С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін оқытудағы шығармашылық ізденістер.

72

Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы

№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аюпова Қарлығаш.

 

С.Торайғыровтың  «Шәкірт ойы»   өлеңін оқытудағы шығармашылық ізденістер.

Сабақ  жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шәкірт ойы»
Сабақтың мақсаты: А) Білімдік мәні: С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өз ой-пікірін айтқызу.

Ә)  Тәрбиелік мәні: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Б)  Дамытушылық мәні:      Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі».
Сабақтың көрнекілігі: Сызба , кесте, плакаттар, С.Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңдер жинағы. 1-2-том
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз. Сабақтың қызықты, мазмұнды өтуіне тілектестігімізді білдіреміз. Сыныптың тазалығына, тақтаның дайындығына көңіл бөліп,  сыныпты 4 топқа бөлемін.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Үй тапсырмасын тексеру.

1.С.Торайғыровтың өміріне қысқаша шолу. (сұрақ-жауап әдісі арқылы). 4 топтың оқушылары бір-біріне сұрақ қояды.

Өмірін оқи отырып, өзіңе С.Торайғыровтың қандай қасиетін үлгі тұттың?- деген сұрақпен қорытындылаймын .

2.       Халық арасынан шыққан бай адамның өз байлығына масаттанып, өзгеге озбырлық көрсеткен қиянатын ,  жиіркенішті қылықтарын мысқылдап, әшкерелейтін «Бір адамға» өлеңін жатқа сұрау. Әр топтан бір оқушы айтады.

3.       Аталған өлеңдегі кейіпкерге жазбаша  жазып әкелген  мінездемені оқыту,  жеке пікірлерін білу.

 

 

Ә)  Жаңа сабақ.

 

1.  Қызығушылықты ояту .

Балалар   біз мектепте оқимыз. Мектеп- біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, алғашқы ұстазымызбен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы мектеп сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.

 

 

Ұжым

 

Үмітті ақтау                      Сынып                          Ұлы тұлға

 
Тәрбие                              Ұстаз

 

Мектеп

Жоғары оқу орны

Білім                                                               Мұғалім

 

 
Оқушы                                                                        Педагог

 

Еңбек

 
Шәкірт                                         Өнер

 

Болашақ елдің тұтқасы                        Елге еңбек ету                          Өрге жүзу

 

  Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі  барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»  немесе «Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем,  «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,-  деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.

Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?

2.     Мағынаны тану.

Бүгінгі өтетін сабағымыз-өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны , Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы » деген өлеңі.

Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға , еліңе,Отаныңа , отбасыңа,  ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде ,  қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 5 минут уақыт беріледі.

Тақтаға кесте ілінеді. Балалар берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ  елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )

Менің ойым Шәкірт ойы
Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскің келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту. Елінің көзін ашу,  көкірегін ояту, надандықты жою. Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.
       Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді.

Сенің ойыңды білдік.  Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі  ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып ,талдау арқылы ұғынамыз. Өлеңді оқуға 10 минут беріледі. («Шәкірт ойы» бөлімін толтырады )

 

Қараңғы  қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың кегіне ,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін.

Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:

1.                        Шәкірт нені армандайды?

2.                        Күн болудағы мақсаты не?

3.                        Қазақ аспанында күн болу дегенді қалай түсінесің?

 

  Өлеңді оқып, талдап  болған соң, дәптерге шәкірт Сұлтанмахмұттың ойын жазады. Әр топтан бір оқушы өлеңді оқу барысында түсінгенін,  өлеңнің мәні қандай екенін айтады.  Дәптерге өлеңнің бір шумағын жазып, өлең құрылысына қарай талдаймыз.

Әр топ бір шумақтан алады.

  Қараңғы  қазақ  / көгіне,                         8 а

Өрмелеп шығып, /  күн болам.               8  б

Қараңғылықтың / кегіне ,                       8  а

Күн болмағанда,  /  кім болам?              8  б

Мұздаған елдің  /  жүрегін,                    8   в

Жылытуға мен  /   кірермін.                   8  в

  3  шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты ,  8 буынды еркін ұйқасқа құрылған өлең.
  3.Ой-толғаныс

Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.

Мәтіннен үзінді Оқушы көзқарасы Мақал-мәтел
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам. Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын. Ер ел үшін туады,

Елі үшін өледі.

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.

Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

                                                 ІІІ. Қорытынды бөлім.

Топ ішінен  белсеніп шығып, жауап берген оқушыларды бағалаймын.

Үйге «Шәкірт ойы » өлеңін жаттау.

Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде сыныптағы бір оқушыға мінездеме жазу.