Файлдарды архивтеу

Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивтеу.

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды архиваторлар түрімен  таныстыру;

файлдарды мұрағаттау және мұрағатқа

орналастыруды үйрету.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: практикум элементі бар түсіндірмелі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық.

 

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру.
  • Үй жұмысын тексеру.

а) Сұрақ  — жауап.

ә) Топтастыру.

б) Информатикалық диктант.

в) Шығармашылық жұмыс .

     3   Жаңа сабақ

           а) жаңа сабақты түсіндіру.

ә) бағдарламасымен жұмысты электрондық оқулықта көрсету.

     4   Жаңа сабақты бекіту

           а) Компьютерде архивтеуші бағдарламасымен жұмыс орындау

     5    Үйге тапсырма беру

     6     Бағалау

 

Үй жұмысын тексеруге арналған сұрақтар.

  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
  2. Вирустар компьютерге қалай түседі?
  3. Вирустардың негізгі топтарын атап шығындар?
  4. Ақпаратты қорғаудың қандай түрлерін білесіндер?

Топтастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатикалық диктант

 

(көп нүктені орнына тиісті сөздерді интерактивтік тақтада жазу)

………………………………………… — өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар. Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын …………………………… . Мекендеу ортасына қарай вирустар…………. бөлуге болады.

 

Шығармашылықпен  жұмыс

 

(Оқушылар берілген өлең шумақтарының ұйқасын тауып жазады)

Компьютердің қас жауы вирус,

Оны аркашан жоятын антивирус.

 

  1. Жаңа сабақ.

 

Тұрғылықты дискіде немесе ауыстырлатын тасымалдаушыда бос орын аз болғанда, немесе файлды электронды поштамен жөнелту кезінде орынды үнемдеу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.

Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемі кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.

Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді мұрағаттау терминімен аталады.

Мұрағатталған файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл немесе сығылған қапшық болуы мүмкін.

Мұрағаттан алу – бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.

Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар мұрағаттаушылар деп аталады.

Көлемі бойынша үлкен мұрағатталған файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай мұрағаттар көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды мұрағаттың құраушы бөлігі. Мұрағатты бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

Мұрағаттаушылардың бәрі мұрағаттаудың негізгі функцияларын орындайды:

 

  1. жаңа мұрағат жасау;
  2. мұрағаттан файлдарды шығару;
  3. бар мұрағатқа файлдарды қосу;
  4. өзі шешілетін мұрағат жасау;
  5. көптомды мұрағат жасау;
  6. зақымдалған мұрағатты толық немесе жартылай қалпына келтіру;
  7. мұрағатты бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Мұрағатты әзірлеу үшін жетектегішті ашып, мұрағатталуы тиіс файлды табамыз. Оны тінтуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірден Мұрағаттқа үстеу әмірін таңдаймыз. Мұрағаттаушы бағдарламаның Мұрағаттың аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған мұрағаттық файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

Қажет болса, мұрағаттаушы бағдарлама терезесінде мұрағаттық файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.

 

 

Мұрағатталған файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, мұрағаттық файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында мұрағаттан бөліп алынған файлдар пайда болады.

 

 

  1. Бекіту кезеңі.

Компьютермен жұмыс.

  1. Әр оқушы жұмыс орындағы компьютерде өзінің бумасын мұрағаттау.
  2. Мұрағатталған файлмен алдыңдағы бума көлемін салыстыру.

 

  1. Мұрағатталған файлды мұрағаттан алу.
  1. Қорытындылау.

Сұрақтар:

  1. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
  2. Мұрағат дегеніміз не?
  3. Файлдарды мұрағаттау не үшін қолданылады?
  4. Көптомды мұрағат дегеніміз не.
  5. Мұрағаттан бөліп алу дегеніміз не?
  6. Мұрағаттаушылардың түрлерін атаңдар.
  7. Мұрағаттаушылардың міндеттерін атап шығындар.
  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.