Visual Basic программалау ортасының негізгі мүмкіндіктерін пайдалану.

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic программалау ортасының негізгі мүмкіндіктерін пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

  • Жоба жасау, оған форма қосу, компоненттерді тиімді қолдана білуді үйрету;
  • Практикалық есептерді шығара білуін дамыту;
  • Оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауда компьютерлік техниканы өзінше тиімді қолдана білуге үйрету.

Әдістері:

  1. Миға шабуыл;
  2. Жеке жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар VB жаңа жобасын іске қосуды, ашуды, сақтай білуді үйренеді.
  2. Негізгі түсінігі қалыптасады.
  3. Жобада әр түрлі компоненттерді қолдана отырып, қолданба жасауды үйренеді.

Жоспар

  1. Өтілген сабақты «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы интерактивті тақтаны қолданып қорытындылау.
  2. Практикалық бөлім. Компьютерде тапсырмалар орындау.
  3. Тест. (бекіту)

І. Интерактивті тақтада «Миллион кімге бұйырады?» флипчартын іске қосу.

Сабақтың І кезеңінің тапсырмалары:

Visual Basic компоненттерінің сипаттамалары:

 

 

— PictureBox                                      — Frame                          — OptionButton

—   ComboBox                                        — Shape                          — CommandButton

 

 

— ListBox                                         — Label                           — CheckBox

 

 

— Timer                                           — TextBox                       — Image

 

ІІ кезеңде «Сәйкестендіру тесті»

Label                                                              Style

Frame                                                             Picture

CheckBox                                                      Caption

Timer                                                             Text

Image                                                             Value

TextBox                                                         Interval

Shape                                                             Caption

CommandButton                                           Shape

ІІІ. Сұрақтарға жауап беру.

1 сұрақ: Объект дегеніміз не?

2 сұрақ: Қасиет дегеніміз не?

3 сұрақ: Оқиға дегеніміз не?

4 сұрақ: Класс дегеніміз не?

5 сұрақ: Жоба дегеніміз не?

6 сұрақ: Модель дегеніміз не?

 

ІІ. Практикалық кезең.

Анимациялық әдісте экранда кез келген денені қозғалысқа келтіру үшін мультфильмдердегі секілді кадрларды ауыстыру әдісі қолданылады. Қозғалысқа келтіру бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады.

  • Экранда бейнені құру;
  • көзді тоқтатып қарау;
  • суретке өзгеріс енгізу.

Анимация  объектілерді қозғалысқа келтіру үшін қолданылады.  Денінің қозғалыс  жылдамдығын бақылау үшін оған бос цикл қолданылады. Цикл көп болған сайын қозғалыс керісінше кемиді.

«Баланың қозғалысы» жобасы

Адамның жоғары-оңға, жоғары-солға, төмен-оңға, төмен-солға жылжитын жобасын жасайық.

Пішіндегі объектілер Left және Top  қасиеттерімен басқарылады.

Top – батырмадан  пішіннің жоғары жағына дейінгі ара қашықтығы

Left — батырмадан  пішіннің  сол жағына дейінгі ара қашықтығы

 

  1. Пішінге  Image объектісін енгіземіз.  Stretch қасиетінен  True мәнін береміз. «Адам» пішініндегі  суретті таңдаймыз.
  2. Пішінге Command1 және  Command2 орналастырып Caption қасиетіне тиісінше «Жоғары және оңға қарай қозғалту» «Төменге және солға қарай қозғалту» мәтінін береміз, код терезесіне келесі процедурасын енгіземіз:

 

Private Sub Command1_Click()

Dim I As Integer

Dim left As Single

Dim top As Single

left = Image1.left

top = Image1.top

For I = 1 To 100 Step 1

left = left — 10

top = top — 10

Image1.Move left, top

Next I

End Sub

Private Sub Command2_Click()

Dim I As Integer

Dim left As Single

Dim top As Single

left = Image1.left

top = Image1.top

For I = 1 To 100 Step 1

left = left + 10

top = top + 10

Image1.Move left, top

Next I

End Sub

  1. Жобаны іске қосыңыз.
  2. Жобаны іске қосып, нәтиже шыққан соң  бағдарламалық кодты дәптерге жазамыз.

