WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi

78

Күні:

Бекітемін:                            Журасова Б. Ш.

Тақырып: WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi.

Мақсат:

Білімділік – Оқушыларды WORD мәтіндік редакторымен таныстыру. Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары  туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда    жұмыс істеуді, терезе элементерін қолдану тәсілін  үйрету

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен  жұмыс жасау  дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты  оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: топтастыру арқылы, түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап,оқушылар өзін-өзі бағалауы

Құрал-жабдықтар компьютер

 

Сабақ барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.  

  • Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
  • Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?

Paint, PainBrush, Painter, Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint жатады.

  • Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?

CorelDraw, Adobe Illustrator

  • Растрлық және векторлық графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен

және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр

пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады .

  • Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз?

Бояулар палитрасы, сия бүріккіш, қылқалам, қалам, өшіргіш, сызық, төртбұрыш, қиып алу.т.с.с

   3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

1.Қызығушылықты ояту:

Сөз жұмбақ шешу

  1. Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?
  3. Ағылшын тіліде сөз не деп аталады?
  4. Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
  6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен қосуға болады. Ол үшін келесі команданы орындаймыз:

ПускВсе программы — Microsoft Office — MS Word.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. MS Word терезесінің негізгі элементтері барлық  Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі редактор терезесінің жоғары бөлігіне негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

Құжаттарды қалай сақтаймыз?

1.Файл- қалай сақтау керек — файл атын енгіземіз -жарайды

батырмасын шертеміз

2.Файл-сақтау

Құжат беттерін қалай  номерлейміз?

Қою – бетті номерлеу –бетке номер қоятын жерді белгілеу

Мәтінді көшіру командасын атаңыз?

Басты – көшіру, басты – қою

Немесе пернелер қосындыларымен:

Мәтінді көшірместен бұрын сол мәтіннің көшірілетін бөлігін белгілеп аламыз, ол SHIFT пернесін басып тұрып, меңзердің оңға-солға,төмен-жоғары – түсіретін басқару пернелерін басамыз, сонда бізге керек қана мәтін бөлігі белгіленеді. CTRL+C – мәтінді көшіру, ал CTRL+V- мәтінді қою.

«Стандартты құрал –саймандар» тақтасы

MS Word пен  жұмыс істей отырып  екі құрал-саймандар тақтасын   пайдалана аламыз.

—  Стандартты

—   Форматтау

Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, албатырмадағы сурет  команданың  мазмұнын көрсетеді. Батырмамен  байланысты команданы  шақыру үшін  осы батырмаға  тышқанмен шерту қажет. Егер  тышқанның сілтемесін  батырмаға қойсаңыз, жанында  команда аты  жазылған жақтау  шығады.

«Стандартты» құрал –саймандар
тақтасының батырмалары

  • Құжат құру
  • Ашу.
  • Құжатты сақтау.
  • Баспа.
  • Буферден қою
  • Буферге көшіру
  • Буферге жіберу
  • Басылымды қарап шығу.
  • Болдырмау (соңғы операцияны болдырмайды).
  • Қайталау

Мәтінді форматтау

Мәтінді форматтауға мыналар жатады:

  • әр түрлі қаріптерді пайдалану;
  • құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары төменгі өрісін айқындау.
  • мәтінді бағандарға бөлу;
  • символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
  • Мәтінді форматтау үшін Форматтау Формат мәзіріндегі Қаріп   диалогтік терезесін  қолданамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форматтау құралдар тақтасында
қаріп пішінін таңдау батырмалары

  • Қаріп типтері.

 

  • Қаріп өлшемі.
  • Қоюлатылған жазу
  • Көлбеулік жазу
  • Асты сызылған жазу
  • Туралау батырмалары
  • Қаріп түсі

Мәтінді аяқтап, терезені жабу

Мәтіндік  процессор  жұмысын дұрыс аяқтау

 үшін  келесі  әдістерді  қолдануға болады:

  • Файл – Шығу (Выход) командасын таңдау;
  • Alt + F4 батырмалар  комбинациясын  басамыз;
  • Word программасының  атаулар  жолының  оң жақтағы  жоғарғы  жабу  батырмасын шерту арқылы.
  • Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер  сақталмаса, экранға  диалогтік  терезе шығады.  Осы диалогтік терезе арқылы  файлдағы  өзгерістерді  сақтай аласыз (жауап – Иә (Да),  өзгерістерді  сақтамайсыз (жауап –Жоқ (Нет) немесе редакциялауды  жалғастырасыз (Болдырмау (Отмена).
  • Горизонталь сызғышта  үшбұрыштар  орналасқан. Бірінші жолдың  маркері  (1),  абзацтың сол (2) және  оң (3) шекараларының  маркері  берілген.
  • Оларды  тышқанның  көмегімен  абзацтың  сәйкес  параметрлеріне  өзгертуге болады.
  • Айналдырудың (Прокрутка) горизонталь  жолының  сол жақ  бөлігінде  бейнелеу  режімін  таңдау  батырмасы  

Тақырыпты бекіту:

1.Тапсырма

№1: Құжаттарды қалай сақтаймыз?

(1. Файл- қалай сақтау керек — файл атын енгіземіз -жарайды батырмасын шертеміз2.Файл-сақтау)

№2: Құжат беттерін қалай  номерлейміз?

(Қою – бетті номерлеу –бетке номер қоятын жерді белгілеу )

№3: Мәтінді көшіру командасын атаңыз?

(Басты – көшіру, басты – қою)

2.«Қай топ шапшаң?»

Сурет салу құралдарын пайдаланып орында

 

3.Адасқан терезе элементтерінің орнын табыңдар.

 

4 «Қай топ мәтін «жазғыш»?». Мәтінді теріп болып оны әрбір топ өз атауларымен сақтайсыңдар.Қаріп өлшемі-14, қаріп типі-TIMES  NEW ROMAN. Сол жақ шеті бойынша туралау.

  1. Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
  2. Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
  3. My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.

 

5.Мәтінді түзету, түрлендіру

Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.

2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.

3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса.

 

 

 

5)  Жаңа тақырыпты бекіту

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. MS Word процессорын қалай іске қосуға болады?
  2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?
  3. Форматтау тақтасына қандай операциялар жатады?
  4. Жаңа MS Word құжатты қалай ашады:
  5. MS Word құжатын қалай сақтауға болады?

 

6)Сабақты қорытындылау және бағалау.

Қорытындысында қай топ көбірек балл жинайды, сол топ ұтқаны және де жақсы бағаланады.

7) Үйге тапсырма

WORD – пен танысу