«Математика-физика-информатика» пәндерінің онкүндігі

«Математика-физика-информатика» пәндерінің онкүндігі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектеп-интернатымызда өтіп жатқан «Математика-физика-информатика» пәндерінің онкүндігіне қош келдіңіздер!

Компьютер – сенің көмекшің,

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың, — дегендей, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам ғасыры, технологиялық мәдениет ғасыры.

Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда «Тапқыр достар» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысында 8 сынып оқушыларынан құралған топтар өз білімдерін сынамақ.

Бүгінгі сайысымыздың мақсатын айта кететін болсам, оқушыларымыздың информатика пәнінен алған білімдерін басқа да пәндермен байланыстыра отырып, өз білімдерін жинақтау, тіл байлығын, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Олай болса, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. Таныстыру
  2. «Сөз тапқанға…»
  3. «Ойлан, тап!»
  4. «Бәрін білгім келеді»
  5. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»
  6. «Компьютерді үздік меңгерген топ»
  7. Көрермендермен сайыс. «Полиглот»
  8. Қорытынды

 

Барысы:

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың жаңасы

Информатика жайында

Сайысты біз бастаймыз, — дей отырып 1-ші кезең «Таныстыруды» бастайық!

Сөз кезегін «Word» және «Excel» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

 

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен, – дей отырып келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезең: «Сөз тапқанға…»

Мұнда екі топтың ойыншылары бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

 

WORD тобына (1 топқа) сұрақтар:

  1. Интернет не үшін керек?
  2. Компьютер қашан пайда болды?
  3. Компьютердің бағасы қанша?
  4. Компьютер не үшін қажет?
  5. Кітапханадан қандай кітап алдың?
  6. Ноутбук сатып алғың келе ме?

EXCEL тобына (2 топқа) сұрақтар:

  1. Компьютер алдында қалай отыру керек?
  2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
  3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?
  4. Вирусты қалай жояды?
  5. Интернеттен не іздейсің?
  6. Агентте кімге хат жазасың?

 

3-ші кезең: «Ойлан, тап!»

Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.

2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.

 

4-ші кезең: «Бәрін білгім келеді?»

Бұл кезеңде 2 тақырып берілген. Сол тақырыптарға байланысты 10-нан 60-қа дейін ұпайлар көрсетілген. Сол ұпайларды таңдау барысында сұрақтарға жауап беру қажет. Жауап бере алмай қалған жағдайда қарсы топ жауап беруіне мүмкіндігі бар.

 «Математика»

10-ұпай. Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен теңдей тұрса ше? (12 кг)       

20-ұпай. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 бұрышы, 6 қыры)

30-ұпай. y=ax+b фигурасының графигі (түзу)

40-ұпай. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем (аксиома)

50-ұпай. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынан үш есе қысқа. Үшбұрыштың периметрі 21 см. Қабырғаларын тап.     (3см, 9см, 9см)

60-ұпай.  Шарлар үшбұрыш тәріздес орналасқан: 1-ші қатарда 1 шар, 2-ші қатарда 3 шар, 3-ші қатарда 5 шар болса, 10-шы қатарда неше шар бар? (19 шар)

 

«Информатика»

10-ұпай. Microsoft Office бағдарламасына … кірмейді (Paint)

20-ұпай. Қатты диск дегеніміз не?(мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы)

30-ұпай. Операциялық жүйе (ОЖ) дегеніміз? (пайдаланушы мен компьютер

байланыстыратын арнайы программалар  тобы)

40-ұпай. Alt пернесінің  қызметі (басқа пернемен бірге басылып компьютер жұмысын басқарады)

50-ұпай. 1, 2, 4, 8 сандарының тізбегі берілген. Келесі санды тап (16)

60-ұпай. Пиксель – бұл … (түсті нүктелерден тұратын нүкте, нүктелер монитор

экранына бейнені  шығарады

 

5-ші кезең: «Кім жылдам, әрі тапқыр»

Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп сөз құрайтынын байқау.

 

6-шы кезең: «Компьютерді үздік меңгерген топ»

(Компьютермен жұмыс)

 

Көрермендермен сайыс. «Полиглот».

1.Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін.

(ток, ток, energy)

 

2.Жақтаулар арқылы шектелген

экрандағы төртбұрышты аймақ

(терезе, окно, window)

 

3.Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз, лед, ice)

 

4.Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың.

(тышқан, мышка, mouse)

 

5.Бар жоғын білмейсің

Онсыз өмір сүрмейсің

(ауа, воздух, air)

 

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

 

Әділ-қазылар алқасы қорытынды шығарғанға дейін, мына түрлі-түсті қағаздарымызды пайдалана отырып, ұстаздарымызға деген алғысымызды, ыстық лебіздерімізді қағаз бетіне түсіріп көрсетейік!

 

Қорытынды

Бүгінгі сайысымызға қатысып отырған сарапшы ұстаздарымызға сөз кезегін беру. Жеңген топты анықтап марапаттау.

 

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!