 

№2 есептің шешуі

«Жүгірме жол» программасын жасау. Ол  үшін пішінге TextBox және CommandButton объектілерін енгіземіз. TextBox-тың Text қасиетіне «Привет!!!» сөзін енгізіп, CommandButton объектісінің Caption қасиетіне «Жүгірме жол», код терезесіне келесі процедура енгізіледі.

Private Sub Command1 _Click()

For i = 1 To 7000

Text1.Left = Text1.Left + 1

Form1.Refresh

Next

End Sub

Бағдарламаны іске қосамыз. Run -Start

Нәтижесін алып, дәптерге түсіреміз.

P.S.  Refresh – Пішінді тазалап отыру әдісі

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Тест. Интерактивті тақтамен тест беріледі. Оқушылар тестке жауап беріп, экраннан жауаптары тексеріледі.

  1. Visual Basic программасын іске қосу
  2. A) Іске қосу — Visual Basic B)Іске қосу – Программа — Visual Basic
  3. C) Сілтеуіш — Visual Basic D) Іске қосу- Программа- Стандартты — Visual Basic
  4. TextBox компонентінін мәтін енгізу қасиеті
  5. A) Caption B) Name
  6. C) Index D) Text

3.CommandButton компонентінің түсін енгізу  қасиеті

  1. a) Name b) BackColar
  2. C) Style d) Text
  3. Жобаларға бірнеше форма қосу жолы:

a)Project-AddForm                                       b) AddForm

  1. C) Project-New d) File-New
  2. Формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент
  3. A) Shape B) Image
  4. C) Timer D)Label
  5. Shape компонентінің әр түрлі фигураларды түрлендіру қасиеті

A)Caption                                                      B) ForeColor

  1. C) Shape D) BorderColor
  2. Line компонентінің сызықтың түсін анықтау қасиеті қайсы?
  3. A) ForeColor B) BorderStyle
  4. C) BorderWidth D) FileStyle
  5. ComboBox компонентінің тізімде көрініп тұратын

қатарының мәнін қою қасиеті

  1. A) Text B) Caption
  2. C) Column D) Sorted

Дұрыс жауаптары: 1) В      2) Д     3) В  4) А     5) С     6) С     7) А     8) А

  1. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта VB басқару элементтерімен әр түрлі қосымшалар жасап, оны іске қосып жұмыс жасадық. Біздер тек қана дайын қосымшалармен жұмыс жасап қана қоймай, сондай-ақ өзіміз де қосымшалар жасай алатындығымызға көзіміз жетіп отыр. Сабақты қорытындылау келе бағалау парағы арқылы өздеріңізді бағалайсыздар.
  2. «Бағалау парағы» арқылы оқушыларды бағалау.
  3. Үйге тапсырма: VB тақырыбын қайталау, мәнжазба жазып келу.

ІІ бөлім. Программалау –екінші сауаттылық» мұғалімдермен жұмыс. Бұл бөлімде семинарға келген  мұғалімдермен пікірлесіп, өз іс-тәжірибемізді ортаға салдық. Сонымен қатар, мұғалімдерге практикалық тапсырмалар беріп, жұмыс жасауға мүмкіндік жасалды.

      

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №1

OLE-контейнер

Ole компоненті Visual Basic ортасын компьютерге орнатылған кез-келген программамен байланыстыратын контейнер-компонент.

Қосымшаға басқа программаларда жасалған объектілерді OLE компонентін формаға қойғанда шығатын «Объектілер кірістіру» (Вставка объекта) терезесі арқылы кірістіреді. Жаңа объект жасау үшін «Жаңа объект жасау» (Создать новый),. ал файлда бар объектіні кірістіру үшін «Файлдан жасау» (Создать из файла) ауыстырғышын орнату қажет.

