ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР

44

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР»

Мұсаева Гаухар Ерғалиқызы Ақтөбе қаласы  №1 кәсіптік лицей,

өндірістік оқыту шебері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   оқушылардың информатика пәні бойынша  білімдерін жүйеге келтіріп, практикалық жұмыстар жасау кезінде олардың біліктері, жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және әртүрлі компьютерлік программалармен жұмыс жасауды ары қарай дамытуға септігін тигізу

Сабақтың түрі: бинарлы  сабақ

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс,бейне әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, проектор, практикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Таныстыру

Командаларды таныстыру, эмблема қорғау, үй тапсырмасы.

Оқушылар «Интернет», «Компьютер» болып екі топқа бөлінеді. Әр топтың үй тапсырмасы жеке папка дайындау. Ішінде өткізілген тақырыптарға арналған практикалық тапсырмалар жасалған.

ІІІ.  «Кім білімпаз?» сайысы.

Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. әр жауап 5 балл

«Интернет» тобы

  1. Аты бар байттар тізбегі
  2. Адам мен монитор арасында қашықтық қанша болу керек?
  3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал.
  4. Электрондық кестенің ең кіші элементі
  5. Windows сөзінің аудармасы
  6. КомпактДиск оқу құрылғысы
  7. Стандартты бағдарламалар
  8. Microsoft фирмасын құрған адам
  9. Электрондық кестенің жұмыс аймағы
  10. Пернетақта қандай құрылғы

Жауаптары:

  1. файл
  2. 50-70см
  3. жүйелік блок
  4. ұяшық
  5. терезе
  6. СD-ROM
  7. блокнот, ойындар, Word Pad, калькулятор т.б.
  8. Билл Гейтс
  9. кітап
  10. енгізу

 

«Компьютер» тобы

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
  2. Сурет салуға арналған программа
  3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа
  4. Келесі жолға өту пернесі
  5. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама
  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс
  7. Екілік жүйесінің сандары
  8. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі
  9. Компьютердің миы?
  10. Вирустың кері әсерін жоятын программа?

Жауаптары:

  1. бит
  2. Paint
  3. калькулятор
  4. Enter
  5. Microsoft Word
  6. Интернет
  7. 01
  8. Интерфейс
  9. Процессор
  10. Антивирус

 

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Келесі сайыс әр топтан 3 оқушы шығып практикалық тапсырмалар орындайды.

Пратикалық тапсырма №1 Кесте құру

Күндер

Сабақтар

Дүйсенбі Сенбі Сәрсенбі
1 –сабақ Математика Қазақ тілі Математика
2- сабақ Орыс тілі Ағылшын тілі информатика

 

Ауы райы Күндіз Түнде
Жұма                 -1…-3

 

-1…-3
Сенбі 0…-2 -3…-5
Жексенбі -1…+1 -1…-3

 

 

МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН
МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН
МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН
МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН МӘТІН

Практикалық жұмыс №2

  1. Excel редакторын іске қос.

 

  1. Төменде келтірілген апталық шығынға жұмсалған ақшаны есептеу кестесін құр.

 

А B C D E
1
2 Апта күндері Азық-түлік Шаруашылық бұйымдары Ойын-сауық Бір күндік қорытындысы
3 Дүйсенбі 125,25 85,45 10,1
4 Сейсенбі 27,7 35,35 12,12
5 Сәрсенбі 79,52 45,5 27,7
6 Бейсенбі 55,55 127,7 12,12
7 Жұма 234 17,6 88
8 Сенбі 17 23 32
9 Жексенбі 238 17 0
10
11 Барлығы

 

  1. Е3 ұяшығына көшіп мына формуланы енгіз:

=В3+С3+D3 ENTER  пернесін енгіз.

=В4+С4+D4 ENTER  пернесін енгіз.

=В5+С5+D5 ENTER  пернесін енгіз.

=В6+С6+D6 ENTER  пернесін енгіз.

=В7+С7+D7 ENTER  пернесін енгіз.

=В8+С8+D8 ENTER  пернесін енгіз.

=В9+С9+D9 ENTER  пернесін енгіз.

 

  1. В11 ұяшығына Е сумматор көмегімен қосынды орында С11, D11 ұяшығына да сол команда орындалады.

 

  1. Осы мәліметтерді пайдаланып диаграмма құр.

 

 

 

Ү.  «Сен білесің бе?» сайысы

  1. Принтердің түрлерін ата
  2. Paint редакторын іске қосу амалы
  3. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға?
  4. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым?
  5. “Компьютер атасы”деп кімді атаған?
  6. Компьютерлік жүйе құрылымы?
  7. Компьютерлердегі мәліметтерді кодтау кезінде қандай символдар қолданылады?
  8. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім?

Жауаптары.

  1. Құйылмалы,  лазерлік, лазерлік.
  2.  Пуск – Программы —  Стандартные — Графиктік редакторPaint
  3.  Провайдер
  4. Информатика
  5.  Чарльз Беббидж
  6.  Архитектура
  7.  Екілік,
  8.  Ада Лавлейс
  • Назарларыңызға көп рахмет! Келесі сайыс

ҮІ. . Полиглот

«Интернет» тобына

  1. Графиктік курсормен басқарылатын құрылғы?
  2. Компьютер бұл мамансыз жұмыс жасамайды?

3.Графиктік ақпараттарды дайындау мен өңдеуге арналған программа?

4.Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді.

  1. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкене күн көзін.

«Компьютер» тобына

  1. Ақпараттың қайнар көзі.

2.Латынның түсіндіру, баяндау деген ұғымы

  1. Өнер алды қызыл …
  2. Батырмалы енгізу құрылғысы
  3. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы …

ҮІІ. Дебат сайысы «Компьютердің пайдасы мен зияны» әр топтан оқушы шығып компьютердік пайдасы мен зияны туралы ақпарат айтады.

ҮІІІ. Капитандар сайысы. Капитандарға «Программаланбағандықтан» деген сөз беріледі. 1 минут ішінде бірнеше сөз құрау керек.

ІХ. Қорытынды. Алған баллдары бойынша әділ-қазы мүшелері қорытынды шығарып жеңімпаз топ марапатталады.

Х. Үй тапсырмасы: Microsoft Office  бағдарламасын қайталап оқып келу.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!