

Сұрақтарға толық жауап бермеген бір оқушы орнына отырады.

 

Үш  түрлі карточкадағы сұрақтардың бірін таңдап алу

 

Ақ:              Байкөкше жырлаған жыр

Жасыл:      Барлас жырлаған жыр

Қызғылт:   Абай шешелеріне оқып берген жыр

 

Екі  түрлі карточкадағы сұрақтардың бірін таңдап алу

 

Ақ:        Барлас Абайға разы болып не деп өлең шығарды?

Жасыл: Ұлжан қонақтарды қалай шығарып салды?

 

ІІІ  Жаңа білімді түсінудегі әрекет

Сонымен біз ұлы М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясынан берілген үзінді мазмұнын жақсы оқып келгенімізді көрсеттік. Бүгінгі сабақта осы әңгіме мазмұны бойынша жұмыс жасаймыз.

  1. Алдымен мен сендерге жазушы туралы біраз қосымша деректер бере кеткім келіп тұр…
  2. Өздеріңе ұнаған кейіпкер немесе оқиға
  3. Кейіпкер бейнесін ашу

І қатар       ІІ қатар

Ұлжан       Зере

  1. Әңгіменің тақырыбы не?
  2. Негізгі ойы не?

 

IV  Алған білімдерін қорытындылау

Абай келген қонақтардан, анасы мен әжесінен не үйренді? Сен ше?

 

V Оқушы  білімін бағалау.

Сабақ басынан бергі жинап отырған жұлдызша санына байланысты бағаланады.

 

VI Үйге тапсырма беру

Әже, аталардан өз кезінде естіген ертегі, жыр жазып келу.