 

 

Формада жаңа Word құжатын жасау                          Формаға басқа программада жасалған объект кірістіру

 

 

Тапсырма №1

  1. OLE объектісі арқылы Office программаларын іске қосатын exe – типті файлдарынан тұратын бума жасау.

Тапсырманы орындау

  1. Формаға OLE1, OLE2, OLE3, OLE4 объектілерін орналастырыңыз.
  2. Әр OLE объектісін формаға қойғанда шығатын «Объект кірістіру» терезесінде «Файлдан жасау» ауыстырғышын орнатып, «Көру» (Обзор) батырмасы арқылы керекті файлдың жолын (мысалы Word программасының іске қосу файлының жолы: C:\Program Files\Microsoft Office\Office\Winword.exe) орнатқаннан кейін , «Байланыс» (Связь) жалаушасын орнатып Ok батырмасын басыңыз.
  3. Керекті файлдарды формаға түсіргеннен кейін, қосымша іске қосылғанда контексті мәзір шықпауы үшін, объектілердің AutoVerbMenu қасиеттеріне False мәнін орнатыңыз.
  4. Қосымшаны іске қосқаннан кейін, exe – типті файлдарын іске қосу арқылы Office программаларын ашып көріңіз.

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №2.

  1. Формаға OLE объектісі кірістірілген үлкен құжатты көру үшін Frame объектісін пайдаланып айналдыру белдеушелерін жасау.

 

Тапсырманы орындау

  1. Формаға Frame1 объектісін орналастырыңыз. Оның үстіне OLE1 объектісін қойып, шекараларын созу арқылы Frame1 объектісін толық жабатындай етіп беттестіріңіз де, Word программасынан кез-келген бір үлкен құжат кірістіріңіз. Қосымша іске қосылғанда контексті мәзір шықпауы үшін, OLE1 объектісінің AutoVerbMenu қасиетіне False мәнін орнатыңыз.
  2. Frame1 объектісін ішіне суреттегідей етіп Vscroll1, Hscroll1 (тік және жатық айналдыру белдеушелерін) объектілерін орналастырыңыз. Олардың Max қасиетіне құжаттың өлшеміне сәйкес мән беріңіз. Ал LargeChange және SmallChahge қасиеттеріне 50 мәнін орнатыңыз.
  3. Vscroll1 объектісін екі рет шерту арқылы код терезесіне келесі процедураны жазыңыз.

Private Sub VScroll1_Change()

OLE1.SetFocus

OLE1.Top = -VScroll1.Value

OLE1.Height = OLE1.Height + VScroll1.Value

End Sub

  1. Hscroll1 объектісін екі рет шерту арқылы код терезесіне келесі процедураны жазыңыз.

Private Sub HScroll1_Change()

OLE1.SetFocus

OLE1.Left = HScroll1.Value

OLE1.Width = OLE1.Width + HScroll1.Value

End Sub

  1. Қосымшаны іске қосып, кірістірілген құжатты айналдыру белдеушелерінің көмегімен оқып көріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс №2

Тақырыбы: Visual Basic ортасының компоненттер  палитрасында орналасқан элементтермен танысу. “Бағдаршам” программасын жасау.

Мақсаты: Label және Shape элементтерімен объектілердің түсін өзгерту мүмкіндігін беретін қасиеттермен жұмыс жасау.

