«Үш жүзге атым мәлім Ақан сері»

№4 орта мектебі

 

 

 

 

«Үш жүзге атым мәлім Ақан сері»

 

(ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Өткізген: А. Аскербекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар қаласы

2011 жыл

 

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

№4 орта мектебі

Акгуль Аскербекова- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Үш жүзге атым мәлім Ақан сері»

Мақсаты:

Білімділік: Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету,серілерге тән ортақ қасиетті танып білу,өлеңдерімен және әндерімен таныстыру.

Дамытушылық: Ақан сері өлеңдерін талдау барысында сұлулыққа, әсемдікке лайық бейнелі сөз кестелерін табу, оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Оқушыны өнерді сүюге, бағалауға, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,дамыта оқыту,топтастыру стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері суреті,шығармашылық жинағы.

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы,музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі;

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б)сабаққа бейімдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау. Біржан сал Қожағұлұлы.Өлеңдерін жаттау.

III. Үй тапсырмасын бекіту.

«Жұмбақ сан» тесті.

1.ХIХ ғ.II жартысында сал-серілердің ең басында тұратын есім.

1.Үкілі Ыбырай

2.Жаяу Мұса

3.Біржан Сал

4.Ақан сері

2.Біржанның өлеңі

1.«Жанбота»

  1. «Ақтентек»
  2. «Жамбас сипар»
  3. «Ләйлім шырақ»

3.Біржанның қоғамдық  әлеуметтік көзқарасын айқындайтын  шығармасы

  1. «Көкек»
  2. «Айтбай»
  3. «Жанбота»
  4. «Жайма шуақ»

4.Біржанмен айтысқан әйгілі айтыс ақыны.

  1. «Сара»

2 .«Шоже»

  1. «Қатаған»

4 .« Жамбыл»

  1. «Біржан-Сара» операсын жаэған қазақ композиторы
  2. Е. Брусиловский

2.Т. Мұхаметжанов.

  1.   Затаевич.
  2.   М.Төлебаев.
  3. «Біржан сал» көркем фильмінде Біржан бейнесін сомдаған әртіс.
  4. Д.Жолжақсынов.
  5. Б.Әбділман.
  6.   Ә.Молдабеков.
  7.    Н.Әлімжан.

3          2          3          1          4          1                                                                                           

  1. Жаңа сабақ.

«Үш жүзге атым мәлім Ақан сері»

Жүйелі жоспар- сабақ өзегі

1.«Сырымбет- биік адыр,қатар кезең»

  1. «Жігітке ең керек іс- білім деген»

3.Ақан лирик ақын.

  1. «Құлагер .әкең- тұлпар,шешең- сұңқар…»
  2. «Мың кісіге татитын Ақан- ай,бір адамның өлімінде кеттің- ау!»                                                                                        Үнтаспадан «Маңмаңгер» әнін тыңдату.

 

  1. Дамыту.

Көркемдік ерекшелігіне талдау.

Өлең жолдарыЛирикалық қаhарманТеңеуШендестіру
1.«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,                      Алдымнан сен бір шыққан ақ маралдағы Қараймын томағамды ашып- жауып,               Тауыңнан ақиықша Оралдағы»                            2. «Құлагер,жаз жайладым, қыс жайладым,

Артына қызды ауылдың көп байладым.                    Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп,                Құшақтап қу басыңды ойбайладым»

3. «Етегін ақ көйлектің алтындаған,                 Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.              Сексен қыз серуенге шықса дағы,                Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.              Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,            Лашын құс не болады талпынбаған»

4. «Көзіңнен айналайын тостағандай,              Қияр ем сені не қып тастағанға -ай»

 

Семантикалық картаны толтыру.

                               Өлеңдері

Үзінді

«Жамбас сипар»«Құлагер»«Ләйлім шырақ»«Адамның біліміне ақыл серік»«Балқадиша»«Көкек»
1.«Өзіме бер,шідерімді тауып алсаң,  Елу теңге берер ем, сүйінші алсаң»           2.«Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар, Қадиша»

3. «Қанеки,соныменен шыққан мүйіз,

Қасына сұлу қыздың көп жантайдық.»

4«Қосайын өле- өлгенше мен әніме, Қалқадан хабар әкел ұшып барып»  5 «Құлпырған күлте жібек құйрығың- ай,

Суырылып топтан озған жүйрігім- ай»

6. «Талап қыл,азды көпті жұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла,көңіл бөліп.»

Өлең жолдарыМінезі
1.                 Естісем бұрын даңқын Көк неменің,

Алтайдың жүйрігі онан жоқ дегенін.

Жалықпай иесіне жүрген болса,

Осы жол Көк шолақты бүктіремін.

2.Алтайдың кәрі жынындай бақылдаған,

Көк сақал азбансынған,бұл кім өзі?

Би болсаң,би шығарсың Алтайыңа,

Тілімді терезем тең тартайын ба?

Көгіңді бүктірмесем атым сенікі,

Шапса да әкең мініп байталына.

3.Бұл айдау- қырғын жорық,байқап отыр,

Барғанша бұлаң құйрық,шайқап отыр,

Жел жоқта шаң қаптырма , ұрма,қалқам!

Тек қана тізгін қағып жайқа да отыр.

 

 

Ақан серіге сипаттама күнделігін толтыру.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мылтық пен мергеншілік» өлеңінен тауып оқы.

1.Аң ату үстіндегі мергеннің ішкі сезімі;

2.Аң атқан мергеннің көңіл күйін суреттеуі;

3.Жақсы мылтықты сипаттауы;

YI.Жаңа сабақты бекіту.

1.Топтастыру                

 

                                                Сал-серілер

 

 

  1. Шығармашылық жұмыс.

 «Елімнің еркесі еді Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жаз.

YII.Қорытынды.

Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер заманнан заман өткізіп,бүгінгі күнге де жетіп отыр.Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған Біржан сал,Ақан сері әндері құстай ұшып барып,қонған жерінде шырқала береді.Міне,сайын дала театрының өнерпаздары болған сал-серілеріміздің әсем де көркем туындылары халық жадында мәңгі қалмақ.Сөз өнерін,ән өнерін сүйіп, бағалап,құрметтеп өтейік.

YIII.Үйге тапсырма.

 «Үш жүзге атым мәлім Ақан сері» атты шығармаға жоспар құру.

IХ.Бағалау.