«Компьютерлік графика және видео бағдарлау пакеттерінің еңбек нарығында қажеттілігі» тақырыбында 10-сыныптар үшін қолданбалы курстың бағдарламасы

146

«Компьютерлік графика және видео бағдарлау пакеттерінің еңбек нарығында қажеттілігі» тақырыбында 10-сыныптар үшін қолданбалы курстың бағдарламасы

Түсініктеме хат

Елбасымыз  «Интеллектуалды ұлт-2020»  ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруға тиіс деп оны талдап берді.Оның біріншісі — білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсуді қарастырады.

Қазіргі кезде әрбір сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен білімнің тасқынынан өзімізге керектісін іріктеп алу оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа енгізу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Осыған байланысты білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.

Курстың материалдары  пәннің міндетті мазмұнын қайталамайды және математикалық-жаратылыстану  бағытында жасалған.

Еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуы және келешекте мамандық таңдауларына қажетті практикалық жұмыстар енгізілген.Курс іскерлік ойындар,мини-лекция, мастер-класс  түрінде өткізіледі.

 

Курстың мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Курстың міндеттері:

  1. Ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілеттілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,оқушыларға болашақта қажетті бағдарламалар мүмкіндігімен таныстыру.
  2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету.

Нәтижелер:

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизімін құру;

 

 

 

-біздің еліміздегі және шетелдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жеделену;

Курсты жүргізу түрі:

  1. Лекция;
  2. Мини-лекция
  3. Мастер-класс;
  4. Мини-конференция;
  5. Практикалық жұмыс;

Қажетті техникалық құралдар:

  1. Дербес компьютер;
  2. Сандық бейнекамера;
  3. Сандық фотокамера;
  4. Көшірме аппараты;
  5. Сканер;
  6. Принтер

 

 

 

Оқу пәнінің базалық мазмұны

(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)

1.Кіріспе(2 сағат)

Ақпараттық қоғамдағы еңбек нарығы туралы жалпы түсінік.

2.Ақпарттық технологиялар ортасында  техникалық құралдармен жұмыс(1 сағат)

Қазіргі заман кеңселерінің жұмыс орындарындағы техникалық жабдықтары;

Графикалық ақпараттарды енгізу-шығару құрылғылары.

Мультимедиа ортасы.

3.Компьютерлік графика(12 сағат)

Adobe Photoshop  программасының мүмкіндіктері. PhotoScape   Setup- V3.3 және Photo- Dreам програмаларымен  эффекті жасау.

4.Видео  бағдарлау пакеті. (19)

Windows Movie Maker және  Pinnacle

 

 

Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары

р\с Тақырыбы Сағат саны Сабақтың түрі
1 Ақпараттық қоғамдағы еңбек нарығы туралы жалпы түсінік. 1 Анкета жүргізу
2 Іскерлік ойын «Қалай еңбек нарығында  бәсекеге қабілетті бола аламыз ?» 1 Топтық жұмыс
3 Ақпараттық технологиялар ортасында техникалық құралдармен жұмыс 1 Практика
4 Компьютерлік графика: векторлық, растрлық 1 Лекция 
5 Adobe Photoshop  программасының  құралдарымен танысу 1 практика
6 Adobe  Photoshopобьектіні өзгерту. 1 практика
7 Мәтін эффектілері. Эмблема жасау 1 практика
8 PhotoScapeSetup- V3.3 және Photo- Dream Эффекті жасау. 1 практика
9 Күрделі бейнелер құру. 1 практика
10 Gif-анимация құру: кадр, кадрлармен операциялар жасау. 1 практика
11 Комбинация , пакеттік редактор бөлімінде жұмыс 1 практика
12 Коллаж жасау 2 практика
13 «Мерекелік   ашық журнал»  макетін  құру  жобасын қорғау. 2 практика
14 Видео  бағдарламаларымен танысу. Windows Movie Maker және  Pinnacle 1 Мастер-класс
15 Windows Movie Maker программасы.анимациялар жасау . 2 Практикаконференция
16 Видео ролик жасау және сақтау. 2 лекцияпрактика
17 Файл және конвертермен жұмыс.Alive Video Converter 2 лекция
18 Сандық камераның видео сюжетін қию 2 практика
19 Windows Movie Maker програмасында роликтер жасау 2 практика
20 Windows Movie Maker 1 Жоба қорғау
21 Pinnacle программасын орнату және ерекшеліктерімен танысу. 1 Мастер -класс
22 Pinnacle программасында альбом жасау. 2 практика
23 Pinnacle программасында меню жасау және әртүрлі форматта сақтау әдістері. 2 практика
24 Pinnacle программасында роликтер жасау және қорғау. 2 практика
25 Шығармашылық жұмыс 1 практика
26 Қорытынды сынақ. 1

 

Мұғалім үшін әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы 2011ж №5
  2. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері//Қазақстан мектебі  2006 ж №3 17-18 б
  3. Мультимедиа технологияларын қолдану туралы// География және табиғат 2008 ж№3
  4. Мадигалиев «Графикалық редакторлардың мүмкіншіліктері»//Информатика негіздері журналы 2012 ж №4 24б

 

 

Оқушы үшін әдебиеттер:

  1. А.Е.Сағымбаева Компьютерлік графика оқулығы 2007 ж
  2. Порев И «Компьютерная графика»// 2002 ж 47-49 б