Visual Basic ортасының Компонеттер панелінде келесі элементтер орналасқан:
1.Pointer (Указатель) – панеліндегі екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш. Мысалы панельде бір компоненттің батырмасын басқан кезде, компонент батырмасының түрі жартылай ішке еніп, екпінді күйге өтеді. Бұл жағдайда қайтадан формада жұмыс істеуге өту үшін алдымен көрсеткішті басып екпінді күйде тұрған компонент батырмасының түрін кәдімгі режимге ауыстыру қажет.
2.Label(Надпись) – Текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент.
3.Frame(Рамка) – формаға ішіне әртүрлі компоненттерді топтастырып орналастыру үшін қолданылатын компонент.
4.ComboBox(Комбинированные поля) – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар құрастыруға болатын өріс шығару үшін қолданылатын компонент.
5.CheckBox(Флажок)- формаға жанында жалаушасы бар жазу шығаратын компонент.
6.HscrollBar (Полоса прокрутки) – формаға жатық (горизонталь) айналдыру белдеушесін шығаратын компонент.
7.Timer(Таймер) –формаға уақыт-өлшеуіш шығаратын компонент.
8.DirListBox(Списки каталогов) – каталогтар тізімін шығаратын компонент.
9.Shape(Фигура) – формаға әртүрлі геометриялық фигуралар шығаратын компонент.
10.Image(Рисунок) – формаға әртүрлі типті бейнелік файлдардан суреттер шығаратын компонент.
11.Ole(OLE-контайнер) – Visual Basic ортасын Windows операциялық жүйесіне орнатылған басқа қолданбалы программалармен байланыстыратын компонент.
12.PictureBox(Графическое поле) – формаға графиктік өріс шығаратын компонент. Графикалық өріске әртүрлі типті бейнелік файлдардан сурет шығарумен қатар басқа да объектілер енгізіп, олардың барлығын бір объект ретінде қарастыруға болады (Frame сияқты қолдануға болады.)
13.TextBox (Текст) – формаға текстік және сандық шамаларды енгізуге және шығару үшін қолданылатын компонент.
14.CommandButton(Командная кнопка) – формаға командалық батырма орналастыру үшін қолданылатын компонет.
15.OptionButton(Переключатель) – формаға жанында ауыстырып қосқыш бар жазу шығаратын компонент.
16.ListBox(Список) – формаға бірнеше қатарлардан тұратын жазулар тізімін шығаратын компонент.
17.VscrollBar(Полоса покрутки) – формаға тік (вертикаль) айналдыру белдеушесін шығаратын компонент.
18.DriveListBox(Список дисков) – формаға компьютерге орнатылған дискілер тізімін шығаратын компонент.
19.FileListBox(Список файлов) – формаға таңдалған каталогта орналасқан файлдар тізімін шығаратын компонент.
20.Line(Линия) – формаға сызық салу үшін қолданылатын компонент.
21.Data(Данные) – формаға белгілі бір объектілерді деректер қоры сақталған mdb-типті файлдармен байланыстыратын және олардың жұмысын басқаратын компонент. Қосымшаларда бұл компонент қолдану үшін алдын ала деректер қоры файлын (mdb-типті) жасап алу шарт.

Бұлардан бөлек элементтер панеліне Project-Components командасын орнағанда немесе курсорды компоненттер панеліне апарып оң жақ батырманы басып контексті мәзірден Components қатарын таңдағанда шығатын үш парақтан тұратын Components терезесінен компонентті белгілеу арқылы қосымша объектілер ендіруге болады. Мысалы, Components терезесінің Insertable Objects парағынан “Видеозапись” объектісін таңдап “Қолдану” (Применить) батырмасын басып элементтер панеліне қосымшаға видеофильмдер енгізетін AviFile обектісін кірістіруге болады.

Тапсырма мақсаты:  Қызыл, сары және жасыл түстерден тұратын бағдаршам салып, әр түсті басқанда сәйкесті түрде “Тоқтаңыз!”, “Назар аударыңыз!”, “Жүріңіз” сөздерін бағдаршамның жоғары бөлігіне орналасқан Label элементіне шығару керек.

“Бағдаршам” программасының орындалуы:

  1. Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.
  2. Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:
ОбъектҚасиетіМәні
Form1CaptionСветофор
Shape1Shape1Rounded Rectangle
Label1Caption

BackColor

Label1 мәнін өшіру

Қызыл

Label2Caption

BackColor

Label2 мәнін өшіру

Ақ

Label3Caption

BackColor

Label3 мәнін өшіру

Ақ

Label4Caption

BackColor

Label4 мәнін өшіру

Ақ

Label5Caption

 

Бағдаршамды тышқанмен шертіңіз
Shape2 (Label1-дің үстіне)Shape

BorderColor

FillColor

FillStyle

3-Circle

Қызыл түс таңдау

Қызыл түс таңдау

0-Solid

Shape3 (Label2-дің үстіне)Shape

BorderColor

FillColor

FillStyle

3-Circle

Cары түс таңдау

Сары түс таңдау

0-Solid

Shape4 (Label3-дің үстіне)Shape

BorderColor

FillColor

FillStyle

3-Circle

Жасыл түс таңдау

Жасыл түс таңдау

0-Solid

  1. Келесі кодтарды жазу:

— Label1 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label1_Click()

Label1.BackColor = vbRed

Label2.BackColor = vbWhite

Label3.BackColor = vbWhite

Label4.Caption = «Stoite!»

