Асан қайғы

 

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы

Мақсаты: жырау өмірінен мәлімет алады, «Еділ бол да, Жайық бол»  толғауымен танысуға уақыт беріледі.

Міндеттері:

  1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет алады, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашып, толғау туралы түсініктерін кеңейтеді.
  2. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады, поэзияны түсініп, сырына үңіледі.

3.Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды.

Сабақ типі:  аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру :

Амандасу, түгелдеу, топқа бөлу(түрлі-түсті кеспе қағаздар арқылы 4 топқа бөлу).

А. Қызығушылықты ояту. 14 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жыраулар поэзиясы. (Төрт топқа берілетін тапсырма.)

  1. (Көк түс). ХҮ –ХҮІ ғасыр. Жыраулар поэзиясының ұлттық сипатта қалыптасуы. Жырау деген кім?

 

  1. (Қызыл түс). Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы. Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

 

3.(Сары түс). Жыраулық  өнердің басында кім тұр, әрі қарай кімдер  жалғастырды? Қандай жырауларды білесіңдер?

 

  1. (Жасыл түс). Жыраулық дәстүрдің бір белгісі — толғау. Толғау қандай сипаттағы шығарма?

 

ІІІ. Білімді тексеру:

 

«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы.

 

Жіңішке сұрақтар

 

Жалпақ сұрақтар
1. Ежелгі дәуір әдебиетіне қай ғасырлар жатады ?

2.Оғыз тайпасының ұлы данышпаны кім болған ?

3. «Оғыз-нама» дастаны алғаш қалай тарады?

4. А.Йасауидің шығармасы қалай аталады ?

1. Күлтегін кім?

 

2. «Тоныкөктің» өлеңі туралы не білеміз?

3. «Оғыз-нама» дастаны туралы айт?

 

4. «Диуани хикмет» шығармасы туралы мәлімде.

 

 

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық:  

(Балалар, біз өткен сабақта жыраулар поэзиясымен таныс болдық. Біз жыраулар поэзиясының кімнен бастау алатынын білдік. Яғни, ол – Асан қайғы. Асан қайғымен біз 5-сыныпта «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі» деген тақырыбын өткенде таныс болғанбыз. Енді біз Асан қайғымен тереңірек танысатын боламыз.)

1  Асан қайғы деген кім?     

  1. Оның Асан қайғы аталуына не себеп болды?
  2. Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер?
  3. Асан қайғының арманы не еді?
  4. «ББҮ» кестесі.
БілемінБілгім келедіҮйрендім
 

 

  

 

Ү. Жаңа сабақ: 

Ә. Мағынаны тану: (Постермен жұмыс.) 12 мин..

 

  1. «Джигсо І» стратегиясы.

 

1-топ. Бірінші, екінші абзац.(Өмірі, қызметі.)

 

2-топ. Үшінші абзац. (Асан қайғының шұрайлы қоныс іздеуі.)

 

3-топ. Төртінші абзац. (Әбілхайыр ханның берген асын басқаруы.)

 

4-топ. Бесінші абзац. «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңінің мазмұны.

_________________________________________________________________

 

(Еділ бол да, Жайық бол,

 Ешкімменен ұрыспа, —

деген ақыл айтады. Асан қайғы адамдар бір – бірін бағалай білулері керек деп ойлайды. 

Ердің құны болса да,

 Алдыңа келіп қалған соң,

 Қол қусырып барған соң,

 Аса кеш те қоя бер,

 Бұрынғыны қуыспа, —

деп, кешірімді болуға, жаман адамнан алыс жүріп, жақсы адаммен дос болуға, «әркімменен ұрыспауға», әсірес  дау-дамай, ұрыс-жанжалдан бойларын аулақ ұстауға шақырады. Адамдардың қадірлі болуы тікелей мінезіне байланысты, өз-өзін тежеп, сабырлы болса, адам өз құнын арттыратынын айтқан.)

 

__________________________________________________________________

 

ҮІ. ЖСТТ:

ІІІ. Ой – толғаныс. 19 мин.

  1. «Екі жақты күнделік» статегиясы. (Бұл стратегияны орындау барысында «Дана үкілер» стратегиясы арқылы алған үзіндісін талдайды. )

 

    Шығармадан үзінді                 Өз пікірім

 

  1. (Қызыл түс.) Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар.
  2. (Сары түс.) Иллюстрациялық бейнелеу (сурет, сызба арқылы көрсету)
  3. (Көк түс.) Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады?
  4. (Жасыл түс.) Талқылауға болатын, ерекше көңіл бөлуге болатын пікір табыңыздар.

 

2.Толғауды талдау (Мұғалім сөзі.)

ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б.
Ал жалқы есімдер қатарын Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау, Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б.

Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау.
Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:
Еділ бол да,

Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)

  1. Мәтінмен жұмыс: (Жұмыс дәптермен жұмыс. Осы сәтте Асан қайғының «Желмая» күйі орындалады.)

Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық

Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай

Болымсыз етістіктер: ұрыспа, тұрыспа, куыспа, жуыспа, суыспа.

Фразеологизм: желке терісі құрысу – араздасу

Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора)

ҮІІ. Бекіту:

Топтастыру.

 

 

 

3 минуттық эссе: Толғаудың маңызы неде?

 

Рефлексия.

 

«Ұйқасын тап» (Егер уақыт болса, орындаймыз.)

Адамдықты толғап өткен бұрыннан,

Жырау деген – қасиетті  .

Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,

Асан қайғы – неткен ғажап   .

 

Бағалау:

ҮІІІ.  Үйге тапсырма:

  1. «Еділ бол да, Жайық бол» толғауын жаттау.
  2. «Тұжырым» кестесін толтыру.