М.Мақатаев шығармашылығын таныту

33

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бимұратова Нұрсәуле Қалдыбекқызы

 

Сабақтың тақырыбы:   М.Мақатаев шығармашылығын таныту

 

Мақсаты: Ақиық ақын М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту.

 Міндеттері:

а) Білімділік: М.Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту.

ә) Дамытушылық : Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін , ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту

     Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, БҮҮ кестесі, ассоцация,мәнерлеп оқу

      Көрнекіліктері: М.Мақатаевтың портреті, кітаптары, газет -журнал материалдары, жиналмалы кітапша, мультимедиялық құрылғы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

І. Қызуғышылықты ояту.

Сыныпты үш топқа бөлу:

І топ. «Алғырлар» «Егер мен ақын болсам…» шағын әңгіме жазу.

ІІ топ. «Тапқырлар»Мұқағали кім? (ассоцация құру).

ІІІ топ. «Ойшылдар»Поэзия туралы (ассоцация құру).

ІІ. Мағынаны тану.

Экраннан М.Мақатаев туралы топтау пікірлер көрсетіледі.

«Ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды».

(Ә.Тәжібаев)

«Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия»

(Ф.Оңғарсынова).

Экраннан М.Мақатаевтың шығармалары кесте түрінде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А) «Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай». Үнтаспадан «Автограф» және «Поэзия» өлеңдері оқылады.

«Автограф»өлеңінде Махамбеттің өршіл рухына тәнті, өзі де сол кейіптес өр мінезді ақынды көреміз. Абай мен Махамбеттің асыл сөздерінен қуат алып, өнерге, өлеңге, өзіне қоятын талап пен талғамы биіктей береді.

Ал «Поэзия» өлеңінде ақын поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды. Сондықтан да оның ұғымында ақын мен поэзия біртұтас бейнеге айналады.

Ә)  Мәтін саралау. (Оқушылар берілген жұмыстарды өз деңгейіне қарай талдайды).

 

Өлеңнің өзіне ұнаған бөлігі Көркем сөздер Сен үшін тың тұжырымдар Өзіңнің қосар ойың

 

Шумақ Ақын ойы Менің ойым

 

   ІІІ.  Ой толғаныс.

Оқушыларға әдеби шығармашылық тапсырмалар беріледі.

І топ. Мұқағали жаңашыл ақын, оны қалай дәлелдейсіңдер?

ІІ топ. Ұлы Абай мен ақынның үндестік – ұқсастық  жақтарын табыңдар.

ІІІ топ. Ақын өлеңдерінен сөзбен суретті, жанды қимыл – қозғалысты суреттеген мысалдар  тауып, теріп жазу.

      ІV. Поэзия минуты:

Оқушылар өздері жатқа білетін ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды.

  1. Сабақты қорытындылау. «Есіңе мені алғайсың» әнін хормен орындау.
  2. Бағалау. Әр топқа берілген жетондар бойынша оқушы білімін бағаладым.Ең көп ұпай жинаған «Алғырлар» тобы жеңіске жетті.

      VII. Үйге тапсырма. «Поэзия» өлеңін жатқа оқу. «Мұқағали әлемі» тақырыбында мәнжазба дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев шығармашылығын таныту

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 9 «В»

Пән мұғалімі : Бимұратова Нұрсәуле

 

 

 

 

 

 

 

2009-2010 оқу ж ылы