End Sub

— Label2 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келес процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label2_Click()

Label1.BackColor = vbWhite

Label2.BackColor = vbYellow

Label3.BackColor = vbWhite

Label4.Caption = «Vnimanie»

End SubLabel2 элементін екі рет шертіп, шылған код терезесіне келес процедураны енгізіңіз:

Private Sub Label3_Click()

Label1.BackColor = vbWhite

Label2.BackColor = vbWhite

Label3.BackColor = vbGreen

Label4.Caption = «Idite!»

End Sub

Практикалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Массив элементтерімен жұмыс: Массивтермен танысу

Теориялық мағлұмат:

Элементтерінің саны алдын ала бір типті индексті айнымалылардың жиынтығын МАССИВ деп атайды. Массивтің типі программада күрделі болып келеді. Массивтерді программада қолдану үшін оларға белгілі бір ат беріледі.

Массивті сипаттау үшін Dim көзінен кейін массив атын жазып, жақша ішінде массивке компьютердің жадыдан қанша орын бөлінетінін және AS қызметші сөзінен кейін массив элементінің типін көрсетіп кету керек.

Массивті процедураның басында немесе код терезесінің General бөлігінде сипаттап кетуге болады. Егер массив процедураның басында сипатталса, ол тек сол процедураның орындалуында ғана жұмыс істей алады. Егер General бөлігінде сипатталса, онда массив проектінің барлық процедураларында мәндерін жоғалтпай жұмыс істейді.

Тапсырманың орындалуы

  • Форманың Caption қасиетіне “Массивтермен жұмыс” мәнін жазыңыз, шрифті өшемін 12 деп белгілеңіз.
  • Формаға Command1 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Енгізу деп жазыңыз.
  • Код терезесінің General бөлігіне өтіп, айнымалыларды сипаттаңыз:

Dim A(100), n As Integer

  • Command1_Click() процедурасына өтіп, массив элементтерін енгізу процедурасын жазыңыз.

Private Sub Command1_Click()

N=InputBox(“Массив элементтері санын енгіз (1-100 аралығында):”)

For k=1 to n

A(k)=InputBox(“Массивтің”+Str(k)+ “элементін енгіз”)

Next k

End Sub

Формаға Command2 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Шығару деп жазыңыз. Формаға нәтиже шығару үшін қызмет атқаратын List1 объектісін түсіріңіз.

  • Command2_Click() процедурасына өтіп, массив элементтерін шығару процедурасын жазыңыз.

Private Sub Command2_Click()

List1.Clear

For k=1 to n

List1.AddItem A(k)

Next k

End Sub

  • Формаға Command3 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Теріс элементтер саны деп жазыңыз. Формаға нәтиже шығару үшін қызмет атқаратын List2 объектісін түсіріңіз.
  • Command3_Click() процедурасына өтіп, А массивінің теріс элементтерінің қосындысын есептейтін процедураны жазыңыз.

Private Sub Command3_Click()

S = 0

For k = 1 To n

If A(k) < 0 Then S = S + A(k)

Next k

List2.Clear

List2.AddItem «S=» + Str(S)

End Sub

  • Формаға Command4 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне Оң элементтер қосындысы деп жазыңыз.
  • Command4_Click() процедурасына өтіп, А массивінің оң элементтерінің қосындысын есептейтін процедураны жазыңыз.

Private Sub Command4_Click()

S = 0

For k = 1 To n

If A(k) > 0 Then S = S + A(k)

Next k

List2.Clear

List2.AddItem «S=» + Str(S)

End Sub

 

Практикалық жұмыс №4

 

Тақырыбы: Visual Basic программалау ортасы. Программалық код терезесі. Оқиғалар тізімі. “Калькулятор”  программасын жасау.

Мақсаты:Text, CommandButton элементтерімен танысу. Олардың қасиеттерін өзгерту.

