Операциялық жүйелер. Операциялық жүйелер топтамасы

83

Бекітемін:___________                                               Тексерілді: ___________

Директор:     Оқу ісінің меңгерушісі:

 Мерзімі: 16/Х
Сабақтың атауы Операциялық жүйелер. Операциялық жүйелер топтамасы.
Сілтеме 8-сынып күнтізбелік жоспар
Жалпы мақсаты ·         Операциялық жүйе туралы  оқып танысу;

·         Оқушылардың Операциялық жүйе және онын түрлерін, WINDOWS типті операциялык жүйе туралы туралы білімдерін қалыптастыру, тереңдету;

·         Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта дағдыларының дамуына жағдай жасау; АКТ-мен жұмыс істеуге дағдыландыру;

·         Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;

Оқушылар  үшін оқу нәтижелері ·         ОЖ туралы толық мағлұмат алу;

·         Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену;

·         Ақпаратты есте сақтауға бағытталған оқу-үйрену нәтижесіне мән беру;

Сабақта туындаған түйінді (негізгі) идеялар ·         Есте сақтау: ЭЕМ қолдана білу және ақпаратты есте сақтау;

·         Білу/түсіну: ОЖ туралы білім алу;

·         Жаңаны білу мүмкіндігі:Қазіргі кездегі ОЖ туралы;

·         Пікір талас: Әртүрлі кезеңдегі ОЖ-ді  салыстыру;

Қолданылған ресурс және көрнекілік Оқулық, интернет, электрондық оқулық , интерактивті тақта.
Тапсырмалар «Адамның сыртқы және ішкі жады» туралы эссе жазу. Компьютермен жұмыс.
Интерактивті тақтамен жұмыс. «ББҮ» стратегиясы
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу (2 мин).

 

ІІ.1-тапсырма.  Өткен тақырыпты тексеру мақсатында

«Адамның сыртқы және ішкі жады»  деген тақырыпта өз ойларыңды жазыңдар.(10 минут)

-Адамның ішкі жадында не сақталады?

-Қандай жағдайларда оған сырқы жадты қолдануға тура келеді?

-Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты оқып білу.

Операциялық жүйе – Презентация көрсетіп, біраз мағлұмат беру.(5 минут).

Сабақ жазбасы бойынша мақсаттармен, міндеттермен және түйінді идеялармен арақатынасын белгілеу.

 

2-тапсырма (10 минут)

Интерактивті тақтамен жұмыс:

1.  Дербес компьютердің құрылғыларын көрсету.

2.  Әр түрлі қызмет салалар  бойынша  компьютерді қолдану тәсілдерін көрсетіңіз.

3.  Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз.

4.Тінтуір көмегімен суреттің астыңғы жағына тілдердің дұрыс атауын апар.

5.Ақпарат тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғыға сәйкес сал.

6. Windows ОЖ бас мәзірін көрсетіңіз.

7. Терезені тапсырмалар үстіне орап қой.

Жабдықтар: Интерактивті тақта, қалам.

 

3-тапсырма (10 минут)

Компьютермен жұмыс: Windows ОЖ-сі.

1-топ. Күн мен уақытты баптау. Айды, күнді, жылды өзгерту.

2-топ .Жұмыс үстелі фонының өрнегін баптау.Экранның фондық өрнегін өзгерту. Өздері салған суретті жұмыс үстеліне орналастыру. Қыстырманы қою.

3-топ. Жаңа қапшықтар құру. Атын өзгерту, жылжыту, жою.

Жабдықтар: Компьютерлер.

 

4-тапсырма.(5минут) «ББҮ» стратегиясы.. І. Білемін… ІІ.Білгім келеді… ІІІ. Үйрендім…

Кейінгі оқу §5.1.-5.2.36-40 бет оқу. Әр түрлі деректерден, интернеттен операциялық жүйе тарихын қарастыру. Өмірдегі маңыздылығын анықтау.(1 минут)
Тәжірибелік сабақты бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы (2 минут)

Критерийлер

 

Топтар

ББҮ Эссе Интерактивті тақтамен жұмыс Компьютермен жұмыс Қорытынды
Өзін-өзі бағалау Топтар бағалауы Қөшбасшы

лар бағалау

Жұптар бағалауы Жиынтық баға
І
ІІ
ІІІ