Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу жолдары

517

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы

Шал ақын аудандық білім бөлімі

Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу жолдары

(шеберлік сыныбы)

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Баяхметова Зейнегүл Қабдоллақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы

Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Баяхметова Зейнегүл Қабдоллақызы

 

Шеберлік сыныбының тақырыбы: Оқушыларды шығармашылық  

                                                           жұмыстарға баулу жолдары

  1. Оқушыларды өлең жазуға баулу

жолдары

  1. І жақта жансыз затты жандандыру арқылы хат түрінде, сурет бойынша, берілген тақырыпқа байланысты мәтіндер мен өлеңдерге  шығарма жаздырту

 

Шеберлік сыныбының мақсаты:

 

Білімділік мақсаты: Оқушылардың қабілетіне, дарынына әсер ету,

                                  шығармашылық жұмыстарға баулу

 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру,

      логикалық ойлау қабілетін дамыту, ізденімпаздықпен   

     жұмыс істеуге баулу

 

Тәрбиелік мақсаты: Рухани  ішкі дүниесін байыту, ана тіліне деген

      сүйіспеншілігін ояту

 

Шеберлік сыныбының міндеті: Сауатты жазуға, ой оралымдарын дәл бере

       білуге үйрету

 

Шеберлік сыныбының түрі: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы

шығармашылыққа үйрету

 

Шеберлік сыныбының әдіс-тәсілдері: Қос жазба күнделігі, ББҮ (білемін, білгім

        келеді, үйрендім)

Шеберлік сыныбының көрнекіліктері: Кеспелер, оқулықтар, слайдтар,

интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

 

І Қызығушылықты ояту (сұрақ-жауап бойынша жүргізіледі)

  1. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа технологиялар бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізіле ме?
  2. Шығармашылық жұмыстардың қандай түрлерін білесіз?
  3. Жалпы шығарма дегенді қалай түсінесіз?

(топ бойынша жауаптар алынады)

ІІ Мағынаны ажырату барысында жекелей, жұппен, топпен жұмыс істелінеді. Қос жазба күнделігі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағанаға сабақ барысында өзіне ұнаған жерлерін, ал  екінші бағанаға жүргізілген жұмыстар  туралы пікірін білдіреді. ББҮ (білемін, білгім  келеді, үйрендім) сызбасы үлестіріледі. Сызба үш бағанадан тұрады. Бірінші бағанаға өткізілетін сабаққа дейінгі  білетінін жазады. Екінші бағанаға не білгісі келетінін ,ал үшінші бағанаға  тақырыпты аяқтағаннан соң, не үйренгені жайлы баяндайды.  

 

І Оқушыларды  өлең жазуға баулу жолдары (мағынаны ажырату кезеңінде жүргізілетін жұмыстар)

Оқушылармен төменгі сыныптан бастап, жоғарғы сыныптар аралығында жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлері көп. Солардың бірі — өлең жазуға дағдыландыру жолдары. Ол төменгі сатыдан басталғаны абзал. Тақырыпты өту барысында бірден шығармашылықпен жұмыс істеу барлық балалардың қолынан келе бермейді. Оқу бағдарламасы барысында қолданып жүрген іс-тәжірибемде 5-сыныптан бастап, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұйқас туралы бастапқы мәліметтерді меңгертуге тырысамын. Ең бірінші ұйқастық бунақтағы түсірілген буынды (кейде сөзді) тиісті орнына қойғызуды мақсат етемін. Өлең ырғағы, ұйқасы жайлы жалпы мәлімет берілген соң, сөздік қорлары өздігінен сараптай қолдануға талаптанады. Ауызша, жазбаша төмендегідей тапсырмалар орындалады.

Оқушылар шумақтың ІІ, ІҮ тармақтарында түсірілген ұйқастық бунақтарды орнына қояды. Кейінгі тапсырмаларда екі тармақты толық шумаққа айналдырады. Келесі тапсырмаларда бір тармақты өлең жолын толық шумаққа келтіреді. Берілген ойды үлгі бойынша жалғастырып әкетуге, қисынды (логикалық) ойлауға дағдылана бастайды. Оқушы ойын ұштау үшін шығармашылық тұрғыда белгілі бір өлшемдер аясында ұйқас түрлері жайлы кеңірек мәлімет беремін. Берілу ретін сақтай отыра өлең жазады (ұйқастық бунақтарды мұғалім өзі береді). Одан әрі оқушының көзқарасын жеткізу мақсаты қойылады. Ол үшін үлгі беру арқылы жазбаша жыр немесе қара өлең шығаруға тапсырма беріледі. Бұл кезеңде өлеңнің ұйқасы, ырғағы жайлы мәліметтерді оқушы толық меңгеруі қажет. Тақырып беру арқылы ойын қатаң қалыпқа сыйғыза жеткізуі керек. Қара сөзбен берілген мәтінді өлеңмен жеткізуі немесе танымал ән әуеніне басқа сөз (жаңа мәтін) жазғызамын.