VB-те программа жазу арнайы Код терезесі деп аталатын терезеде жазылады. Проектіде қолданылған әр форманың өзінің программалық код терезесі болады. Код терезесін келесі командалар арқылы ашуға болады:
1. Форма терезесін кез-келген объектіні екі рет шерту арқылы;
2. Проектілер терезесінің View Code батырмасын шерту арқылы
3. Бас мәзірден View Code командасын беру арқылы
4. F7 функциональды клавишын басу арқылы
Код терезесінің жоғарғы жағында Объектілер тізімі және Процедуралар тізімі  деп аталатын екі контейнер-терезе орналасқан. Олардың тізімдері жанында орналасқан тілсызықты шерту арқылы ашылады.
Объектілер тізімі проекті формасында қолданылған барлық объектілер қатарынан тұрады. Процедуралар тізімі таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар аттарынан тұрады.
Код терезесі алғашқы рет ашылғанда Объектілер тізімінде сөзі, ал Процедуралар тізімінде сөзі көрініп тұрады. Объект пен оқиғалар таңдалғаннан кейін олардың орнына таңдалған объект пен оқиғаның аты жазылады.
Программалық код терезесін форманы немесе формада орналасқан кез-келген объектіні таңдап екі рет шерту арқылы да ашуға болады. Бұл жағдайда Объектілер тізімінде таңдалған объект аты көрініп тұрады, ал Процедуралар тізімінде оқиға аты таңдалған объектіге байланысты шығады.
Программалаушы объект пен оқиға атын таңдағаннан кейін процедураның тақырыбы мен аяқталу белгісін Visual Basic автоматты түрде жазып, оның жұмысын көп жеңілдетеді. Сонда программалаушы тек процедура денесін ғана толтырады.
Private (жабық) – процедураны тек бір форманың ішінде жариялау, процедураны бірнеше формаларда пайдаланатын ету үшін Public(көпшілік) сөзін жазу керек.
Sub(subroutine –көмекші) – программаны процедура түрінде жариялау.
Form_Load() – процедура аты, мұндағы:
Form – обектінің аты, Load – оқиға аты, () – айнымалылар сипатталатын орын. Кейбір оқиғалада таңдағанда VB сол оқиға байланысты қолданылатын айнымалыларды жақшалар ішіне өзі сипаттап жазады.
End Sub – процедураның аяқталуын білдіретін қызметші сөз.

