Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы

184

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ  ауданы

Қайназар ауылы

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Юсупова Г.Т.

Пәні: қазақ әдебиеті

9 сынып

 

Сабақ тақырыбы : Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы

 

Мақсаты:

 

Білімділік: Ы. Алтынсарин шығармаларымен тереңірек таныстыру, әңгімелер мазмұнын ашу, талдау жолдарын үйренеді;

 

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға, шығарма мазмұнын аша білу қабілетін дамытуға ықпал ету;

 

Тәрбиелік:оқушылардың әдебиетке, Ыбырай шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

 

Көрнекілігі:суреттер, кестелер, шығармалар.

 

Әдісі:сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

 

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, шаттық шебері: «Сәттілік тілеймін», топқа бөліну: «Даналар», «Жыраулар», «Ақындар»

ІІ. Үйтапсырмасын пысықтау

«Кел, балалар, оқылық» өлеңін оқып, авторын анықтау, жазушы өмірбаяны.

1 топ бастайды, келесі топ жалғастырады.

 Қорытындылау

«Сиқырлы сандар» . Жазушы өмірбаянына арналған хронологиялық кестені толықтыру.

Әр топқа жазушы өмірбаянына байланысты жылдар беріледі. Тақтада ілінген кестеден жыл орнын анықтап, қатарына қояды.

 жылдар                                               Маңызды оқиғалар
1841 жыл Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жыл Орынборда қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
1857 жыл Мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді.
1859 жыл Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш болған.
1859 жыл Орынбордағы шекаралық комиссиянң төрағасы, Шығыстағы зертеуші белгілі ғалым, профессор В. В. Григоревпен жақын танысады.
1860 жыл Торғай мектебінде мұғалім болып тағайындалады
1864 жыл Торғайда мектеп ашады.
1876 жыл Петербург, Қазан қалаларында болады.
1876 жыл «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.
1879 жыл Торғай  облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады
1879 жыл «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1881 жыл Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879-1883 жыл Торғай қаласының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троиц, Ақтөбе) мектептер ашылады.
1883 жыл Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1883 жыл «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құралын жазады.
1887 жыл Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1887 жыл Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарында бір сыныптық мектептер аштырып, жанынан қазақ балалары жататын 25 орынды интернат салдырады.
1889 жыл Ауыр науқастан қайтыс болады.

 

IІІ. Сабақ мақсаты:

Ыбырай әңгімелерін оқып танысамыз, мазмұнын ашып, ой қорытамыз.

ІV. Жаңа сабақ.

Кіріспе:

Ыбырай атамыз балалар туралы ғана жоқ, сонымен бірге үлкен кісілерге де арналған шығармалары бар екен. Бүгінгі сабағымызда  осындай шығармаларымен танысып қана қоймай, сонымен бірге олардың мазмұнын ашып, талдау жасаймыз.

Әр топқа мәтіндер  бөлініп беріледі:

І топ. «Даналар» тобы.

Ұсақ әңгіме ертегілер: «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит».

ІІ топ. «Жыраулар» тобы.

Үлкен кісілер турасындағы әңгімелер: «Ғалым кісі», «Сәттемір хан», «»Малды пайдаға жарату».

ІІІ топ. «Ақындар» тобы.

Әртүрлі өлең жырлар: «Ей, достарым, жігіттер», «Ей, жігіттер, үлгі алмаңыз», «Береке кеткен елдерде»

Әр топ шығармаларды оқып, өзара талқылап, танысады. Мазмұнын ашу мақсатында төмендегі кестені толтырып шығады:

Шығарма тақырыбы: Кейіпкерлері: Қысқаша мазмұны Тәрбиелік мәні Қазіргі өмірге сәйкестігі Өздерің қойған тақырып

 

  1. Білімдерін бекіту:

Кластерлеріне суреттерін салып, қорғайды.

Әр топ парақтарын үшке бөліп, мәтін шығармаларын байланысты сурет салады, топтар алдында қорғайды.

 

  1. Қорытынды.

«Ыбырай шығармаларының тәрбиелік мәні» сызбасын толықтыру.

Ыбырай шығармаларының тәрбиелік мәні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма

Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқып, ойтолғау  жазу.

VIII. Бағалау.

Топ бағалаушы топ мүшелерін бағалап шығады.

Рефлексия:

 

Өте жақсы түсіндім        түсіндім   Түсінген жоқпын