Оқушылардың өлең жазуға баулу жолдары осылайша бір қалыпқа түсіп, өлең жаза бастайды. Эстетикалық талғамына әсер етіп, шығармашылық қабілеті жоғарылайды. Шығармашылыққа бейім оқушылардың көбі ішкі дүниесі жағынан да, рухани жағынан да бай және нәзік болып келеді. Оқушылардың қабілеттерін одан әрі дамыту әр ұстаздың парызы деп санаймын.

Төменде оқушыларды өлең жазуға дағдыландыру жолдары берілген.

Үлгі:

І кезең

Ұйқастық бунақтағы түсірілген буынды (сөзді) орнына жазыңыздар

  1. Бәрін де көрдіңіз…,

Бәріне көндіңіздер.

Бәріне сендіңіздер,

Бәрін де бердіңіздер,

Сіздер алпысқа келдіңіздер.

 

 

  1. Әзілің қайда, қарағым,

Әжімге …қарадың?

Артымда қалып аларым,

Отыздан асып барамын.

 

ІІ кезең

Шумақтың II, IY тармақтарындағы түсірілген ұйқастық бунақтарды орнына қойыңыздар

  1. Қорқытпаймыз құстарды

…………………………………….

Үркітпейміз аңдарды

…………………………………..

 

Жауабы: Қызықтаймыз ұшқанда,

Жасамаймыз дұшпандық.

ІІІ кезең

Екі тармақты толық шумаққа айналдырыңыздар

  1. Бізге білім берген,

Бізбен ойнап күлген.

……… …….,

…… …. …….

 

Жауабы: Балаларды қуантып,

Жақсы баға берген.

 

ІҮ кезең

Бір тармақты толық шумаққа толықтырыңыздар

 

Нан анасы – бидаймын

………………………………………

……………………………………..

……………………………………..

         Жауабы: Елге астық сыйлаймын.

                         Дәнім толып піскенде,

                         Қауызыма сыймаймын.

 

Ү кезең

 Қара сөзбен берілген мәтінді өлеңмен өрнектеу

 

Екі лақ

Екі кесір лақ бұлаққа көлденең салынған жіңішке бөрене үстінде кездесіп қалды. Екеуі қатар өте алар емес. Сондықтан біреуінің кейін шегініп, екіншісіне жол беріп, күте тұруы қажет еді.

  • Жол бер маған! – деді біреуі.
  • Ол ненің ақысы? Сен сонша кім едің? Әйда, шегін кейін! Көпірге бірінші шыққан мен, — деді екіншісі.
  • Жоқ, шырақ! Оның жөні келмес! Мен сенен үлкенмін. Сендей жүгірмекке жол бере алмаспын.

Көп ойлап тұрмай, екеуі тіресіп қалып еді, маңдайлары бір-біріне соғылып, мүйіздері шартпа-шұрт айқасып та кетті. Бөрене тым тайғақ еді. Екі тентек тайып кетіп, суға ұшып түсті.

 

ҮІ кезең

Ұқсастық бунақтар бойынша өлең шығарыңыздар:

 4    /     7      /

                     4    /    7      /

4   /    7     /

 4     /    7    /

Үлгі:

Сары дала, /жасыл шалғын шөбіміз,/

Қыран самғап, /қалықтаған көгіміз./

Сан халықты /құшақ жая қарсы алған,/

Қонаққа жай, /кең ғой біздің төріміз./

 

ҮІІ кезең

Тақырыптар бойынша өз шығармашылықтарызды көрсетіңіздер:

(Тақырыптар арасынан өзіңізге ұнағанын таңдап, өлең жолын құрастырыңыз)

 

  1. Отанға деген сүйіспеншілік
  2. Отбасым – басты байлығым
  3. Досым — өмірдегі тірегім
  4. Астана – жастар қаласы

 

   

ІІ Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша оқытуда шығармашылықтың тағы бір түрі хат жазу

       

   Ү Л Г І:                   

Абайға хат

 

Сәлеметсің бе, Абай? Менің есімім – Асан. Мен 5-сыныпта оқимын. Сенің әжең, әкең аман ба? Абай, сенің әжең әлі ертегі айтады ма? Бізге әжеміз ертегіні кейде ғана айтады. Алғаш рет сен туралы Мұхтар Әуезовтің «Ақын қонақтар» деген әңгімесінен білдім. Әңгімені оқи отыра, сенің қонақжайлылығыңа қызықтым. Сен менің ағам болғанда, ертегіні күнде естір едім. Әжеңнен естіген ертегілеріңді кітап қылып жазып отырсаң, мен сол кітаптарды оқыр едім. Абай, сау бол, ауырма, әжеңе сәлем айт. Жақында тағы хат жазамын.