Код терезесі бір немесе бірнеше процедуралардан тұруы мүмкін. Оларды код терезесінен екі түрлі режимде көруге болады. Бұл режимдер терезенің төменгі сол жағында орналасқан View Selection(Түр таңдау) панеліндегі Procedure View (Процедураны көру) және Full Module View (барлық модульдерді көру) батырмалары арқылы таңдалады.
Терезеде бір процедураны көру үшін Procedure View батырмасын. Басып, экранның жоғарғы сол жағындағы процедуралар тізімінен процедура атын таңдау қажет. Бұл режимде терезеде тек бір ғана процедура көрініп тұрады.
Код терезесіндегі барлық процедураларды бірден көру үшін Full Module View батырмасын басу қажет. Бұл жағдайда процедуралар бір-бірінен сызықша арқылы бөлініп тұрады.
Visual Basic операторларын бір қатарға біріктіріп немесе бір қатарға тек бір ғана оператор жазуға болады. Бірнеше операторлар бір қатарға “:” (қос нүкте) символы арқылы бөлініп жазылады. әдетте код терезесінде программалық текст жеңіл оқылуы үшін бір қатарға бір оператор жазған ыңғайлы.
Программаның мақсаты, оның кейбір қиын бөліктерінің жазылуы мен олардың атқарып тұрған қызметі басқаларға түсінікті болу үшін түсініктемелер жазылады. Код терезесінде түсініктемелер алдына “ ’ ” (апостроф) символы қойылып қатардың соңына дейін жазылады. Егер түсініктемелер бір қатарға сыймаса, онда келесі қатарға апостроф символын қойып жалғастырып жазып кетсе болады. Апостраф кейін жазылған сөздерді VB оқымайды. Курсорды түсініктеме жазылған қатардан жоғары не төмен түсірісімен VB оны басқа қатарлардан оңай ажырата алуы үшін бөлектеу түске бояйды.
Код терезесінде ұзын тіркестерден тұратын күрделі операторларды жазу программалаушыға біршама ыңғайсыздықтар туғызады. Бұл жағдайларда “_” (бос орын және төменгі сызықша) символдарын қолдану арқылы күрделі операторлады бірнеше қатарға бөліп жазуға болады. Бұл символдар тіркесін “қатарды жалғастыру символы” деп атайды. Қатарды жалғастыру символынан кейін түсініктемелер жазуға болмайды.
VB ортасында көптеген көмекші функцияларды қолдану программалық код жазуды біршама жеңілдетеді. Мысалы код жазу барысында код редакторы бірнеше операторлар мен процедуралардан, объектілер қасиеттері мен әдістерінен, олардың қабылдай алатын мәндерінен тұратын тізім шығарып, программалаушының тізімінен таңдаған сөзін программаға автоматты түрде түсіріп отырады. Код редакторында көмекші функцияларды қолдану мүмкіндігін Бас мәзірден Tools-Option командасы орындалғанда шығатын Option терезесінің Editor парағынан орнатуға немесе алып тастауға болады.
Солардың бірі Auto List Members – код терезесінде объектінің атын жазғаннан кейін нүкте қойғанда шығатын сол жазған объектінің қасиеттерінен тұратын тізім шығаратын функция. Бұл функцияның мүмкіндіктерін пайдаану үшін алдымен код терезесінде, функция тізімінен керекті қасиеттің алдымен код терезесінде, функция тізімінен керекті қасиет таңдалысымен Tab, Enter клавиштарының бірін басу немесе тышқан батырмасын екі рет шерту қажет.
Auto List Members функциясы объектінің қандай қасиеттері бар екендігін толық білмеген жағдайда өте пайдалы. Сондай-ақ бұл функция программада объектілер мен олардың қасиеттерінің дұрыс жазылуына да көп пайдасын тигізеді. Мысалы, код терезесінде объектінің аты қате жазылса немесе проектіде жоқ объектінің аты жазылғанда экранға функция тізімі шықпайды.
Auto Quick Info – код терезесінде жазылған функциялар мен операторлар параметрлерінің синтаксисін көрсету үшін қолданылатын функция. VB операторын немесе функциясын жазғанда төменгі жағында олардың систаксис терезесі шығып бірінші аргумент ерекшеленіп тұрады. Бірінші аргумент енгізілгеннен кейін екінші аргумент ерекшеленеді, екінші аргумент енгізілгеннен кейін үшінші аргумент ерекшеленеді әрі қарай т.с.с. кете береді.

Тапсырма мақсаты:  Арифметикалық амалдарды (қосу, алу, көбейту, бөлу) орындайтын калькулятор программасын жасау қажет.

“Калькулятор” программасының орындалуы:

  • Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.
  • Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:
ОбъектҚасиетіМәні
Text1TextБос ету
Text2TextБос ету
Text3TextБос ету
Label1Caption1 — айнымалы
Label2Caption2 — айнымалы
Label3CaptionНәтиже
Label4CaptionБос ету
Label5CaptionБос ету
Label6CaptionБос ету
Label7CaptionБос ету
Command1CaptionІске қосу
Command2CaptionШығу
OptionButton1 (label4-тің үстіне)CaptionҚосу (+)
OptionButton2 (label5-тің үстіне)CaptionАлу (-)
OptionButton3 (label6-ның үстіне)CaptionКөбейту (*)
OptionButton4 (label7-нің үстіне)CaptionБөлу (/)

Келесі кодты жазу:

  • Command1 элементін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub Command1_Click()

Dim Per, Vt

Per = Val(Text1.Text)

Vt = Val(Text2.Text)

If Option1.Value = True Then

Text3.Text = Per + Vt

End If

If Option2.Value = True Then

Text3.Text = Per — Vt

End If

If Option3.Value = True Then

Text3.Text = Per * Vt

End If

If Option4.Value = True Then

Text3.Text = Per / Vt

End If

End Sub

  • Command2 элементін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне келесі процедураны енгізіңіз:

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс № 5

Тақырыбы: Төбелерінің координаталары бойынша үшбұрыш шығаратын қосымша жасау

Мақсаты: Visual Basic ортасының графиктік компоненттерімен танысу

Теориялық мағлұмат:

Line (сызық) компоненті – түзу сызық салу үшін қолданылатын компонент

Оның негізгі қасиеттері:

BolderColor – сызықтың түсін орнату

BolderStyle – сызық стилін орнату

BolderWidth  — сызық қалыңдығын орнату

DrawMode – сызық сызу әдістерін орнату

Shape (Фигура) компоненті – формаға геометриялық фигуралар салу үшін қолданылады.

