Шәкәрімнің «Еңлік –Кебек » поэмасы. 10-сынып.

139

 

Шәкәрімнің «Еңлік –Кебек » поэмасы. 10-сынып.

 

№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бейсенбекова Әлима Шүкірбекқызы.

 

 

І. Сабақтың мақсаты:       1. Білімділік. Шәкәрім мұрасын     тереңдей оқытып үйрету,

дастанның   мазмұнын меңгерту, көркемдік

ерекшелігін ашу.

2.Дамытушылык . Логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін

шыңдау,көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.

  1. Тәрбиелік. Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, қауымдасып жұмыс істеуге,

бір-бірінің пікірін дамыта отырып, өзара сыйластыққа үйрету.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау.

Көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті, интерактивті тақта.

ІІ. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Өткен сабақты қорыту.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.Топтық тапсырмалар беру.

 

І топ  Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай өлең, дастандар жазған?

ІІ топ  «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?Абайдың Шәкәрім

шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда.

ІІІ топ  «Еңлік — Кебек» поэмасының оқиға желісі қандай? Бұл поэманы қандай жанрға

жатқызуға болады? Өлең құрылысы жайлы баянда.

Оқушылар төмендегі тірек — кестелер бойынша тапсырмаларды айтып шығады

 

1 кесте

 

 

Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931)

Туған жері — бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы.

Абай басшылығымен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгерген.

1905-1906 жылдары Меккеге қажылыққа барған.

Поэмалары: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек», «Мұтылғанның өмірі».

 

 

2 кесте

 

«Еңлік –Кебек » 1891 жылы жазылған.

Оқиға болған жер – Шыңғыстау өңірі, 18 ғасырдың сексенінші жылдары.

Жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.

Тақырыбы – екі жастың махаббат  трагедиясы.

Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.

Өлең құрылысы –11 буынды, қара өлең ұйқасымен жазылған.

 

 

3 кесте           Поэманың  композициялық – сюжеттік құрылысы

Р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі
1 Экпозиция Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы
2 Оқиғаның басталуы Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.
3 Оқиғаның  дамуы Кебек  пен Еңліктің байланысы
4 Оқиғаның шиеленісуі Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі
5 Оқиғаның шарықтауы Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы
6 Оқиғаның шешімі Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы

 

 

 

а) Топтық тапсырма.

Әртоп оқушыларына кейіпкерлерге мінездеме бергізу.

І-топ Еңлік-сұлу, намысшыл, қайсар, өз теңін іздеуші, антына адал, ақылды.
ІІ-топ Кебек-батыр, сөзге берік, ержүрек т.б.
ІІІ-топ Кеңгірбай-мінезі қатты кісі, қатыгез, ескі салтты қорғаушы .

 

ә) Пікірталас ұйымдастыру

«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта пікірталас жүргізу

І-топ.   Ру басылары кінәлі.

ІІ-топ.  Екі жастың өздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады).

ІІІ-топ. Сарапшы – қазылар ( қай топ  ұтымды пікір айтады, соларға баға береді, қорытынды

шығарады).

Оқушылар пікірі:

Жүбекешова Дәметкен : Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған  махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше,  екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді.Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.

Елшиева Салтанат: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата-анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады.Ата-анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты.Әрбір адам дүниеге келген соң ата-анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек.Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

Дүйсенбаева Райхан: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі.Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді.Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.

Сабақты  қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:

Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек » поэмасында қандай мәселе көтерілген?

Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?

Шәкәрімнің  осы  поэма арқылы  айтпақ ойы не ?     Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің?

Үйге тапсырма: « Ғашықтың тілі- тілсіз тіл»   тақырыбында шығарма жазып келу.