 

Хат жазушы: Қазанов Асан

 

Жансыз затты жанды түрде І жақта сөйлету арқылы шығармашылыққа баулу

         

   Ү Л Г І:                   

Дәптер

 

Мен дәптермін. Менің түрлерім, түсім әр түрлі болады. Мен тор көзді, ұзын жолды, қисық жолды боламын. Менің бетіме кейбір балалар әдемі жазады, маған өлеңдер шығарады.

Мысалы:

Жазуға да керексің,

Қандай ғажап едіңдер.

Сызуға да сен керексің.

Оқуға да қажетсің.

 

Кейбір оқушылар мені жыртады, шимайлайды. Мен дүкенде сатыламын, мені ағаштан жасап шығарады. Ұқыпты балалар мені күтіп ұстайды, ұқыпсыздар маған қарамайды. Сабақтан келген соң лақтырып, бүйірлерімді майыстырады. Мен «бестік» баға алғанды ұнатамын. «Екі», «үш» алсам жылаймын. Менің ием —  Жандос деген бала. Ол сабағын жақсы  оқиды. Күнде «бестік» деген баға алады. Оған мен қуанамын. Менің жанымдағы досым – Айнұрдың дәптері. Ол күнде «екі» деген бағаларды алады, оған дос дәптерім қуанбайды. Біз екеуміз онысына қарамастан бәрібір доспыз. Мен оған мақтанып сөйлеймін, ал ол ұялғаннан ештеңе айтпастан үнсіз тыңдайды.

 

7-сынып оқушысы Қабиденова Әсемгүл

 

1 жақта күнделік түрінде жазудың үлгісі

 

 

 Ү Л Г І:                   

 

Әдебиет оқулығының күнделігінен

 

Мен — әдебиет кітабымын. Мен балаларға білім беремін. Олар менің ертегілерімді оқиды. Дүйсенбі, сенбі күндері мені сөмкеге салып, мектепке апарады. Сөмкеден алып шығады да, сабаққа дайындалады. Мені ұстайтын бала өте ұқыпты, таза ұстайды. Дүйсенбі күні балаларға мақал-мәтелдер жататқызамын. Сенбі күні мәтінді оқып, оқушылар оған талдау жасайды. Оқу жылының аяғында менің арқамда көп нәрсені біліп шығады.

 

                                                     7-сынып оқушысы Серғалиева Гүлдана

III Ойтолғаныс

Оқушылар өткізілген тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көрсетуі кажет.(әр түрлі тақырыпқа шығарма жазу)

 

Бағалау:

 

Рефлексия:

Үй тапсырмасы:білім, өнер, оқу тақырыбына үлгі бойынша өлең ұйқастарын құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С.Сейфуллин

« Сыр сандық »

1.Сыр дегеніміз не?( Сыр деген ол өзінің ғана және жақын адаммың білетін құпия )

2.Оқығаннан соң қандай күйге келдің?(Көз алдыма тау, сарқырап жатқан өзен,орман елестейді )

3.Өйткені ішкі сезімді түсініп білу , биік таудың шыңына жетумен бірдей.Сондықтан адам ішкі сезімін биік тауға балайды .

 

 

Әнші

Әнші деген әрине әнші елестейді .Әнші әнді адамға жағымды қылып айтуы керек. Маған ән тындаған ұнайды. Бірақ өзім әнді жақсы айтпаймын.Әнші әнді өзінің ішкі сезіміне байланысты шығарады деп ойлаймын.

 

 

 

М.Әуезов

Көксерек

1.Мен күшікке ең алдымен ат қояр едім.Содан соң оған тамағын уақытында беріп,ойнатар едім.Маған кішкентай күшік,мысықтар ұнайды.Себебі олар сондай сүйкімді тәп-тәтті-ақ.

2.Құрмашты аядым. Мен оның орнында болсам Көксеректі Құрмаш сияқты күтер едім.Бірақ Көксерек өзінің тегін сезгенде шығар.

3.Мен егер қасқырдың орнында болсам, адамдарға тап беріп, күшіктерімді қорғап қалар едім.Осы әңгімеде ұнаған ол-Құрмаш ол Көксеректі күшіктей көрді және жақсы көрді,асырады.Бәрақ Көксерек Құрмашты өлтіріп кетті.Бұл әрине мен үшін күтпеген жағдай болды.Менің көзіме жас келді.Жазушыға басқаша жазуға болмас па еді?

 

8 сынып оқушысы Балахметова Кәмшат