Shape объектісінің негізгі қасиеттері:

BolderColor – фигура сызығының түсін орнату

BolderStyle – фигура сызығының стилін орнату

BolderWidth  — фигура сызығының қалыңдығын орнату

DrawMode – фигура сызығының сызық сызу әдістерін орнату

FillColor – фигура ішін бояу

FillStyle – бояу стилін орнату

Shape – фигуралар орнату (0-Rectangle, 1-Square, 2-Oval, 3-Circle, 4-Rounded Rectangle, 5-Rounded Rectangle)

PictureBox (Бейне-қорап) компоненті формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады. PictureBox объектісінің графикалық өрісіне әр түрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геометриялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді кіргізуге болады.

Оның негізгі қасиеттері:

AutoSize – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент өлшеміне шақтап өзгерту

Picture – кірістірілген графикалық файл жолы

Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру

ImageBox (Сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. PictureBox компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды.

Оның негізгі қасиеттері:

Picture – кірістірілетін файл жолы

Stretch – текстік объектілердің AutoSize қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объект өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгереді.

Тапсырманың орындалуы

  1. Форманың ScaleMode қасиетіне Pixel мәнін, Caption қасиетіне “Үшбұрыш шығару” мәнін жазыңыз
  2. Формаға Picture1 объектісін түсіріп, BackColor қасиетіне ақ түс орнатыңыз.
  3. Формаға үшбұрыштың төбелерінің координаталарын енгізу үшін қызмет ететін Text1, Text2, Text3, Text4, Text5, Text6 объектілерін түсіріп, Text қасиеттерін тазалаңыз. Олардың жанына түсініктеме ретінде қызмет ететін Label1, Label2, Label3, Label4, Label5, Label6 объектілерін түсіріп, Caption қасиеттеріне ретімен Х1=, Y1=, X2=, Y2=, X3=, Y3= мәндерін жазыңыз.
  4. Формаға Command1 объектісін түсіріп, Caption қасиетіне ОК деп жазыңыз.
  5. Command1_Click() процедурасына өтіп, үшбұрыш шығару процедурасын жазыңыз.

Private Sub Command1_Click()

‘ координаталарды меншіктеу

X1 = Val(Text1.Text)

Y1 = Val(Text2.Text)

X2 = Val(Text3.Text)

Y2 = Val(Text4.Text)

X3 = Val(Text5.Text)

Y3 = Val(Text6.Text)

‘сетка шығару

Picture1.Cls

Picture1.DrawWidth = 1

For k = 10 To Picture1.Width Step 10

Picture1.Line (k, 0)-(k, Picture1.Height)

Next k

For i = 10 To Picture1.Height Step 10

Picture1.Line (0, i)-(Picture1.Width, i)

Next i

‘Үшбұрышты шығару

Picture1.DrawWidth = 3

Picture1.Line (X1, Y1)-(X2, Y2), vbRed

Picture1.Line (X2, Y2)-(X3, Y3), vbRed

Picture1.Line -(X1, Y1), vbRed

‘Үшбұрыштың ауданын есептеп шығару

a = Sqr((X2 — X1) ^ 2 + (Y2 — Y1) ^ 2)

b = Sqr((X3 — X2) ^ 2 + (Y3 — Y2) ^ 2)

c = Sqr((X1 — X3) ^ 2 + (Y1 — Y3) ^ 2)

p = (a + b + c) / 2

s = Sqr(p * (p — a) * (p — b) * (p — c))

MsgBox «S=» + Str(s), , «Аудан»

End Sub